Accessibility links

Конгресс құрамы жаңарды


Конгресс құрамы жаңарды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00

Қаңтардың 3-інде АҚШ конгресінің жаңа құрамы жұмысын бастады. Өкілдер палатасы Демократиялық партия өкілі Нэнси Пелосиді конгресс спикері етіп сайлады. Оны 219 конгрессмен қолдап, 192-сі қарсы дауыс берді. 3 қаңтарда Пелоси Мексикамен шекараға қабырға тұрғызуға қаражат қарастырылмаған бюджет туралы заң жобасын қабылдауға уәде берді. Президент Дональд Трамп бұған дейін Мексикамен шекарада дуал тұрғызуға қаржы бөлу туралы талабы орындалмайынша үкімет жұмысы ішінара тоқтайтынын ("шатдаун") мәлімдеген. Ол конгрестен Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу үшін 5,7 миллиард доллар бөлуді сұрап отыр, ал демократтар бұны орындаудан үзілді-кесілді бас тартқан.

XS
SM
MD
LG