Қазақ мемлекеттік заң университетінің студенттері 16 желтоқсан - тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне флеш-моб өткізді. Жүздеген студент жанған шам ұстап, «I love KZ» деген жазудың формасын бейнеледі. Астана, 12 желтоқсан 2014 жыл.
Астанадағы флеш-моб
1
Студенттердің айтуынша, бұл шараны өткізу өздерінің идеялары болған, басшылық ұсыныстарын қолдаған.
2
Жастар бүгінгі флеш-мобты «2014 жылдың басты шарасы» деп сипаттады.
3
Шам жағып ұстап тұрған студенттер отандастарын тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
4
Студенттердің бірі шараға қатысқан жолдастарына дауыс зорайтқыш құрылғымен бұйрық беріп тұрды.
5
Студенттер "I love kz" ("Сені жақсы көремін, Қазақстан") деген жазудың формасына ұқсас болып топтасып тұрды.
6
Бұл флеш-мобты көруге университет басшылары келген жоқ.