Accessibility links

Зерттеуші ОА-дағы радикализм жайын айтты


Сириядағы соғысқа қосылған "жиһадшы" қазақ туралы видеодан алынған скриншот.

ОА-дағы діни проблемаларды зерттейтін бір топ ғалым халықаралық дағдарыс тобының (ICG) «аймақта ислам діні радикалданып барады» деген баяндамасының кей тармақтарымен келіспейтінін мәлімдеді. Олар ашық үндеуін The Diplomat басылымында жариялаған.

Үндеуге өзгелермен бірге қол қойған Астанадағы Назарбаев университетінің саяси ғылымдар мен халықаралық байланыстар бөлімі профессоры Элен Тибо Азаттық сұрақтарына жауап берді.

Үндеу авторлары Орталық Азияның (ОА – ред.) дін саласындағы өзгерістерді зерттеу қажет екенін айтқан. Элен Тибо түрлі зерттеу топтарының ұйғарымдары саясатты айқындауда қолданылатынын айтып, сөзін ОА аймағының дін саласында қаншалықты үлкен өзгерістер болып жатыр деген сұрақтан бастады.

Элен Тибо: - Иә, өзгерістер болып жатыр. Дінді жаңарту туралы айтып отырмын. Бірақ тиісті әдебиеттерде де бұл терминге қатысты дау көп. ОА елдерінде дінге ықылас артып келеді. Әрине, Түркіменстандағы жағдайды жақсы білмейміз, өйткені ол елге бара алмаймыз. Жасына қарамастан дінге бет бұрған және дінді уағыздайтын адамдар саны қоғамның барлық топтарында көбейіп келеді. Орталық Азияда секуляризм құндылықтары да мықты. Халықтың көп бөлігі мемлекет дінге араласпауы тиіс (мемлекет діннен бөлек болуы) деген саяси принципті мықты ұстанады. Бірақ радикал топтардың шығып жатқаны да рас. Бұрын ондай топтар болмаған. Бұл құбылыс онша көп тарай қоймағанымен, оған назар аудару керек.

Азаттық: - Діни экстремистер қатарында әлеуметтік жағдайы нашар топ өкілдері мен еңбек мигранттары көп деген пікір жиі айтылады. Кедейлік пен радикализм арасында шынымен тікелей байланыс бар ма?

Элен Тибо​: - Қырғызстан мен Тәжікстанда кедейлік деңгейі жоғары екенін рас. Мысалы, Сирия мен Иракқа аттанған Орталық Азия тұрғындарының ішінде мигранттар көп. Олар өзге елден жұмыс іздеуге шалқып өмір сүріп жатқандықтан кеткен жоқ. Олардың көбі - мұқтаж жандар. Мына бір маңызды жайтты айту керек - олар радикалдар қатарына кедейліктің кесірінен емес, қоғамнан шетқақпай көргендіктен қосылған. Ресейдегі мигранттардың өмірі қандай қиын екені белгілі: жұмыс ауыр, кемсітушілік факторлары көп, мигранттар ол жақта өздерін екінші сортты адам сезінеді. Бұған қоса, олар туыстарынан жырақтап, қоғамнан шеттетіліп қалғандай сезінеді. Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» радикал ұйымына қосылғандардың ішінде ислам дінін енді ғана қабылдаған еуропалықтар да көп. Олар да өздерін қоғамнан әлеуметтік шетқақпай көргендей сезініп радикалдарға ерген. Олардың бәрі кедей деуге болмайды. Демек мұның себебін кедейлікпен қатар, олар тап болған әлеуметтік оқшауланудан іздеу керек.

Астанадағы Назарбаев университетінің саяси ғылымдар мен халықаралық байланыстар бөлімі профессоры Элен Тибо.
Астанадағы Назарбаев университетінің саяси ғылымдар мен халықаралық байланыстар бөлімі профессоры Элен Тибо.

Азаттық: - Үндеуде сіздер дәстүрлі емес топтар қауіпті деген тұжырыммен келіспейтіндеріңізді де мәлімдепсіздер. Аймақта жағдайды шайқалтуы мүмкін қандай жағдайлар бар деп ойлайсыз?

Элен Тибо​: - Совет әдебиетінде ваххабизм - исламның дәстүрлі емес ағымы деп көрсетілген. Қазір жағдай өзгерді. Ваххабиттер туралы әлі айтады, бірақ қауіп төндіретін топ ретінде салафиттерді қарастырады. Дәстүрден тыс топтарды және адамның салафизм ағымын уағыздайтынын кім анықтайды? Мұны қалай анықтау керек? Салафиттердің бәрі бірдей зорлық-зомбылықты қолдайтын радикал емес. Олардың зорлық-зомбылықты қолдануын алсақ, олар радикал емес. Бірақ қоғамды өзгерту тұрғысынан алғанда, олардың саясаты радикал болуы мүмкін.

Азаттық: - Үндеуде ОА елдерінде зайырлы үкімет пен діни ұйымдар арасында қайшылықтар бар деп көрсетілген. Бұл қақтығыс әлі бар ма?

Элен Тибо​: - Меніңше, бар. Бұл елдердің билігі діни жаңару зайырлылыққа қатер төндіруі мүмкін деп санайды. Аймақта дінді бақылауда ұстау сияқты совет заманынан мұраға қалған құбылыс әлі мықты. Үкімет дін саласын басқаруға жиі араласады. Бұл жерде қақтығыс туралы емес, дін қайраткерлерінің киіміне қатысты жөнсіз араласу туралы айтқан дұрыс. Біз мұндайды көп жылдар бойы Тәжікстаннан бақылап келеміз. Ол елде аймақтағы жалғыз діни партияға тыйым салынған. Оны террорлық ұйымдар тізіміне кіргізіп қойды. Оны мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айыптау көп күмән тудырады.

Айнұр Жекшеқызының сұхбаты орыс тілінен аударылды.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG