Accessibility links

Интернеттегі жеке бас мәліметін қорғау қозғалысы пайда болды


Эшер Уолф (лақап ат), CryptoParty-дың негізін қалаушы. 27 қараша 2012 жыл
Эшер Уолф (лақап ат), CryptoParty-дың негізін қалаушы. 27 қараша 2012 жыл
CryptoParty (Криптопати) қолданушылардың жеке мәліметтерін теріс пиғылды сырт көзден жасыру жолдарын үйретеді.

Тамыз айында Австралия парламенті интернет провайдерлерді қолданушылар туралы мәліметтерді жинап бақылауға міндеттейтін кибер қылмыс туралы заң жобасын қабылдаған болатын.

Бұл қадам жеке бас мәліметіне қол сұғуға қарсы шығатын белсенді қоғамдық топтарды сақтану әрекеттеріне көшуге мәжбүрлеген еді.

CRYPTOPARTY-ДЫҢ БАСТАУЫ

Сондай азаматтардың бірі 32 жастағы Эшер Уолф (лақап аты) Уикиликс жайлы ақпараттарды Twitter-де таратып, қарапайым қолданушылардың жеке бас мәліметін құпия ұстау хақысын қорғайтын қозғалыс жұмысымен айналысады.

Осыдан шамамен төрт ай бұрын @mlk3y деген аккаунтпен тіркелген Twitter-дегі досы жаңа заңды мысалға келтіре отырып "крипто-эппс пати бағдарламасын орнататын мезгіл жеткен сияқты" деп жазған. Ол "крипто-эппс пати" деп қолданушылардың жеке мәліметтерін қорғауға көмектесетін компьютерлік бағдарламаны меңзеген еді.

Эшер Уолф болса, өтірік-шыны аралас: «Чиптерімізді алып аулаға барып жиналайық. CryptoParty (Криптопати, яғни криптографиялық қосымшаларды талқылайтын кеш) ұйымдастырайық!» деп ұсыныс айтқан.

Сол уақыттан бері қазірге дейін әлем бойынша 30-дан астам елде «криптопати» өтіп үлгерген. Оның басым бөлігі батыста, сонымен бірге Каир мен Манилада, ал қарашаның 27-і күні Тунисте өтті.

"АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ ҚОЛ СҰҒУЫН ҚИЫНДАТҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ"

CryptoParty-дың принципі өте қарапайым: адамдар жиналып, жеке бас мәліметтерін берік сақтаудың жолдарын үйренеді.

CryptoParty-дың бұл іске лайық үздік құрал деп ұсынатын нақты жобасы жоқ.

Бірақ Уолфтың айтуынша, негізінен үш технологияға мән беріледі: интернетте анонимді түрде қалуға көмектесетін Тоr, электрондық жәшікті жасыратын PGP (Pretty Good Privacy) және чат жазысуда анонимділікті сақтайтын Off-The-Record протоколы.

- Біз әлем үкіметтері мен компанияларының азаматтардың жеке өміріне қол сұғуын қатты қиындатқымыз келеді. Сонымен бірге азаматтарда жеке мәліметтерін сақтау жауапкершілігі қалыптасса дейміз және оны қалай сақтауға болатынын көрсетеміз, - дейді Эшер Уолф.

Орталықтанбаған CryptoParty-дың жетекшісі де жоқ. Уолф оған неғұрлым әртүрлі топтарды тартқысы келеді екен: аналар, студенттер, өздерінің ақпарат көзін айтқысы келмеген журналистерге дейін.

КРИПТОГРАФИЯНЫ ТАБУ СИПАТЫ

Шифрлеу немесе криптография үнемі жоғарғы элитаның қолында болып келді. Кезінде бұл үкіметтер мен әскерилерде ғана бар жалғыз басымдық болатын. Олар кілт, түрлі кодтар мен шифрлар пиғылы теріс адамдардың қолына түссе, платоний қаруынан кем болмайды деп ойлайтын.

Бірақ 1990 жылдары дами бастаған сайферпанктер (cypherpunk) қозғалысы бұл көзқарасты түбегейлі өзгерткен. Сайферпанк белсенділері криптографияның игілігін тек үкімет қана емес, сонымен бірге қарапайым азаматтар да меңгеруі тиіс деп есептеген.
Үш технологияға мән беріледі: интернетте анонимді түрде қалуға көмектесетін Тоr, электрондық жәшікті жасыратын PGP (Pretty Good Privacy) және чат жазысуда анонимділікті сақтайтын Off-The-Record протоколы.


Белгілі бір уақыт аралығында криптография техника тіліне жетік санаулы белсенді адамдардың қолында болды. Олардың көбі үкіметке қарсы шығып, либералдық бағытты қатаң ұстанды.

Олар программалар мен протоколдарды жетілдірді. Бірақ орташа сауаты бар компьютер қолданушысы үшін бұл білім өте күрделі болып көрінді.

Бір ұлы бар жалғызбасты ана Эшер Уолфтың осыдан үш жыл бұрын тіпті ноутбугы да болмаған (смартфон қолданған). Ол Twitter-дің орнына Facebook қолданған. Университетте медиа коммуникация мен криминологияны оқығаннан кейін үкіметтік емес ұйымға жұмысқа тұрған.

- Мен өзімді технолог азамат деп атаймын. Оның мағынасы өзім түсінбейтін технологиялық тәсілдерді меңгергенше тыншымаймын, - дейді ол.

Үш жасар баласы ұйқыға кете салысымен ол өзін онлайн режимде қалай қорғау керектігін меңгеруге тырысқан.

АУА ЖАЙЫЛҒАН ИДЕЯ

Уолфтың айтуынша, CryptoParty-де барлық ақпарат орташа сауаты бар қолданушы ұғатындай деңгейде түсіндіріледі.

- Сенде криптография мен түрлі технологияның сарапшысына айналуы тиіс адамдар болады және олар ешқашан оны жай азаматтарға үйретіп көрмеген. Кенеттен олар журналистер мен студенттер, белсенділердің алдына шығып алып командалық тізбектер туралы түсіндіре бастады, - дейді ол.

Осы жазда Cryptocat атты програмалық жабдықтау жүйесі техникалық қысымға ұшырады. Cryptocat - бұл қолданушылар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін браузерге орнатылатын платформа. Оның бір артықшылығы қолдануға өте оңай және оны орнату үшін қосымша жүктеулердің қажеті жоқ. Бірақ программаны сынаушылар оның шабуылдарға төзбейтін әлсіздігін атап өткен.
Интернет қолданушы
Интернет қолданушы

CryptoCat туралы пікірталастарда "бірінші орынға дизайны мен қолайлығын қоясыз ба, әлде қауіпсіздігін бе" деген сұрақтар қойылды.

Эшер Уолфтың ойынша, CryptoParty адамдарға өздерінің қауіпсіздігін сақтауға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге программа жасаушылар мен қолданушылар арасында байланыс орнатуға көмектеседі.

Кейбір программалардың күрделілігін тілге тиек еткен ол "кей кезде программа жасаушыларға қосымшаң керемет, бірақ оны қолдану мен функциялары өте жаман, қарапайым қолданушы оны түсіне алмайды дегің келеді" дейді.

Эшер Уолф Twitter-де CryptoParty идеясы туралы айта бастаған кезде кейбір криптографиялық қауымдастықтар тарапынан тосқауыл сезе бастағанын айтады. Оның ойынша, мұндай қауымдастық өкілдері оған: «Бізге тізе бүгіп, табанымызды жала» дегендей әсер қалдырған.

Бірақ ол бұған ашуланудың орнына әріптестікке шақырған.
Пайда болғанына көп болмаса да CryptoParty әлемде тез таралып, барған сайын оны өткізуді жоспарлаған қалалар саны көбейіп барады. Оны Electronic Frontier қорының белсенділері және көптеген крипто-қауымдастықтар қолдап шыққан.


- Егер сіздер әрекетімізді зиянды және қате деп ойласаңыздар, олай болса оны мықтырақ жүзеге асыру жолдарын айтыңыздар. Сіздерді әріптестікке шақырамыз және сырамен сыйлайтын едік. Мұндай үнемі сары уайымға берілетін сыншылар көп. Бірақ криптографияға жаны жақын мүдделес адамдар да табылып жатыр, - дейді ол.

Пайда болғанына көп болмаса да CryptoParty әлемде тез таралып, барған сайын оны өткізуді жоспарлаған қалалар саны көбейіп барады. Оны Electronic Frontier қорының белсенділері және көптеген крипто-қауымдастықтар қолдап шыққан.

Ардагер хакер Оксблуд Рафин электрондық жәшігінде «CryptoParty-ді ересектердің анонимдік жинақы образы» деп атаған.

Бірақ қозғалыс кейбір қиындықтарға кезігіп отыр. Берлинде басылып шыққан 392 беттен тұратын CryptoParty-дың анықтамалық кітабы техникалық ақауларға ұшырап, кейбір сарапшылар қауіпсіздік деңгейі төмен құрал ретінде бағалаған.

Кейбірі бұл тәсілдің "диджитал-белсенділіктің" қуғын-сүргін әрекеттері жиі болатын елдерден гөрі тек батыс демократиясы принциптерін ұстанатын елдерге сәйкес келетінін айтқан.

Уолфтың пікірінше, бұған бір ғана амал бар - сессияларды онлайн немесе жабық түрде өткізу керек.

"Біз әрине, кейбір елдерде CryptoParty-ді жылы қабылдамайтынын білеміз" дейді ол. Оның айтуынша, Египетте CryptoParty жабылып, көпке айтылмайтын болған.

Ол бұл құралды ойлап таппақ болғанда әлемнің басқа бұрышындағы Тунистен гөрі өз басының қауіпсіздігін көбірек күйттегенін айтады. Бірақ интернеттегі жеке бас мәліметі мен қауіпсіздігін сақтау тек бір мәдени ортаға түсінікті идея болып қалмайтынына және сенеді.

(Мақаланы әзірлеуге Мақпал Мұқанқызы үлес қосты)
XS
SM
MD
LG