Accessibility links

Сайлау һәм наразылық. Шетелдік сарапшылар реакциясы

Арнайы жасақ ұсталғандардың бірін көлікке күштеп салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
Арнайы жасақ ұсталғандардың бірін көлікке күштеп салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Қазақстандағы соңғы оқиғаларды бақылап жүрген шетелдік сарапшылардың пайымдауынша, Назарбаевсыз өткен алғашқы сайлау билікке қарсы наразылықпен есте қалады.

9-10 маусымда Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция президент сайлауына қарсы болған жүздеген адамды ұстады. Бұл оқиға шетелдік сарапшылардың назарынан тыс қалмады. Зерттеушілердің жазуынша, полиция ұстағандардың арасында құқық қорғаушылар, журналистер және шетелдік тілшілер бар.

11 маусым түнде Алматының Төле би көшесінде арнайы жасақтың жастарды қуған видеосы да желіде тарап кетті.

«Биліктің қолдан ұйымдастырған сайлауынан кейінгі кезең постсоветтік елдердің авторитарлы билігі үшін қауіпті уақыт болуы мүмкін. Болотный алаңындағы оқиғаны, Роза революциясын, Сарғылт және Барқыт революциясын еске алайық. Қазақстанда да өзгеріске уақыт келген сияқты» деп жазды АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі, америкалық зерттеуші Уильям Кортни.

Вашингтондағы ұлттық қорғаныс университетінің профессоры, Грузия, Қырғызстан мен Моңғолиядағы полиция қызметін реформалау бойынша сарапшы Эрика Мараттың ойынша, бір ай бұрын Қазақстан билігі жағдайды өзгертіп, қоғаммен диалог жүргізуге мүмкіндігі болған, бірақ қазір жағдай шегіне жетті.

«Қоғам мен полиция арасындағы қақтығыс жағдайды ушықтырды. Кейбір қоғам белсенділері қандайда бір өзгеріс болмайынша тоқтар емес» деді Эрика Марат.

Шотландияның Глазго университетінің Орталық Азия бойынша сарапшысы Лука Анческидің жазуынша, Назарбаев кеткен соң Қазақстан халқы саяси жүйеде өзгеріс болады деп ойлаған.

«Халыққа қолдан жасалған бюллетень мен «оппозиция» кандидатын ұсынды. Назарбаевтың мұрасы – тұрақсыздық пен қанау. Қазақстан тәуелсіздік алғалы 20 жылдан астам уақытта Жаңаөзендегі қантөгіс еске түседі. Ал Назарбаевсыз алғашқы сайлау наразылық, қамау, ұстаумен есте қалады. Ал билік сайлауға басқадай жоспар құрған еді...» деп жазды Анчески Twitter парақшасында.

Human Rights Watch (HRW) ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мира Риттман 10 маусымда жариялаған мәлімдемесінде сайлау күнгі полицияның әрекетін «репрессияға» теңеді.

«Бейбіт митингіге шыққандарды жаппай ұстау Қазақстан үшін таңсық емес. Бірақ бұған дейінгі наразылықтар әлемнің назарына ілінбеген еді. Ал сайлау күнгі митингілерді халықаралық сарапшылар мен шетелдік БАҚ байқады» деп жазды Риттман ұйым сайтына жарияланған мәлімдемесінде.

Риттманның айтуынша, наразылық кезінде полиция шетелдік журналистерді ұстамайтын. Бірақ 9 маусымда Алматыда полиция AFP тілшісі Крис Риклтонды ұстады.

HRW зерттеушісінің дерегінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігі араласқан соң полиция Риклтонды босатқан. Сайлау күні полиция Азаттық тілшілерін де ұстап, кейін қайта босатқан.

Мира Риттман 9 маусымда Алматыдағы Астана алаңында полиция норвегиялық Хельсинки комитетінің өкілі Мариус Фоссумды да ұстап, босатқанын еске салды.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен кездесуде халықтың айтқанын тыңдап, келіссөзге дайын екенін айтты. Бірақ полиция халыққа бейбіт түрде талаптарын айтуға мүмкіндік бермей жатқанда, Тоқаевтың уәдесіне сену қиын» деп жазды Риттман мәлімдемесінде.

HRW өкілі Қазақстан билігін халыққа өз ойын еркін айтып, бейбіт түрде митингіге шығуға рұқсат беруге шақырды.

Америкалық Foreign Policy журналының тілшісі Рэйд Стэндиш «Қазақстанның екінші президентіне наразылық шаралары ұнамайды» деген мақала жариялады.

Автор мақаласында «Қазақстанда билік транзиті қолдан ұйымдастырылғанын» жазды

«Назарбаевтың қазіргі мәртебесі елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал етуге мүмкіндік береді. Билікті сынайтындарға бұрынғыдай қысым жасалып жатыр» деп жазды Стэндиш.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан билігі сайлау күні бейбіт митингіге шыққандарды ұстау арқылы «демократиялық стандарттарды сыйламайтынын көрсетті» деп мәлімдеді. ЕҚЫҰ Қазақстан билігі әлеуметтік, құқықтық және саяси реформа жасауы тиіс деп санайды.

Фото: Полиция наразыларды қалай ұстады? Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

Қатаң күзет һәм жаппай ұстау

Түскі 12.00 шамасында Алматыдағы "Астана" алаңы маңында полиция отызға жуық адамды ұстап әкетті. 10 маусым 2019 жыл.
1/17 Түскі 12.00 шамасында Алматыдағы "Астана" алаңы маңында полиция отызға жуық адамды ұстап әкетті. 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Полиция ұсталғандарды бөлімшеге әкетті. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
2/17 Полиция ұсталғандарды бөлімшеге әкетті. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
"Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлерінің бірі "құжаттары болмағандықтан ұстап бара жатқанын" айтты. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
3/17 "Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлерінің бірі "құжаттары болмағандықтан ұстап бара жатқанын" айтты. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Полиция "Астана" алаңында жүрген адамдардың бірін әкетіп барады. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
4/17 Полиция "Астана" алаңында жүрген адамдардың бірін әкетіп барады. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Арнайы жасақ адамдарды күштеп әкетті. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
5/17 Арнайы жасақ адамдарды күштеп әкетті. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
6/17 Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Арнайы жасақ пен полиция "Астана" алаңына келгендердің бірін күштеп, көлікке салып жатыр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
7/17 Арнайы жасақ пен полиция "Астана" алаңына келгендердің бірін күштеп, көлікке салып жатыр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Азаттық тілшісінің айтуынша, алаң аумағында интернет байланысы өте нашар. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
8/17 Азаттық тілшісінің айтуынша, алаң аумағында интернет байланысы өте нашар. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Полиция "Астана" алаңы маңын қоршауға алған. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
9/17 Полиция "Астана" алаңы маңын қоршауға алған. Алматы, 10 маусым 2019 жыл. 
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Полиция азаматтарды ұстап жатқан сәтте бағдаршамға тоқтап тұрған он шақты көлік бір мезгілде сигнал берген. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10/17 Полиция азаматтарды ұстап жатқан сәтте бағдаршамға тоқтап тұрған он шақты көлік бір мезгілде сигнал берген. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Нұр-Сұлтандағы "Жастар" сарайы маңында тұрған арнайы жасақ. 10 маусым 2019 жыл.
11/17 Нұр-Сұлтандағы "Жастар" сарайы маңында тұрған арнайы жасақ. 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Нұр-Сұлтандағы күшейген күзет. 10 маусым 2019 жыл.
12/17 Нұр-Сұлтандағы күшейген күзет. 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Арнайы жасақ Нұр-Сұлтанда адамдарды ұстап жатыр. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.
13/17 Арнайы жасақ Нұр-Сұлтанда адамдарды ұстап жатыр. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Арнайы жасақ маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.
14/17 Арнайы жасақ маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда да полиция ондаған адамды ұстаған. 10 маусым 2019 жыл.
15/17 Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда да полиция ондаған адамды ұстаған. 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
16/17 7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9-10 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
17/17 Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9-10 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
Previous slide
Next slide

Қазақстан билігі маусымның 9-ы күнгі митингіні елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының "радикалды пиғылдағы өкілдері" ұйымдастырды деп мәлімдеген.

Маусымның 10-ы күні Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен ел астанасында "біршама азамат өз пікірін білдіру, наразылық және басқа мәселемен көшеге шықты" деп мәлімдеді, бірақ қанша адам және қандай талаппен шыққанын нақтыламады. Тоқаевтың сөзінше, кей азаматтар "лайықсыз қылық жасап, полиция қызметкерлерін арандатуға" барған, олар "сырттан алған ақпаратты пайдаланып, заңсыз іс-әрекеттерге итермелеген". Сонымен бірге ол полицияның мақтап, акцияларға қатысушыларды ұстау "қажет болғанын" айтқан. Оның пікірінше, елде азаматтардың "өз еркін білдіру бостандығы толық көлемде сақталып отыр".

Маусымның 10-ы күні кешке Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Ресми ақпарат бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 70,96 пайызы, Әміржан Қосановты 16,23 пайызы жақтаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG