Accessibility links

Қазақстандағы «кран-қарсылықтар»


Әскери зейнеткер, запастағы подполковник Дәулет Жұмабеков құрылыс кранына шығып наразылық білдіріп отыр. Алматы, 28 қараша 2008 жыл.
Әскери зейнеткер, запастағы подполковник Дәулет Жұмабеков құрылыс кранына шығып наразылық білдіріп отыр. Алматы, 28 қараша 2008 жыл.

Кейбір жандар өз құқын қорғау үшін кейде төтенше қадамға барып жатады. Осындай амалдардың бірі – құрылыс кранына шығу. Қазақстанда Аязбековтер отбасындағы әйелдерден бұрын да кранға шығып наразылық танытқандар болған.

КРАНДА ӨТКЕН ЖЕТІ ТӘУЛІК

Көкшетау қаласының 53 жастағы тұрғыны Бағжан Аязбекова мен оның келіні Гүлім Бабақова кранның басында жеті күн отырған соң маусымның 4-і күні жерге өздігінен түсуге шамалары келмеді. Оларға Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмектесті. Жерге түскен кезде «бір аптадай отырған кран жаққа қарасам, басым айналып, құтым қашады» деген Бағжан Аязбекованы туыстары қолтығынан демеп тұрды.

Туысы Азамат Аязбековке қатысты барлық сот актілерінің күшін жою туралы бас прокуратураның қарсылық қағазына әйелдер кранға шығып қол жеткізді. Енді бұл қылмыстық іс қайта қаралуы тиіс. Азамат Аязбеков осыдан үш жыл бұрын қылмыстық айыппен тоғыз жылға сотталған.

Кейін Азамат Аязбековтің үкімі қайта қаралып, жаза мерзімі жеті жылға дейін қысқартылды. Бұған екі әйелдің тағы бір биікке шығып наразылық таныту акциясының ықпалы тиді. Бағжан Аязбекова өткен жылдың қараша айында кіші ұлы екеуі Астанадағы жылу қазандығының мұржасына да шыққан. Азаматтың анасы ол кезде «әділдік іздеуде бұдан басқа шарам қалмады» деген еді.

– Арпалысқаныма үш жыл болды. Үнемі «Бәрі заңды, бәрі негізделген» деген сырғытпа сөздермен шығарып салады. Енді, міне, бас прокуратура соттың барлық актілерінің күшін жою туралы қағазын берді. Бізді осындай халге жеткізбей, әділдікті ертерек орнатуға болмас па еді? Шарасыздықтан барған амалдардың арқасында сот актілерінің күшін жою туралы шешім қолыма тиді. Ендігі сөз – жоғарғы сотта. Жоғарғы сот бұл іске қатысты әділ төрелігін айтар деп үміттенемін. Егер жоғарғы сот та заңсыздыққа жол берсе, бұлар мені келесі
Егер жоғарғы сот та заңсыздыққа жол берсе, бұлар мені келесі жолы басқа елдің кранынан көретін болады.
жолы басқа елдің кранынан көретін болады. Қазақстанның емес, Мәскеу ме, әлде мүлде басқа республика бола ма – әйтеуір біріне барып, кранына шығамын, – дейді Бағжан Аязбекова.

Екі әйелдің наразылық акциясына қатысты түсінік берген бас прокуратура өкілдері «олардың талаптары заңда белгіленген тәртіппен онсыз да қаралып жатқан, мұндай төтенше қадамға барудың қажеті жоқ еді» дейді.

КРАН БАСЫНАН БАСПАНА ТАЛАП ЕТУ

Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақованың наразылық акциясына дейін кранға көбінесе ер адамдар шығып, наразылық білдіретін.

«Баспанасыз әскери қызметкерлер одағы» (СВ БОМЖ) ұйымының жетекшісі, запастағы подполковник Дәулет Жұмабеков әскери ведомствоны жайлаған жемқорлыққа наразылық білдіріп және әлеуметтік баспана талап етіп, 2008 жылдың 28 қарашасында Алматыдағы қараусыз қалған құрылыс алаңындағы
Бағжан Аязбекова мен келіні Гүлім Бабақова туыстары Азамат Аязбековті босатуды талап етіп, құрылыс кранының басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Бағжан Аязбекова мен келіні Гүлім Бабақова туыстары Азамат Аязбековті босатуды талап етіп, құрылыс кранының басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
кранның ұшар басына шығып алды. Ол «мені түсірмек болсаңдар, секіремін» деп қорқытты. Алайда сол күні кешкісін өз еркімен жерге түсіп, бірнеше күннен кейін Астанаға кетті. Оған билік өз міндеттемелерін орындауға уәде берді.

Дәулет Жұмабеков кранға шыққаннан бұрын да наразылық акцияларын өткізген. Бірде ол жұрттан садақа жинап, оны бұрынғы басшыларына поштамен салып жіберген. Ақыры зейнеттегі әскерилердің талабы ескеріліп, Қазақстан үкіметі әскери зейнеткерлерге үй сатып алуға ақша бөлді. Подполковник те көптен күткен пәтерін алды.

«ЖАЛАҚЫМЫЗДЫ ТӨЛЕҢДЕР!»

Кранға шығып құқығын талап ету – Астанада жиі болатын оқиға. Бірақ бұрын мұндай қадамға әдетте құрылысшылар баратын. Астананың сол жағалауындағы элиталық нысандарды салу кезінде жұмысшылар биік крандарға бірнеше мәрте көтерілді. Олардың қойған талаптары да қарапайым болды – адал еңбекпен тапқан ақшаларын төлету.

2007 жылы құрылыс алаңындағы кранға шығып алған екі ер адам «жалақымызды төлеп бермесеңдер, секіріп өлеміз» деген талап қойды. Жұмысшылардың бірі «бала-шағам аш отырғанша, асыраушысынан айырылды
Астанада салынып жатқан тұрғын үй қасындағы құрылыс краны.
Астанада салынып жатқан тұрғын үй қасындағы құрылыс краны.
деп төленетін жәрдемақы алып отырсын» деді. Олар компания басшылығынан «кешіктірілген жалақы толық төленеді» деген құжат алған соң ғана жерге түсті.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрылыс крандарының басына шығып наразылық таныту акциялары 2009 жылы төрт рет болды. Бірі желтоқсан айында, жаңа жыл мерекесінің қарсаңында өтті. Ондаған құрылысшы кран мұнарасына шығып, «Жалақымызды төлеңдер!» деген талап қойды. Олар да «өзімізді өлтіреміз» деп сес көрсетті.

Жұмысшылар «Жалдаған пәтерде тұрамыз, оның ақысын төлейтін ақшамыз жоқ. Азық-түлікті дүкенге құжаттарымызды тастап, қарызға аламыз» деді. Кранның басында отырған олар «Лазурный квадратты» (элиталық тұрғын үй кешендерінің бірі) өз есебімізден тұрғызудан шаршадық» деп айқайлады. Кран басында бірнеше сағат отырған олар да жалақы толық төленеді деген уәде алып, жерге түсті.

Бірақ Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақованың наразылық акциясы бірнеше тәулікке созылды. Әйелдер кранның ұшар басына шығып, суық желдің өтінде жеті тәулікке жуық отырды. Билікпен келіссөздерді ұялы телефон арқылы жүргізді. Бас прокуратура «туыстарыңның қылмыстық ісін қайта қарау туралы жоғарғы сотқа талап-хат жолданды» деген соң ғана төменге түсуге келісім берді.

Айтпақшы, кран басына шығып наразылық таныту Қазақстанға ғана тән құбылыс емес. Биыл ақпан айында Францияның Нанта қаласында ер адам кранда үш түнін қатар өткізді. Әйелінен ажырасқан ол әкелік құқықтарына қатысты шығарылған сот шешіміне қарсылық білдіріп, баласымен кездесуге тең құқық берілуін талап етті. Өзін Францияның әділет министрлігі қабылдап, шағымын тыңдауға келісім берген соң ғана краннан түсті.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG