Accessibility links

Мұхтар мен Айнұрдың айтысы


Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен айтыс өтті.

Бұл айтыста сахнаға бесінші жұп болып қызылордалық Мұхтар Ниязов пен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты.

Айтысты бастаған Мұхтар Ниязов «айтыскерлердің ақиқаттан жалтаратынын» айтып, оны былай сипаттады:

– Біз білетін айтыстың оңай жері -
Ертерек танылып, мал табасың.
Біз білетін айтыстың қиын жері -
Ақиқаттан көбіне жалтарасың.
Халық пенен биліктің ортасынан
Ешкім зардап шекпейтін жол табасың.

Сөзін «Эфирді бермей үкімет, айтысты қылды жетімек» деп бастаған Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісін Төле бимен шендестіре суреттеді:
Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

– Тони Блэр дегенің,
Төле билердей бола ма?
Ағайын, бізге болмайды
Келмесек енді тобаға.
please wait

No media source currently available

0:00 0:21:24 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG