Accessibility links

«Шахтер» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті

2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысы аясындағы Қазақстан - Германия ойынына келген қазақ жанкүйері. Астана, 27 наурыз 2013 жыл. 
1/11 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысы аясындағы Қазақстан - Германия ойынына келген қазақ жанкүйері. Астана, 27 наурыз 2013 жыл. 
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" (Қазақстан) - "Хедд" (Норвегия) кездесуіндегі ақтөбелік жанкүйер. Ақтөбе, 26 шілде 2013 жыл. (Сурет "Ақтөбе" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды).
2/11 Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" (Қазақстан) - "Хедд" (Норвегия) кездесуіндегі ақтөбелік жанкүйер. Ақтөбе, 26 шілде 2013 жыл. (Сурет "Ақтөбе" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды).
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
Қарағандылық "Шахтер" командасының жанкүйерлері дайындаған баннер. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет "Шахтер" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды). 
3/11 Қарағандылық "Шахтер" командасының жанкүйерлері дайындаған баннер. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет "Шахтер" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды). 
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" (Қазақстан) - "Брейдаблик" (Исландия) кездесуіне келген қазақстандық футбол фанаттары. Ақтөбе , 1 тамыз 2013 жыл. (Сурет "Ақтөбе" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды). 
4/11 Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" (Қазақстан) - "Брейдаблик" (Исландия) кездесуіне келген қазақстандық футбол фанаттары. Ақтөбе , 1 тамыз 2013 жыл. (Сурет "Ақтөбе" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды). 
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
<span style="font-family: 'Arial Unicode MS', Arial, Helvetica, sans-serif; font-size: 11px; background-color: rgb(247, 247, 247);">&quot;Ақтөбе&quot; (Қазақстан) - &quot;Хедд&quot; (Норвегия) ойынынан кейінгі сәт. Футболшылар жергілікті жанкүйер алдында ризашылықтарын білдіріп жатыр.&nbsp;</span><span style="font-family: 'Arial Unicode MS', Arial, Helvetica, sans-serif; font-size: 11px; background-color: rgb(247, 247, 247);">Ақтөбе,&nbsp;</span><span style="font-family: 'Arial Unicode MS', Arial, Helvetica, sans-serif; font-size: 11px; background-color: rgb(247, 247, 247);">26 шілде 2013 жыл.&nbsp;</span>
5/11 "Ақтөбе" (Қазақстан) - "Хедд" (Норвегия) ойынынан кейінгі сәт. Футболшылар жергілікті жанкүйер алдында ризашылықтарын білдіріп жатыр. Ақтөбе, 26 шілде 2013 жыл. 
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
&quot;Шахтер&quot; (Қарағанды) - &quot;Скендербеу&quot; (Албания) матчы. Астанадағы ойынға Қарағандыдан үш мыңға жуық жанкүйер барды. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет vesti.kz сайтынан алынды).&nbsp;
6/11 "Шахтер" (Қарағанды) - "Скендербеу" (Албания) матчы. Астанадағы ойынға Қарағандыдан үш мыңға жуық жанкүйер барды. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет vesti.kz сайтынан алынды). 
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
&quot;Ақтөбе&quot; (Қазақстан) - &quot;Брейдаблик&quot; (Исландия) матчына келген жанкүйерлерге билет жетпей қалды.&nbsp;Ақтөбе , 1 тамыз 2013 жыл.
7/11 "Ақтөбе" (Қазақстан) - "Брейдаблик" (Исландия) матчына келген жанкүйерлерге билет жетпей қалды. Ақтөбе , 1 тамыз 2013 жыл.
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
&quot;Шахтер&quot; (Қарағанды) - &quot;Скендербеу&quot; (Албания) матчына келген жанкүйер. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет vesti.kz сайтынан алынды).
8/11 "Шахтер" (Қарағанды) - "Скендербеу" (Албания) матчына келген жанкүйер. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет vesti.kz сайтынан алынды).
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
&quot;Шахтер&quot; (Қазақстан) - БАТЭ (Беларусь) матчының жанкүйерлері. Қарағанды, 23 шілде 2013 жыл.&nbsp;
9/11 "Шахтер" (Қазақстан) - БАТЭ (Беларусь) матчының жанкүйерлері. Қарағанды, 23 шілде 2013 жыл. 
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
&quot;Шахтер&quot; (Қарағанды) - &quot;Скендербеу&quot; (Албания) матчындағы қазақстандық жанкүйерлер. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет vesti.kz сайтынан алынды).
10/11 "Шахтер" (Қарағанды) - "Скендербеу" (Албания) матчындағы қазақстандық жанкүйерлер. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет vesti.kz сайтынан алынды).
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
&quot;Шахтер&quot; (Қазақстан) - БАТЭ (Беларусь) клубтары арасындағы ойынға 15 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Қарағанды, 23 шілде 2013 жыл. &nbsp;
11/11 "Шахтер" (Қазақстан) - БАТЭ (Беларусь) клубтары арасындағы ойынға 15 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Қарағанды, 23 шілде 2013 жыл.  
Қазақстан мен шетелдік футбол командалары арасындағы ойындарға жанкүйерлер дайындықпен келеді.
Previous slide
Next slide

Тамыздың 7-сі күні Албанияда "Скендербеу" командасымен кездескен «Шахтер» екі ойынның нәтижесі бойынша Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті.

Спорт комментаторы Рауан Оқас «Шахтердің» жеңісін тарихи оқиғаға балайды.

- «Шахтер» - еуротурнирлердің, мейлі ол Чемпиондар лигасы немесе Еуропа лигасы болсын, топтық кезеңіне шыққан тұңғыш қазақстандық клуб, - дейді ол.

ТҰҢҒЫШ «ПЛЕЙ-ОФФ»

«Шахтер» рейтингіне байланысты чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен босатылған еді. Екінші раундта Беларусь чемпионы БАТЭ клубын жеңді. Ал үшінші іріктеу ойынында Албания чемпионы «Скендербеумен» кездесті. Астанада шілденің 30-ы күні өткен алғашқы матчта «Шахтер» албаниялық команданы 3:0 есебімен ұтты. Албания астанасы Тирана қаласында тамыздың 7-сі күні өткен қарымта кездесуде «Скендербеуден» 2:3 есебімен ұтылғанымен, екі ойынның қорытындысы бойынша «Шахтер» келесі кезеңге өтті.

"Скендербеу" қақпасына гол соққан "Шахтер" шабуылшысы Сергей Хижниченконы әріптестері құттықтап жатыр. Албания, Тирана, 7 тамыз 2013 жыл.
"Скендербеу" қақпасына гол соққан "Шахтер" шабуылшысы Сергей Хижниченконы әріптестері құттықтап жатыр. Албания, Тирана, 7 тамыз 2013 жыл.
Алғашқы 30 минутта «Шахтер» қақпасына «Скендербеу» ойыншылары қатарынан 3 гол салды. Қарағандылық команда Чемпиондар лигасының келесі айналымына өте алмай қалатындай көрінген. Алайда «Шахтер» қарсыластар қақпасына 2 доп соғып, Қазақстан командасы тұңғыш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жетті (Плей-офф – жеңілген команда бірден чемпионаттан шығып қалатын қатаң іріктеу жүйесі).

Егер келесі айналымда да жеңіске жетсе, «Шахтер» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді. Ал ұтылса, УЕФА ұйымдастыратын, дәрежесі жағынан Чемпиондар лигасынан кейінгі жарыс - Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды. «Шахтер» қазірдің өзінде Еуропа лигасына жолдама алып қойды.
Қарағандылық команданың плей-офтағы қарсыласы тамыздың 9-ы күні өтетін жеребеден кейін белгілі болады.

ЖАНКҮЙЕР РЕАКЦИЯСЫ

Тиранадағы шешуші ойынға барып, тамашалаған спорт журналисі Ермұхамед Мәулен:

"Шахтер" командасы "Скендербеумен" матч алдында. Астана, 30 шілде 2013 жыл. Сурет Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.
"Шахтер" командасы "Скендербеумен" матч алдында. Астана, 30 шілде 2013 жыл. Сурет Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.
​- Бір жыл бұрын ешкім «Шахтер» еуротурнирлердің топтық кезеңіне шығады деп ойлаған жоқ. Бір жыл бұрын «қазақстандық командалар ірі жарыстарда ойнайды» деп айтудың өзі күлкілі еді. Қазір бұл – шындыққа айналды, - дейді Азаттық тілшісіне.

Ал футбол фанаты Алмас Маратұлы:

- Жыл сайын ұпай таратушы болып келген қазақстандық клубтар биыл Еуропада сенсация жасады. Енді біздің клуб та («Шахтер» - ред.) Еуропаның мықты командаларымен бір алаңда ойнайды, - дейді.

«ЕНДІ ЖЕРЕБЕ КҮТЕМІЗ»

Матчтан кейін баспасөз мәслихатын өткізген «Шахтер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков «Біз Тиранадағы ойынды сәтсіз бастап, алғашында 3:0 есебімен ұтылып жаттық. Бірақ кейін барлық қателіктерді түзеп, керекті нәтижеге жеттік. Жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Енді плей-офф кезеңінің жеребесін күтеміз» деді.

Виктор Кумыков, "Шахтер" командасының бас бапкері. (Сурет команданың ресми сайтынан алынды)
Виктор Кумыков, "Шахтер" командасының бас бапкері. (Сурет команданың ресми сайтынан алынды)
"Шахтер" командасының келесі қарсыласы туралы ақпарат құралдарында әртүрлі болжам бар. Олардың қатарында ресейлік «Зенит», франциялық «Лион», шотландиялық «Селтик», швейцариялық «Базель» сияқты командалар аталады.

Алайда өтіп жатқан ойындардың нәтижесіне және жеребеге қарай "Шахтер" бұлардан басқа клубтармен ойнауы да мүмкін.

Қазақстандық клубтар Еуропа турнирлеріне 2003 жылдан бері қатысып келеді. Бірақ олар чемпиондар лигасы іріктеу жарысының плей-офф кезеңіне жетіп көрмеген және Еуропа лигасының топтық кезеңінде де ешқашан ойнамаған.

Биылғы жетістіктердің арқасында Қазақстан УЕФА рейтингісінде 40-орыннан 34-орынға көтерілді.
Айдар
XS
SM
MD
LG