Accessibility links

"Уәдең қайда, Тоқаев?" Алматы мен бірнеше қалада өткен митинг

Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топтың ұйымдастыруымен 13 қыркүйекте Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Семейде халыққа несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, жерді шетелдіктерге сатпау талабымен жергілікті әкімдік келісімін берген митинг өтті. Тағы бірнеше қалада билік митингіге рұқсат етпеді. Алматыдағы шараға 200-ге жуық адам қатысты.

Тағы

16x9 Image

Пётр ТРОЦЕНКО

Пётр Троценко - Азаттықтың Алматы бюросының тілшісі. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Журналистік карьерасын "Уральская неделя" басылымында, "Инкар-инфо" интернет радиосында бастаған. 2007-2016 жылдары Алматыдағы, Нұр-Сұлтандағы, Оралдағы, Тараздағы және Ақтөбедегі басылымдарда жұмыс істеген. 

16x9 Image

Аян ҚАЛМҰРАТ

Аян Қалмұрат - Азаттықтың Алматы бюросында 2017 жылдан бері тілші. Тұран университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрындары 7kun.kz ақпарат агенттігі мен "Жас Алаш" республикалық қоғамдық-саяси газетінде жұмыс істеген. 

 

16x9 Image

Дилара ИСА

Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

16x9 Image

Жаңагүл ЖҮРСІН

Жаңагүл Жүрсін - Азаттықтың Ақтөбе облысындағы тілшісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық телевидениесінен бастап, әр жылдары осы өңірдегі түрлі БАҚ-та тілші, редактор, бас редактор қызметін атқарған. Азаттықпен 2011 жылдан бері әріптес.

16x9 Image

Елена ВЕБЕР

Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

16x9 Image

Хадиша АҚАЕВА

Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG