Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Мұсағали мен Жанболат


Жанболат Қайырденов Чат-Айтыстың 1/4 финалына шықты. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
Жанболат Қайырденов Чат-Айтыстың 1/4 финалына шықты. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың 1/4 финалының екінші жұбы - Мұсағали Тасқалиев пен Жанболат Қайырденов. Бұл сөз сайысында қазанның 20-ы түскі сағат 14.00-де тоқтаған оқырмандардың дауыс беруі бойынша 64-27 есебімен Мұсағали айқын жеңіске жетті.
Мұсағали Тасқалиев, чат айтысқа қатысушы. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
Мұсағали Тасқалиев, чат айтысқа қатысушы. Сурет жеке мұрағаттан алынған.

Мұсағали Тасқалиев чат айтыстың алғашқы кезеңінде алматылық Бейбіт Мекеевпен айтысып, 16-3 есебімен жеңіске жеткен.

Ақтөбе қаласында тұратын Мұсағали сол жолы «қарсыласының ақындық қабілетінің нашарлығынан ілкімді айтыс жасай алмағанын» айтқан еді. Мұсағали бұл жолы атыраулық Жанболат Қайырденовпен сөз сайыстырмақ.

Жанболат Қайырденов алғашқыда «Гомер» есімді ақынмен айтысып, 9-17 есебімен жеңіске жеткен.

Жанболаттың қарсыласы болған «Гомер» бізге жіберген өмірбаянында «Серпер», «Рух оянған күн» атты екі бірдей өлеңдер жинағының авторы екенін жазған еді. Соған қарамастан Жанболат оқырмандар тарапынан артық дауыс жинап, қарсыласын жеңді.

Құрметті оқырмандар, Чат-Айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-Айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
XS
SM
MD
LG