Accessibility links

Астанадағы айтыс: Иранғайып пен Жәмиға


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.


Астанада өткен айтысқа Қытайдан арнайы шақыртумен келген Жәмиға Дәулет есімді ақын қыз астаналық Иранғайып Күзембаевпен сөз сайыстырды.

Екі ақын да айтыс барысында әлеуметтік мәселеден гөрі айтыстың тұрақты жүргізушісі Жүрсін Ерманға мақтау айтуды қолай көрді.

Қытайдан келген ақын Жәмиға Дәулет тәуелсіз жиырма жылдағы қазақ тілінің қазіргі күйі туралы:

– ...Тамақты ымдап сұрап, ымдап ішіп,
Орысша жанымызға жаман батты, – деді.

Қазақстанның 20 жылдағы жетістіктерін жіпке тізген Иранғайып Күзембаев айтысты түйіндер тұста ғана:

– Жүрсін ағам «тоқта» деп айтпай тұрып,
Өзімізде уақытпен санасайық.
Өз еркімен тараған парламенттей,
Өз еркімізбен біз дағы тарасайық, – деді.

Өзіне сөз кезегі тиген сәтте Жәмиға қарсыласына:

– Ақын деген ұқсама парламентке,
Халыққа сары қымызды сапырады.
«Парламентше өз еркімізбен тарайық» деп,
Бұл өзі басшылыққа бас ұрады.
Ол рас, парламентше тарап кетсек,
Сайлауға өзі қайта шақырады, – деп жауап қайтарды.

please wait

No media source currently available

0:00 0:31:21 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG