Accessibility links

Мұхтар мен Біржанның айтысы


Мұхтар Ниязов (оң жақта) пен Біржан Байтуов. Астана, 8 шілде 2013 жыл
Мұхтар Ниязов (оң жақта) пен Біржан Байтуов. Астана, 8 шілде 2013 жыл

Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен Астана күніне орай ақындар айтысы өткен. Айтыстың алғашқы күні 20 ақын сөз сайыстырды.

Сахнаға бесінші жұп болып шыққан қызылордалық Мұхтар Ниязов пен оңтүстік қазақстандық Біржан Байтуов Қазақстан президентін «әлемдік кереметтердің» қатарына балады.

Біржан Байтуов Байқоңырға құлаған «Протон-М» зымыран тасығыш жайлы айта келіп:

– 600 тонна гептил жерге сіңді,
Қасіретін мұның, ел, шын ұқтың ба
Жалға алған Байқоңырды көршілерің
Айыпты екендігін біліп тұр ма?
Жоқ әлде «маған не істей аласың» деп,
Миығынан мысқылдап күліп тұр ма?
Елің шулап жүргенмен елорданың,
Туған күнін сен жүрсің жуып мұнда.
600 килограмм торт таратты,
Алты алашқа тосын сый қылып мұнда.
600 килограмм тортты көріп,
600 тонна уды ұмыттың ба, – деді.

Мұхтар Ниязов оған былайша уәж айтты:

– Барлығың да «Протонды» дайындапсың,
Ақындар, неге басқа жыр еспейді.
Ол рас, у жауғаны дұрыс болмады,
Ол жерде адам түгілі гүл өспейді.
Бірақ та есі бар жан ешқашанда,
Дүлеймен бетпе бет кеп тіреспейді.

Қазылардың бәрі айтыстың келесі айналымына Біржан Байтуовты шығарды.
please wait

No media source currently available

0:00 0:33:41 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG