Accessibility links

Шарль Азнавур Қазақстанда саясатты айтудан қашқақтады


Қазақ актері Асанәлі Әшімов (сол жақта) пен француз актері Шарль Азнавур. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Қазақ актері Асанәлі Әшімов (сол жақта) пен француз актері Шарль Азнавур. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.

«Еуразия» халықаралық фестивалі Алматыда тоғызыншы мәрте өтіп жатыр. Фестивальдің негізгі қонағы, француз актері Шарль Азнавур саясат жайындағы сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі Алматыда 16-21 қыркүйек аралығында өтеді. Кинофестиваль ортақ бизнес мүддесі бар Қазақстан мен Франция үкіметтері байланысын дамытуда өзіндік дәнекер болып келеді.

Өткен жылдары кинофестиваль меймандарының арасында француз киножұлдыздары Пьер Ришар, Катрин Денев, Жерар Депардье, Софи Марсо, Изабель Аджани, Кристофер Ламбер, Венсан Перес болған.

Биылғы тоғызыншы кинофестивальге келер жылы 90 жасқа толатын әйгілі француз шансоньесі және актері Шарль Азнавур шақырылды. Бұл – актердің Алматы мен Қазақстанға алғаш келуі.

ШАРЛЬ АЗНАВУР МЕН ОНЫҢ «МӘҢГІЛІК МАХАББАТЫ»

Баспасөз мәслихаты залына шыққан Шарль Азнавурды жұрт орындарынан тұрып, қол соғып, қошеметпен қарсы алды. Шарль Азнавур саяси тақырыптан басқа кез келген сұраққа жауап беруге келісімін берді. Алайда саясатпен байланысты талай фильмге түскен ол бұл тақырыпты айналып өте алмады. Шыққан тегі армян Шарль Азнавур 2002 жылы армян геноцидіне арналған «Арарат» фильміне түскен. «Бұл фильмге түсу сіз үшін құрмет болды ма?» деген сұраққа:

– Ол кезде жалпы киноға түсуден бас тартқым келіп жүрген сәт еді. Шыққан тегім армян болғандықтан, Армения мен оның өткен тарихы жайлы фильмге түсуге келісім бердім, – деп жауап берді актер.

Сыйлық алғанды жақсы көретінін мойындаған оған Алматыда да сыйлық тапсырылды. Ашылу рәсімінде кинофестиваль дирекциясы атынан Шарль Азнавурға «Әлемдік кинематографияға қосқан үлесі үшін» сыйлығы табысталды. Құрметті мейман сахнаға шыққан сәтте оның «Мәңгілік махаббат» деген әйгілі хит-әні ойнады. Егделеу көрермендер бұл әнді «Тегеран-43» совет фильмінен жақсы біледі.


ФЕСТИВАЛЬ ФИЛЬМДЕРІ

«Еуразия» кинофестивалінде Азия және Еуропа елдерінің 12 фильмі қатысатын халықаралық конкурсқа айрықша мән берілген.

Бұл конкурста «Әпкелерім» (Германия), «Шешек ату» (Грузия), «Сүйкімдім» (Италия), «Ило Ило» (Сингапур), «Іңкәрлік» (Қырғызстан), «Алтынмен аптау» (Тәжікстан), «Уайымдама, Сара» (Иран), «Ваджда» (Германия, СА), «Цикл» (Түркия), «Анри» (Франция), «Ұят» (Ресей), «Бауыр» (Қазақстан) фильмдері жүлдеге таласады.

Кинофестивальде осы 12 фильмнен басқа «Серпінді қазақ киносы», «Орталық
"Еуразия" кинофестивалі қонақтарын күткен жұрт. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
"Еуразия" кинофестивалі қонақтарын күткен жұрт. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Азия панорамасы», «Ресей киносы күндері», «Қырғыз киносы күндері», «Шығыс пен Батыс: кинокөпір», «Әлемдік кино қорының үздік фильмдері», «Деректі кино» деген бірнеше бағдарламаға топтастырылған тағы 60-қа жуық кинокартина көрсетіледі.

«ҮЙЛЕСІМДІЛІК САБАҚТАРЫ» ФИЛЬМІ ЖОҚ

«Халықаралық кинофестивальдер жүлдегерлері» бағдарламасында жеті бірдей қазақстандық кино лента көрсетіледі. Алайда оның арасында жұрт күткен «Үйлесімділік сабақтары» фильмі жоқ болып шықты. Берлин және тағы бірнеше шетелдік кинофестивальдердің жүлдесін алған фильмді Қазақстанда әлі ешкім жөнді көрген жоқ.

Бірақ кинофестиваль мен «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, «Үйлесімділік сабақтары» фильмін қазанның 3-інен бастап үлкен прокатқа шығарып, танымал кино сыйлыққа дайындамақ. Бірақ ол қандай сыйлық екенін айтпады.

Есесіне тоғызыншы кинофестивальдің қазылар алқасының құрамында
Режиссер Әмір Байғазин. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Режиссер Әмір Байғазин. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
«Үйлесімділік сабақтары» фильмінің режиссері Әмір Байғазин бар. Ол бұған дейін Венеция кинофестивалінің қазылар алқасында болыпты. Әмір Байғазин биылғы кинофестивальдегі фильмдерді бағалау ерекшеліктеріне тоқталды.

– Тақырып мүлде қалмады десе де болады. Тек фильмнің формасы ғана кейде тақырыпты жаңа қырынан бағалауға мәжбүрлейді. Орындау шеберлігі белгілі бір тақырыпты тереңірек аша алады. Жүлдегер фильм осы талапқа сай болса деймін, – дейді ол.

Биылғы «Еуразия» кинофестиваліне Әмір Байғазиннен басқа «Үйлесімділік сабақтары» фильмінің операторы Азиз Жамбақиев пен фильм продюсері Анна Качко да қатысты. Жұлдызды жұп кинофестивальдің қызыл кілемімен жүріп өтті.

АКТЕР ҚАЙРАТ НҰРТАС

Қызыл кілеммен өткен жұлдыздардың арасында әнші Қайрат Нұртас та болды. Ол кинофестивальге режиссер Мақсат Оспановтың «Өкініш» музыкалық
Әнші Қайрат Нұртас (оң жақта) "Еуразия" кинофестивалінде. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Әнші Қайрат Нұртас (оң жақта) "Еуразия" кинофестивалінде. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
мелодрамасында басты рольде ойнаған киноактер ретінде келді.

Жалпы, бұл фильм қазақ тіліндегі киноның шығынын ақтайтынын дәлелдеді. Прокатқа шыққан алғашқы күндері ол басқа картиналарды көрермен саны жағынан басып озған.

«Өкініш» фильмі «Серпінді қазақ киносы» бағдарламасының «Жанр іздеу» бөліміне «Тыйым салынған би», «М-агент» және «Оқытушы» фильмдерімен бірге дәстүрлі ақпараттық көрсетілімге енгізілген.

КӨШБАСШЫ КІМ?

Фестиваль жүргізушілері қазақ, орыс және ағылшын тілінде айтқан тіркестердің бірі «Мемлекет басшысыныңы арқасында қазақстандық кино бүкіл Орталық Азияда көшбасшыға айналды» деген сөз болды. Қырғызстандық режиссер Эрнест Абдыжапаров бұл ескі дауға байланысты пікірін айтты.

– Техникалық жабдықтау, амбиция жағынан, мүмкін, көш бастап келе жатқан шығар. Бірақ қазақ киносы көрермендерін жоғалтып алды. Көрермен саны жағынан Өзбекстанмен ешкім таласа алмайды. Ал жастарды кинематография
Кинофестиваль қазылары (солдан оңға): Брильянте Мендоса, Дэвид Харальд Францони, Филипп Жалладо, Джейн Кэмпион, Әмір Байғазин. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Кинофестиваль қазылары (солдан оңға): Брильянте Мендоса, Дэвид Харальд Францони, Филипп Жалладо, Джейн Кэмпион, Әмір Байғазин. Алматы, 16 қыркүйек 2013 жыл.
саласына тарту жағынан қазір Қырғызстан мықты дамып отыр. Сондықтан кімнің көшбасшы екеніне таласуға болады. Ақша болса, техниканы жаңартуды үлкен жетістік деуге болмайды. Кино дегеніміз – өнер, рухани сала. Қазір көрінбегенімізбен, Қырғызстан әлі-ақ есесін жібермейтіні әлден-ақ белгілі болып отыр, – дейді Эрнест Әбдіжапаров Азаттыққа.

«Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасын биыл жаңазеландиялық жазушы және режиссер Джейн Кэмпион басқарады. Оның фильмдері Венеция, Канн кинофестивальдерінің жүлдесі мен «Оскар» сыйлығын алған. Қазылар арасында филиппиндік режиссер Брильянте Мендоса (оның «Қырғын» фильмі – Канн кинофестивалінің жеңімпазы), америкалық сценарист Дэвид Харальд Францони («Король Артур», «Гладиатор» және басқа фильмдері бар), француз киносарапшысы Филипп Жалладо және қазақстандық режиссер Әмір Байғазин бар.

ВИДЕО: IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты
"Еуразия" кинофестивалі басталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG