Accessibility links

Ринат пен Нұрланның айтысы


Нұрлан Есенқұлов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Нұрлан Есенқұлов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен айтыс өтті. Айтыстың алғашқы жұбы алматылық Ринат Зайытов пен Оңтүстік Қазақстаннан келген Нұрлан Есенқұлов болды.

Студенттер сарайында өткен айтыс Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің құрметіне арналды.

Айтысты бастаған Нұрлан Есенқұлов Ринат Зайытовтың айтыстан шеттеп кеткенін айта келе:

– Елден кетіп жатқан азамат көп,
Білеміз бес саусақтай оны да біз.
Әблязов Мұхтарды білесіздер,
Елге қашан келеді деп сағынамыз.
Ағайынды Рысқали ол да қашты,
Жүздесіп, қашан онымен жолығамыз,
Өз-өзінен жау болған ұлдар көп қой,
Мына сені жау қылып неғыламыз, – деді.

Ал Ринат Зайытов Алматының жолдарын сөз еткен қарсыласына уәж ретінде былай деді:

– Жол тесігі жайлы айтып өттің,
Бауырым, таппадың ба ақпарды өзге.
Жол тесігі туралы айтып неғыласың
Жердің өзі сатылып жатқан кезде.
Ринат Зайтов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Ринат Зайтов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

Ақындардың өнерін тек «жеңді» немесе «жеңілді» деп бір ауыз сөзбен бағалаған қазылар алқасы бұл жұпта жеңісті Ринат Зайытовқа берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:31:57 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG