Accessibility links

Аптаның үздік жеті хикаясы


Әйелдер колониясы. Көрнекі сурет
Әйелдер колониясы. Көрнекі сурет

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Ықтияр хат пен азаматтық арасындағы сергелдең

Қазақстанда бір жылға берілген оралман куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты азаматтық ала алмай жүрген мыңдаған адам бар. Олардың көбі – Қытайдан қоныс аударған этникалық қазақтар. Толығырақ Нұртай Лаханұлының мақаласынан оқып біліңіздер.

"Өлі разы болмай..."

"Ашыққан дала: аштық, зорлық-зомбылық және советтік Қазақстанды құру" атты кітап 2018 жылдың соңында жарық көрді. Автор Сара Кэмерон қазір еңбегін қазақ және орыс тілдеріне аударумен шұғылданып жатыр. Жай әуестіктен басталған ізденіс америкалық тарихшы үшін 10 жыл өмірін арнаған іске айналды. Азаттықпен сұхбаттасқан Сара Кэмеронның тұжырымдарын сөзбе-сөз, тұтас күйінде оқыңыз.

Назарбаев неге ашуланды? "Жастар жылы" не береді?

AzattyqLive хабарында соңғы аптада қоғам назарын аударған – Назарбаевтың үкімет жиынында министрлерді сынауы, "Зұлмат" деректі фильмінің көрсетілуі, өткен аптадағы "Жастар жылының" салтанатты ашылуы тақырыптары талқыланды. Хабарға саясаттанушы Айдос Сарым қатысты.

Шыңжаңда үйқамаққа түскендердің тағдыры

Қытайда туыстары қысымға ұшыраған қазақтар екі топтың мәселесін жиі көтереді. Біріншісі – саяси үйрену лагеріне түскендер, екіншісі – үйқамақта отырғандар. Азаттық Шыңжаңдағы саяси үйрену лагерьлері туралы үнемі жазып келеді. Бұл жолы үйқамақта отырғандар туралы жаңа ақпарат ұсынады.

Бұрынғы тұтқын: Түрме тозағынан құтылдым​

Азаттыққа құқығы бұзылғаны туралы шағымданып, қоңырау шалғаннан кейін бостандыққа шыққан әйел "түрмедегі адам төзгісіз жағдай жайлы" айтып берді.

Қария мен теңіз

Фильмде Арал теңізінің шағын бөлігі - Кіші Аралдың тола бастағаны сөз болады. 1950 жылдары Арал теңізінде балық аулаған қария Өмірзақ Оспанов теңіздің тартылғанын да, балықшылардың кәсібін тастап, өзге өңірлерге көшкенін де көрген. Тұтас дәуірдің куәсіне айналған қария Кіші Аралдың оралғанына шүкіршілік етеді, көшіп кеткендердің қайта оралып, теңізге шыға бастағанына қуанады. Үлкен Арал теңізі де қайта оралар деп үміттенеді. Арал ауданы Бөген және Қарашалаң ауылы балықшыларының тыныс-тіршілігі, Кіші Аралды Үлкен Аралдан бөліп тұрған Көкарал бөгетінің бүгінгі күйі – фильмнің негізгі тақырыбы.

Жікшілдің құрбаны ма, кездейсоқ қаза ма?

Шалқарда адам қолынан мерт болған жасөспірім Мирасбек Дәулетиярдың өлімі қаладағы қылмыстық ахуал мен оқушылардың топтасып төбелесуі сияқты қордаланған мәселелерге қоғам назарын қайта аударды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG