"Қытай келсе…" Вольфрам кен орны маңындағы ауылдың бүгінгі келбеті
Қазақстан Қарағанды облысындағы вольфрам кен орнын игеруге Қытайдан компания шақырды. Бұл компания әлемдегі ең ірі үш кәсіпорынның бірі саналады. Азаттық тілшілері сирек кездесетін металдың мол қоры шоғырланған кен орнына жақын орналасқан ауылға барып, тұрғындардың өңірге Қытай инвесторының келуіне қалай қарайтынын біліп қайтты.
Бұрынғы "компартия қаруларының" қазіргі мерейтойлары
"Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында "Жүз жылдың ішінде қазақтың жоғын жоқтап, мемлекеттің сөзін сөйлеп, елдің мəселесін айтып келе жатқан бірден-бір газетке айналды" деп құттықтаушылар көбейді. Бұл пікірмен келіспейтіндер "совет қуғын-сүргініне үлес қосқанын да ұмытпау керек" деп санайды. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының мақаласын оқи отырыңыз.
"Үйге барсам күйеуім өлтіреді". Қазақстанда әйелге қол көтеру тыйылмай тұр
БҰҰ есебінше, Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400 әйел көз жұмады. Елде әлімжеттік көргені жайлы полицияға арызданатын әйел көбейген. Сарапшылар қоғамда әйелдің рөлін арттырып, отбасында зәбір көрсету қылмысқа теңестірілгенде ғана қол жұмсауды азайтуға болады деп санайды. Азаттық тілшісі Мәншүк Асаутайдың мақаласы.
Қай президенттің ұшағы мықты?
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы үлкен бе әлде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы үлкен бе? Қытай билігі не үшін АҚШ ұшағынан бас тартты? Президенттердің ұшақтарынан дайындалған фотогалереяны көріңіз.
Жайық өзені жойылуға шақ тұр. Экологтар дабылы
Мамандар Қазақстанның батысындағы екі облысты басып өтетін, көлемі жағынан Еуропадағы үшінші ірі өзен саналатын Жайықтың таяздануын экологиялық апатқа балайды. 2019 жылы өзен суының ластануы ең соңғы - бесінші деңгейге жеткен. Қазақстан мен Ресей билігі мәселенің барын мойындағанымен, оны шешуге әрекет қылып отырған жоқ. Жайықтың жағдайы жайлы Азаттықтың мақаласынан оқи отырыңыз.
"Президент күні билейміз". Назарбаевтың мерекесіне студенттерді қатыстырмақ
Алматы орталығында ондаған студент Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне тойланатын мерекеге дайындалып жүр. Алматы әкімдігі студенттердің сабақтан қалып жатқанын мойындайды.
"Қашып кетпесін, қытайша меңгерсін". ICIJ Шыңжаң жайлы құпия құжат жариялады
24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялады. "Телеграмма" деп аталатын құжатта Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлерге қамалатын адамдарды анықтау жолы, саяси тәрбиелеу орталықтарының қалай басқарылатыны жазылған.
ПІКІРЛЕР