Accessibility links

Сырым мен Айнұрдың айтысы


Айтыскер ақын Сырым Әуезхан. Алматы, 02 мамыр 2011 жыл.
Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыдағы Студенттер сарайында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билерге арналып «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті.

Айтыстың екінші күні астаналық ақындар - Сырым Әуезхан мен Айнұр Тұрсынбаева сахнаға шықты.

Келген жұрт ықыласпен тыңдаған айтыстың бірі осы жұптыкі болды. Сөз бастаған Сырым Әуезхан:

- Сүрінсе, көз өтеді, сөз өтеді,
Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
«Апаңмын» деп отырсаң, ертегі айтшы,
Жақсы ертегі көңілді жаз етеді.
Онсызда белгілі ғой бұл қоғамда,
Ертегі айтар әженің аз екені.
Әйтпесе депутаттар айтып жүрген
Ертегілер ел-жұртты мезі етеді, - деді.

Бұған жауап ретінде Айнұр Тұрсынбаева қазіргі Қазақстанды ертегі кейіпкерлерімен салыстыра суреттеді:

– Ер Төстіктегі жағдайдың
Айнымай бәрі келді ғой.
Интернет деген жалмаңдап,
Жалмауыз кемпір секілді
Өмірімізге енді ғой.
«Сотовый» деген Cаққұлақ
Айдай әлемге жаяды
Ауызбен айтсаң сен бір ой.
Жеткізбей қатты қашатын,
Шет елден бірақ асатын
Желаяқтардың орнына
Әблязовтарды берді ғой.
Алақан жайып, Тәңірден
Ақырын күтіп сабырмен,
Ерназар шалдай қазағым
Барлық сынаққа көнді ғой.

Қазылар алқасы бұл айтыста жеңісті Айнұр Тұрсынбаеваға берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:36 0:00
Жүктеп алу

Пікірлерді көріңіз (4)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG