Accessibility links

Шенеуніктердің хаттары мен мұнайшылар асханасы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

«Республика» газеті «Қазақстан билігі Нью-Йорк соты шешімін басылымға қарсы пайдаланды» деген шағыммен АҚШ сотына жүгінді. Қазақстан мұнайшыларына қызмет көрсететін британиялық Compass Group компаниясы бұрынғы қызметкері арызына қатысты жайттар да хабарланды.

Ұлыбританияның Compass Group компаниясының Қазақстандағы бөлімшесінің бұрынғы қызметкері өзі жұмыс істеген осы компанияны «Қазақстан кеден қызметкерлеріне пара берді» деп айыптайды.

Ұлыбританиядағы бұл соттың барысын Guardian газеті бақылап отыр. Ұлыбританиядағы мейрамхана бизнесінің алыбы Compass Group компаниясының Қазақстандағы бөлімшесінің бұрынғы қаржы директоры Карим Пабанидің мәлімдеуінше, оны компаниядағы коррупцияны әшкерелей бастаған соң жұмыстан шығарған.

Ол Compass Group компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі 2011 жылға дейін белгісіз мерзім бойы «формальдық талаптарды жеңілдету үшін сыйақы» төлегенін дәлелдеу үшін Ұлыбританияның еңбек сотына құжаттар ұсынған.

Газет 2013 жылдың қыркүйегінде компанияның еңбек ресурстары бөлімі директоры Джейн Кингстон мен бас кеңесші Марк Уайт әзірлеген ішкі құжаттардың бірі туралы жазады. Компанияда «жүктерді кеденнен алудағы ресми талаптарды жеңілдету үшін Қазақстандағы жүк экспедиторлары арқылы аздаған сыйақы төлеу практикасы болды» деп жазады Guardian газеті.

Compass Group - әлемдегі тамақтандыру қызметін көрсететін аса ірі операторлардың бірі.

Бұл іске қатысты екінші мақаласында Guardian газеті «бұл компанияның өзіне қызмет көрсеткен басқа бір ұйымға әдепкі құнынан асыра ақша төлеген «алаяқтық» әрекеті туралы ақпарат та сотта жария болды» деп жазады. Сотта таныстырылған материалдарға қарағанда, компания қызметкері таныстығын пайдаланып, азық-түлік жеткізушіге жүздеген мың фунт стерлинг артық төлеген.

Guardian басылымының жазуынша, «асыра ақша төлеу» туралы шағым-талаптар Compass Group компаниясы мен Қазақстандағы мемлекеттік мұнай компаниясының бірлескен меншігі «ҚазМұнайГазСервис-Компас» (KMGSC) компаниясына қатысты айтылған.

KMGSC Қазақстанның мұнай-газ және тау-кен өндірісі кәсіпорындары мен шалғайдағы нысандарындағы жұмысшыларды тамақтандыру және өзге де қосымша қызметтер көрсетеді.

Басылым дерегінше, KMGSC жария болған деректерге қатысты комментарий бермей отыр. Compass Group баспасөз хатшысы «компания бұл айыптауларды сотта терістегенін» айтқан. Сотқа ұсынылған 2012 жылы KMGSC компаниясында жүргізілген ішкі тексеру қорытындысында «жабдықтаушы мен менеджердің алаяқтық әрекеті нәтижесінде ақша асыра көрсетілген» деп жазылған. Compass компаниясы өкілдері өздерін алаяқтық құрбаны санайды. Ұлыбританияның антикоррупциялық заңына сәйкес, шетелдік лауазымдытұлғаға тікелей немесе делдал арқылы пара беру қылмыс болып есептеледі.

«РЕСПУБЛИКА» ГАЗЕТІ МЕН НЬЮ-ЙОРК СОТЫ

Интернеттегі азаматтық еркіндікті қорғаумен айналысатын халықаралық Electronic Frontier Foundation (EFF) үкіметтік емес ұйымы сайты оппозициялық «Республика» газетінің Нью-Йорк сотына жүгінгенін хабарлады. Басылым Нью-Йорктегі федералдық соттан «Америка сотының шешімін Қазақстан билігі сыналатын жаңалықтарға цензура орнату мақсатында әрі электрондық хабарламалар үшін шайқаста пайдалана алмайтынын» Қазақстан билігіне түсіндіруді сұраған.

"Голос республики" газетінің нөмірлері. (Көрнекі сурет)
"Голос республики" газетінің нөмірлері. (Көрнекі сурет)

EFF сайтының жазуынша, наурыз айында Нью-Йорк аудандық сотында басталған процесте Қазақстан «мемлекеттік компьютерлерді бұзып, Gmail адрестерден мыңдаған хабарламаны ұрлады» деген айыппен есімі аталмаған ондаған адамның үстінен талап-арыз түсірген. Наурыз айында Bloomberg агенттігі «үкімет компьютерлерін бұзған және шенеуніктердің Нью-Йорктегі заң компаниясымен алыс-беріс құпия хаттарын ұрлаған» белгісіз хакерлердің үстінен Қазақстан үкіметі Нью-Йорк сотына талап-арыз бергенін хабарлаған.

Нью-Йорктегі судья ұрланған материалдарды сол белгісіз тұлғалардың пайдалануына, таратуына, қарауына тыйым салатын үкім шығарған.

«Республика» басылымы ол материалдарды басқа біреулер жариялап жібергеннен кейін, әлемдегі көптеген басылымдар сияқты осы тақырыпқа мақала жазған еді. Алайда Қазақстан билігінің адвокаттары "газет мақалалары шығатын сайтқа ондаған мақалаларды алып тастауды талап етіп, хат жазған". EFF "тіпті олар осы айда "сот үкімі сайтты толық жабуды талап етеді" деп мәлімдеді" деп жазады.

Ұйым сайтының хабарлауынша, мақала авторлары мен оқырмандарына қатысты дербес деректерді алу үшін Қазақстан билігі сотқа сол құпия хаттар жарияланған Facebook желісі өкілдері мен «Республика» газетінің сайтын орналастырған компанияны және оның доменін тіркеушіні де шақырған.

«Казахстан обратился в суд США, где Первая поправка [к конституции США] защищает публикацию материала, даже если источник получил этот материал незаконно, но они попирают наш закон. Власти Казахстана в одностороннем порядке решают, на кого распространяется решение и какие должны наступить последствия», - приводят в статье мнение юридического сотрудника EFF Джейми Ли Уильямс.

Мақалада EFFұйымының заң қызметкері Джейми Ли Уильямстің «Қазақстан [АҚШ конституциясына енгізілген] Бірінші түзету тіпті ақпарат көзі әлгі материалға заңсыз жолмен қол жеткізсе де, ол материалды жариялауды қолдап-қорғайтын АҚШ сотына жүгінді, бірақ олар заңымызды белден басып отыр. Қазақстан билігі сот шешімі кімге қатысты және қандай салдары болуы тиіс екенін бір жақты тәртіппен шешкісі келеді» деген пікірі келтірілген.

EFF Civil Liberties директоры Дэвид Гриннің айтуынша, Америка сотының шешімін «үкімет әрекеттерін талдап, талқылауды басып-жаншу» үшін пайдалану дұрыс емес.

Анна Клевцова әзірлеген баспасөз шолуы орыс тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG