Тоқаев Дариға Назарбаеваның өкілетін неге тоқтатты?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент спикері Дариға Назарбаеваның өкілетін тоқтатқанын саясаттанушылар «билік транзитіне әсері бар қадам» деп санайды. Бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин «саяси дағдарыс» деп есептейді.
Мақтарал ауданында елді мекендерді су алып, төтенше жағдай жарияланды
2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтіп, бірнеше ауылды су алды. Билік "бес мыңнан астам адам қауіпсіз жаққа эвакуацияланды" деп хабарлады. Жұма күні тұрғындардың кейбірі Өзбекстандағы жағдайды естіп, өз бетімен кете бастаған.
Ивар Дале: Қарсыласуға мүмкіндік жоқ кезде митинг туралы заңды қабылдап жібермек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа түрлі елдердің 25 құқық қорғау ұйымы жолдаған хатта парламент мәжілісі мақұлдаған бейбіт жиындар туралы заң жобасының халықаралық стандарттарға сай емесін айтып, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ға сараптамаға жіберуді ұсынған. Азаттық хатқа қол қойған Норвегия Хельсинки комитетінің өкілі Ивар Далемен сұхбаттасты.
Мемлекеттен көмек алуы тиіс кәсіпорындар "тізімін" қайта талқыламақ
Төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалғаны үшін биліктен көмек алуы тиіс 361 компанияның тізімі желіде жарияланып кетті. Үкіметтен көмек алғысы келетін кәсіпорын, фирма, холдингтер арасында Forbes журналының байлар тізіміне енген қазақстандықтардың да бизнесі бар. Ұлттық экономика министрлігі мен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы бір-біріне сілтеп, “мемлекеттік комиссияның мақұлдауына ұсынылған компаниялар тізімін біз жасаған жоқпыз” деп отыр.
Коронавирус пен карантин әдебиетке әсер етті ме?
Қазақстанда коронавирусқа байланысты наурыздың ортасында жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 2800 адамнан асты. Бұл жағдай Қазақстандағы әдеби өмірге қалай әсер етті? Коронавирус тақырыбында не жазылды? Ақын-жазушылар карантинді қалай өткізіп жатыр? Азаттық әдебиет өкілдерінің пікірін сұрап көрді.
42 500 теңге көмектің артында жұмыссыздарды азайтып көрсету саясаты тұр ма?
Бірыңғай жиынтық төлем (орысша - ЕСП) төлеп, 42 500 теңге алғандарды үкімет "өздерін кәсіпкер ретінде растағандар" деп есептейді. Сарапшының сөзінше, мұның артында биліктің "жұмыссыздар санын қысқартып көрсету саясаты жатыр". Ал түрлі жерде келісімшартсыз жұмыс істеген тұрғын "үкімет әуелде ескертпеді" дейді.
ПІКІРЛЕР