Accessibility links

Апатты үйлер проблемасының шешімі бар ма?


Шахандағы құлаған үй. Қарағанды облысы, 2 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE апатты үйлер мәселесін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Ералы Шоқпаровпен талқылады.

Қаңтардың 1-і күні Қарағанды облысы Шахан кентінде бес қабатты үйдің бір подъезі құлап, 9 адам қаза тапқан. Үй 1987 жылы салынған. Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың үкімет отырысында айтқан дерегінше, құлаған 10 пәтері бар подъезде 25 адам тұрған. Ал жазатайым оқиға жылу жүйесі қазандығының жарылу кесірінен болған.

Осы оқиғадан соң Азаттық Қазақстанның кейбір облыстарындағы осындай апатты жағдайда тұрған үйлер туралы ақпарат жинаған еді. Дерек бойынша, Қызылорда қаласында қауіпті деп танылған 30, Шымкентте - 25, Оралда 41 көпқабатты үй бар. Бұл баспаналардың көбінің салынғанына 40 жылдан асып кеткен. Тіпті Оралда 1868 жылы және 1883 жылы салынған үйде тұрып жатқан отбасылар бар. Тұрғындардың сөзінше жергілікті билік ол баспаналардың апатты жағдайда екенін білсе де көмектесуге асығар емес.

Үйдің апатты екенін анықтаудың шарттары қандай? Республика бойынша қанша үй апатты жағдайда тұр? Өмір сүруге қауіпті деп танылған баспаналарды сүріп, орнына жаңа үй салып беруге не кедергі? Ескі үйлерді жөндеу немесе жаңа баспана тұрғызуға арналған мемлекеттік қандай бағдарламалар бар? Жаңа салынған кейбір көпқабатты үйлердің құлап жатуына не себеп немесе кім жауапты? Қазақстанның әр өңірінде баспана тұрғызудың талаптары мен ерекшеліктері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Ералы Шоқпаров жауап берді.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG