Ортақ кандидат па, әлде бойкот па? Оппозицияның сайлау жайлы пікірі екіге жарылды
Кезектен тыс президент сайлауына "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан қатысатын Әміржан Қосановты кейбір азаматтар билікке балама кандидат ретінде қарастырса, кейбірі оның “оппозицияның ортақ кандидаты еместігін” алға тартады. Елде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталғанда бірқатар оппозиция өкілдерінің “Халық құрылтайын” жинайтыны хабарланды. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Жетеудің үшеуі дебатқа дайын. Қалғаны үнсіз
Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттар арасында жақында тікелей эфирде дебат өтуі мүмкін екенін хабарлады. Кандидаттардың кейбірі билік партиясынан саяси бәсекеге түскен қазіргі президенттің теледебатқа қатысқанын қалайды. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Түк өзгерткісі келмейтін кандидат тартымды ма?
Нұрсұлтан Назарбаев наурызда өкілеттігін тоқтатқанда билік бейбіт әрі тиімді түрде Қасым-Жомарт Тоқаевқа тие қалатындай көрінген. Бірақ күтпеген кедергі де пайда болған сияқты. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Макс Боқаев: "Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті"
Осыдан үш жыл бұрын, 2016 жылы мамырдың 17-сі күні атыраулық белсенді Макс Боқаев қамауға алынған. Жер митингісі кезінде көзге түскен Боқаев 2016 жылы қарашада "әлеуметтік араздық тудырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу заңын бұзды" деген айыппен бес жылға сотталды. Ақтөбеде түрмеде отырған белсенді Азаттыққа сұхбат беріп, қазіргі жағдайы, елдегі саяси өзгерістер туралы айтты. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Нұр-Сұлтандағы наразылық: Форум, автобустағы шенеуніктер, аналар талабы
Мамырдың 16-сы күні Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар Тоқаев пен Назарбаев қатысып жатқан Астана экономикалық форумына келіп, ғимарат алдында билікке талаптарын айтты. Аналар алдына шыққан министр мен қала әкімі наразыларды форум өтіп жатқан жерден автобуспен әкімдікке алып кетті. Билік өкілдері "аналардың мәселесін шешуге уәде берсе", аналар "уәдеден шаршағандарын" айтады. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Билік кандидатының тегі жазылған киімдегі шәкірттерді қай шараға дайындады?
Ақтөбеде билік партиясынан президенттікке кандидаттың тегі мен сайлау ұрандары жазылған жейде киген оқушылардың қатысуымен өткен дайындықты мектеп басшысы "сайлаудан басқа" шараға әзірлік деп түсіндірді. Кандидаттың штабы бұл шараға қатысы жоқ екенін айтады. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Аслан Сагутдинов: "Егер өзгермесек, жағдай нашарлай бермек"
"Шындықтан қашып құтылмайсың" баннері үшін жазаланған белсенді Бейбарыс Толымбековті мамырдың 17-сі күні әскерге алып кетті. Толымбековтің әскерге баруды кейінге қалдыру өтініш орындалмады, ал құқық қорғау ұйымдар белсендінің қауіпсіздігіне алаңдады. Толымбековтің ізінше оралдық белсенді Аслан Сагутдиновті де әскерге шақырып жатқаны белгілі болды. Ол бұған дейін жазуы жоқ ақ плакатпен акция өткізіп, халықаралық БАҚ-тың назарына ілінген. Азаттық белсендіден сұхбат алды.
ПІКІРЛЕР