Accessibility links

Бүгінгі Бурыл

Бурыл ауылындағы жағдай тыншыды. Ауыл сыртына әскерден қойылған қоршау алынды. Бірақ тәртіпті қатаң қадағалау шаралары жүріп жатыр.

Кеше жанжал тудырған оқиғаға наразылық білдірген Бурыл ауылы тыншыды. Жағдай қалыпқа келе бастады. Ауыл сыртына әскерден қойылған қоршау алынды деп хабарлады оқиға орнынан Азаттық тілшісі.

Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Күдіктінің этникалық түрік екені хабарланған. 17 ақпанда Бурылды арнайы әскер қоршауға алған еді.

16 ақпан күнгі «бала өлімі» оқиғасына орай «бұзақылық жасағаны» үшін он жас жігітті полиция ұстап әкеткен. Ақпанның 15-інде Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы бір үйден кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Мәйіттен күш қолданып өлтіру белгілері анықталды. Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 18 ақпан, 2016 жыл.


Тағы

16x9 Image

Дилара ИСА

Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG