Сайлаудан кейінгі бір жыл. Тоқаев Назарбаевтың көлеңкесінен шыға алды ма?
Былтыр өткен ерте президент сайлауының ресми жеңімпазы деп жарияланған Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президенттің сөзінен аса алмайтын, екінші пландағы актер болады деп топшылағандар Қазақстанда да, шетелде де көп еді. Елді 30 жылға жуық басқарған бұрынғы президент өз адамын орнына қалдырудан басталған қазақстандық "билік транзитінің" бір жылы нені аңғартты?
"Тоқаев, талабымызды орындаңызшы!" Полиция министрлік алдында түнеген наразы әйелдерді әкетті
Нұр-Сұлтанда жиырмаға жуық көп балалы әйел маусымның 8-і күні Министрлер үйіндегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдында билікке талаппен "үнсіз наразылыққа" шығып, сол жерде екі күн түнеді. Оларды маусымның 10-ы күні полиция әкетті.
"Жарты сағат талқылап, жарты ғасырға жалға берді". Іле Алатауы ұлттық паркінің жері кімге өтті?
Мамырдың соңында Алматының іргесіндегі Іле Алатауы ұлттық паркіне тиесілі жердің бір бөлігін (бұл аумаққа Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан шатқалы, Асы үстіртінің учаскелері мен басқа да жерлер кіреді) мемлекет жекеменшік компанияға 49 жылға жалға бергені белгілі болды. "Сенімді басқару" шартымен пайдалануға берілген жердің жалпы көлемі - 35 гектар. Ұлттық меншік саналатын аумақты жалға беру экобелсенділер арасында үлкен резонанс туғызды. Азаттық тілшісі жобамен жақынырақ танысып, билік шешіміне белсенділер неге қарсы екенін анықтап көрді.
БҰҰ өкілі Клемент Вуле: Құқығыңызды пайдалану үшін рұқсат керек емес
Қазақстанда бейбіт жиынды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы жаңа заң қабылданып жатқанда халықаралық қауымдастық тарапынан көп сын айтылды. Заң жобасының халықаралық стандарттарға қайшы келетін тұстарын көрсетіп, Қазақстанның қандай міндеттемелері барын еске салған құқық қорғау ұйымдары мен сарапшылар ел билігін даулы құжатты қарауды кейінге қалдыруға шақырды. Заң жобасын сынаушылардың қатарында БҰҰ-ның бейбіт жиын өткізу және қауымдастыққа бірігу құқығы жөнінде арнаулы есеп дайындайтын өкілі де болды. Сәуірде ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады. Азаттық жаңа заң күшіне енгеннен кейін Клемент Вулемен сөйлесіп, пікірін білді. Сұхбат Қазақстанда наразылық акциясына шықпақ болған азаматтарды полиция жаппай ұстаған маусымның 6-сына дейін алынды.
"Экс-президентті қорлады" деп сотталған алғашқы адам. Хасенов ісінің астары қандай?
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап әрі балағаттаған видеосы үшін сот Қарағанды тұрғыны Арман Хасеновтің бостандығын үш жылға шектеді. Ол – Назарбаев президенттіктен кеткен соң Қылмыстық кодекстің "Қазақстанның тұңғыш президентін көпшілік алдында қорлау" бабы бойынша жауапқа тартылған алғашқы адам. Азаттық сөйлескен сарапшылар “бұл бап авторитарлы елдердің әдісі” деп санайды.
"Құжатсыз жүру қажытты". Ауғанстан мен Сауд Арабиясынан келген қазақтардың мұңы
Қазақстанға Ауғанстан мен Сауд Арабиясынан көшіп келген ондаған этникалық қазақ ықтияр хат я оралман мәртебесін ала алмай жүр. Билік олардан сотталмағаны жайлы құжат, қазақ екеніне дәлел сұрайды.
Нұр-Сұлтанда полиция Назарбаев пен Тоқаевты сынағандарды күштеп әкетті
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Еуропа елшіліктері алдына жиналып, Қазақстандағы адам құқығының бұзылмауын талап еткен бір топ адамды алып кетті. Олар 6 маусым күні оппозициялық топтар ұйымдастырған митингіден кейін ұсталып, қамауда отырғандарды босатуды сұраған.
ПІКІРЛЕР