Accessibility links

Алматыдағы метро мен автобустың бәсекесі


"Райымбек" бекетінде жолаушы тосып тұрған автобустар. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.
"Райымбек" бекетінде жолаушы тосып тұрған автобустар. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.

2012 жылдың 3 ақпанынан бастап Алматыда 17 бағыт бойынша автобустардың жүру жолдары өзгеріп, кейбірінің соңғы аялдамасы ретінде метро станциялары бекітілді. «Бұл өзгеріс қарапайым жұртты әлекке салып, біздің табысымызды азайтты» дейді автобус жүргізушілері. Ал әкімшілік өкілі қаладағы автобустардың бәрінің жүру бағыты өзгеретінін айтады.


№29 автобустар бұрын ел ішінде «Развилка» атанып кеткен Айша бибі шағын ауданы мен Бутаковка ауылының арасында жүретін. Қазір бұл автобустың жол кестесі өзгерді. Енді бір нөмір жапсырған автобустар екі бағытқа жүреді.

«АВТОБУСҚА МІНЕТІН АДАМ ЖОҚ»

№29 автобустың жартысы Райымбек даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында орналасқан «Райымбек» метро бекетінен шығып, Айша-бибі шағын
Автобус жүргізушісі Өнербек Мұқаш. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.
Автобус жүргізушісі Өнербек Мұқаш. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.
ауданына барады. Ал екінші жартысы ол станциядан Бутаковка ауылына қатынайды.

- Автобустың жүргізушісі болғаныма – 40 жыл. Бірақ бір бағыттағы автобусты екіге бөлгенді тұңғыш рет көрдім, – дейді №29 автобустың бірінің жүргізушісі Өнербек Мұқаш.

Азаттық тілшілері «Райымбек» бекетінде бір сағатқа жуық тұрды. Осы аралықта аялдамаға келіп тоқтаған автобустан түскен немесе енді жүріп бара жатқан қоғамдық көлікке мінген бірде-бір жүргінші көзге түспеді.

- Бұл өзгеріс метроға адам мінгізудің өзіндік тиімді жолы болатын. Бірақ, өзің де көріп тұрсың, метроға келіп немесе осы жерден шығып, автобусқа мінетін адам жоқ. Таңертең және кешкілік қана аздаған адам келеді. Ұзақты күн осы жерде телміріп адам күтеміз, – дейді Өнербек Мұқаш.

«ТАБЫСЫМЫЗ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙДЫ»

- Менің бұл бағытта жүргеніме биыл бесінші жыл. Бізге негізінен «Развилкадан» отыратын – оқушылар. Әрі олардың барлығы Достық даңғылы бойында орналасқан оқушылар сарайына баратын. Қазір ол жақтан бірден жүретін автобус
Қала бойынша жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік ішінде. Алматы, 16 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қала бойынша жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік ішінде. Алматы, 16 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
болмағандықтан сол оқушылар зардап шегіп отыр, - дейді №29 бағыттағы автобус жүргізушілерінің бірі Досым.

Досымның сөзін Өнербек Мұқаш та қостап:

- Біз сенбі, жексенбі күндері 30-35 мың теңге «план құятынбыз». Ал қалған жұмыс күндері орындайтын планымыз 40 мың теңге болатын. Міне, бағытқа өзгеріс енгелі күндік жоспар 15-20 мыңға дейін түсіп қалды. Соның салдарынан табысымызда екі есеге азайып отыр, – деп сөзге араласты.

Азаттық тілшісі метродан шығып келе жатқан жүргіншілермен де тілдесіп көрді. Жүре жауап берген жас жігіт:

- Мен үшін автобустардың дәл осы жерге келіп-кетуінен еш пайда жоқ, - десе, басқа бір жолаушы:

- Егер анау Ташкентскийдің (Райымбек даңғылының – ред.) бойындағы автобустардың аялдамасын да осы жерге ауыстырса, метроға отыратындардың саны да арта түсетін шығар. Әзірге мұнда аялдама бар екенін көп адам біле бермейді ғой, – деп жауап қатты.

«АЛ БІЗ ҰТҚАН ДА, ҰТЫЛҒАН ДА ЖОҚПЫЗ»

Райымбек бекеті тек №29 автобустардың ғана соңғы аялдамасы емес. №105 қоғамдық көліктері де осы жерден қозғалады.

Алматы метросының «Жібек жолы» станциясындағы ашық есік күні. Алматы, 22 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы метросының «Жібек жолы» станциясындағы ашық есік күні. Алматы, 22 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Соңғы аялдамада жиналып, автобус ішінде әңгіме құрып отырған №105 бағыттың жүргізушілері:

- Біздің соңғы аялдамамыз – бұрыннан «Көкбазар» ғой. Айналып «Саяхатқа»
​барып, толтырып аламыз. Ұтқан да, ұтылған да жоқпыз. Бірақ «Саяхаттан» метроға емес, автобусқа мінетіндер аялдамаларының алыстап кеткеніне ренжіп, бізге ашуланады, – деп күлісті.

«ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ»

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасының бөлім бастығы Шамжан Махматов бір бағыттағы автобустың екі тарапқа жүру себебін «Әзірге бұл жаққа жүретін басқа автобустардың жоқтығынан және тұрғындар да осы қоғамдық көлікке үйреніп қалғандығынан» деп түсіндірді.

- Қалада 1500 автобус бар. Олардың көбісі – бір бағытта жүретін автобустар.
Метро станциясы маңындағы автобус аялдамасы. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.
Метро станциясы маңындағы автобус аялдамасы. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.
Сондықтан болашақта комиссия құрып, автобустардың жүру бағытын өзгертеміз, кейбірін мүлдем қысқартамыз, – дейді Шамжан Махматов.

Әуежай мен Орбита шағын ауданы арасында жүретін №32 бағыттағы автобус та бағытын өзгертіп, жартысы Райымбек бекетінен шығысқа, жартысы қаланың батысына қарай жүре бастаған еді. Алайда он күн өткен соң бұл автобустың жүру бағыты қайтадан бұрынғы қалпына келді.

Қалалық әкімшіліктің өкілі Шамжан Махматов «бұл автобустың жүру бағытын қала тұрғындарының өтінішімен бұрынғыдай болғанын» айта келе:

- Бұл – бір ғана автобус. Басқа автобустар бағыты қайта қалпына келтірілмейді, – деді.

«МЕТРО ӘЗІРШЕ ҚАЖЕТ БОЛМАЙ ЖАТЫР»

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасының бөлім бастығы Шамжан Махматов «қоғамдық көліктердің жүру бағытын өзгетудегі басты мақсат – метроға отыратын адамдардың санын көбейту екенін» айтады.
Алматы метросындағы жолаушылар. Алматы, 22 қазан 2011 жыл.
Алматы метросындағы жолаушылар. Алматы, 22 қазан 2011 жыл.

- Метроның ұзындығы 8 шақырым ғана болғандықтан әзірге адамдарға қажет болмай жатыр. Сол себепті де автобустардың бағыты өзгергенімен өзгеріс жоқ. Әзірге метроға күніне 15-20 мың адам отырады. Бұл – ойнымалы көрсеткіш. Бүгін 20 мыңға жетсе, ертеңінде 15-16 мыңға дейін төмендейді, – дейді ол.

Оның айтуынша, «метроны қаланың сыртына дейін жеткізу жұмыстары қолға алынып жатыр, 2014 жылы Алматының батыс жағындағы Қалқаман шағын ауданына дейін жетеді».

Ал «Алматы метрополитен» қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының сайтындағы 18 қаңтар күнгі ақпаратқа қарағанда «метромен жүретін жүргіншілердің саны күніне орташа есеппен 30 мыңға жеткен».
XS
SM
MD
LG