Accessibility links

«Жас Алаш» соты тәуелсіз баспасөзге қысым ба?


«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай (оң жақта) AzattyqLIVE хабарында отыр. Алматы. 23 қараша, 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында «Жас Алаш» газеті мен «Жас-Ай» орталығы жетекшісі Жасан Зекейұлы арасындағы сот дауы және елдегі БАҚ тәуелсіздігі талқыланды. Хабарға «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбай қатысты.

Қараша айының 13-і күні Алматы қаласы Алмалы аудандық 2-сотының шешімімен «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайға, басылым тілшісі Меруерт Тұрлыбекова мен оқырманы Қаден Мұқанұлына, Жасан Зекейұлының бұрынғы әйелі Гүлия Әлиханқызына және Гүлия Әлиханқызының әкесі Әлихан мырзаға барлығы 40 миллион теңге айыппұл салынды. Бұған қоса «Жас Алаш» газетіне Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақаланы терістеу міндеттелді.

Оқи отырыңыз: Сот «Жас Алашты» айыппұл төлеуге міндеттеді

Осы ретте журналист Қасым Аманжол жүргізген AzattyqLIVE хабарында «Жас Алаш» газеті мен Жасан Зекейұлы арасындағы сот тәуелсіз баспасөзге жасалған қысым ба әлде жеке азамат пен газет арасындағы тұрмыстық дау ма?» деген сауал талқыланды. Өйткені биыл бірнеше оппозициялық басылым сот шешімімен жабылған еді.

«Жас Алаш» соты тәуелсіз БАҚ-қа қысым ба? (1-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:32:05 0:00

«Жас Алаш» соты тәуелсіз БАҚ-қа қысым ба? (2-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:56 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

Пікірлерді көріңіз (8)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG