Accessibility links

Сейітқазы Матаевтың онлайн-конференциясы


Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы. Алматы, 19 сәуір 2009 жылы.
Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы. Алматы, 19 сәуір 2009 жылы.

Ақпанның 22-і Азаттық радиосының сайтында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың онлайн-конференциясы өтті. Сайт оқырмандарының сұрақтарына Матаев мырза тікелей желіде жауап берді.


Сейітқазы Матаевтың Қазақстан Журналистер одағының төрағасы болып сайланғанына биыл ақпанда он жыл толады. Ал 2006 жылы ол бұл қызметке екінші мерзімге сайланды.

1980 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң Қазақ ССР Министрлер кеңесі жанындағы мемлекеттік ақпарат агенттігінің (ҚазТАГ) Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып бастаған Матаев 1982-1986 жылдары аралығында осы агенттіктің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеді.

1986-1989 жылдары Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газеті бас редакторының орынбасары болып еңбек етті. 1989-1991 жылдар аралығында ССРО-ның орталық басылымдарының бірі – «Известия» газетінің Қазақстандағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.

1991 жылғы қарашадан 1993 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы, ал 1993-1994 жылдар Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы қызметтерінде болды.

Ол 1996 жылдан бастап Ұлттық баспасөз клубының президенті. 2008 жылы жаңадан құрылған жеке меншік «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің негізін қалады.

Сейітқазы Матаев Қазақстан 2001 жылдың желтоқсанынан бері президент жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.

Сайтымыздың барша оқырмандары мен олардың қойған сұрақтарына жауап берген Сейітқазы Матаев мырзаға Азаттық радиосының редакциясы ризашылығын білдіреді.
XS
SM
MD
LG