Accessibility links

Қазақстанның аз өнімі – көршілеріне уайым


Егін жинап жүрген комбайн. Астана маңындағы Ақкөл ауылы, 11 қазан 2011 жыл.
Егін жинап жүрген комбайн. Астана маңындағы Ақкөл ауылы, 11 қазан 2011 жыл.
Былтыр 26 миллион тонна өнім алған Қазақстан 2012 жылы 1 миллион гектар егіс алқабы күйіп кеткенінің кесірінен 13 миллион тонна бидай жинады. Бірақ ауыл шаруашылық министрлігі «егін аз болса да, экспортты тоқтатпайтынын» мәлімдеді.

БЫЛТЫР – 26 МИЛЛИОН, БИЫЛ – 13 МИЛЛИОН

Қостанай облысы Амангелді ауылының тұрғыны Сәруар Аханов «биыл күннің ыстығынан егістік күйіп, бидай дұрыс шықпай қалғанын» айтады.

– Былтырғы жазда бидай жақсы шыққан. Былтыр үш гектар жерден бір тоннадан асатын өнім алып едім. Биыл үш гектардан бар болғаны алты центнер (600 килограмм – ред.) бидай шықты. Ауа райы қолайсыз болды. Жаңбыр жоқ, күн ыстық. Жаңбыр болмаған соң, каналдың суымен суардық ауыл халқы кезекке тұрып. Бірақ ол суарудың көмегі аз болды. Кезек 15-20 күнде келеді. Оған дейін егістік кеуіп кетеді. Биыл жазда бес-алты рет қана жауын жауды, – деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін шаруашылығы басқармасының бастығы
Бидайды тексеріп тұрған жұмысшы. Астана маңындағы Ақкөл ауылы, 11 қазан 2011 жыл.
Бидайды тексеріп тұрған жұмысшы. Астана маңындағы Ақкөл ауылы, 11 қазан 2011 жыл.
Сағынтай Жұмажановтың айтуынша, биыл Қазақстанда 1,1 миллион гектар егін алқабы күйген.

– Қуаңшылық бізде ғана емес, басқа да шетелдерде болды. Жаздағы күннің ыстықтығынан биылғы өнім былтырғыдан аз. Биыл 15,1 миллион гектар жерден ғана өнім алдық. Жалпы, биыл Қазақстан 13 миллион тонна бидай жинады, – деді министрлік өкілі.

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков «Биылғы бидай өнімі былтырғыдан екі есе аз болса да, ішкі нарықты толық қамтамасыз ете аламыз. Экспортқа да бидай шығару жалғаса береді» дейді.

– Биылғы 13 миллион тонна, былтырғыдан қалған 9,8 миллион тонна бидай Қазақстанға жетеді. Осы өнімнің 10 миллион тоннасын экспортқа шығарамыз. Орталық Азия және Кавказ, Парсы шығанағы елдері мен Ауғанстанға 7 миллион тонна бидай сатылады. Қалғаны Қытай арқылы оңтүстік-шығыс Азия елдеріне кетеді. Солтүстік Африка елдерінен де ұсыныс түсті, – деді ауыл шаруашылық министрі.

Министрдің мәліметінше, келер көктемде тұқым тапшылығы болмас үшін 50 мың
Егін жинап жүрген комбайндар. (Көрнекі сурет)
Егін жинап жүрген комбайндар. (Көрнекі сурет)
тонна бидай тұқымға бөлінген.

Ал франциялық Zonebourse.com порталының жазуынша, «2011 жылы 26 миллион тонна бидай жинаған Қазақстан биыл бар болғаны 14 миллион тонна өнім алды».

«Жаздағы қуаңшылықтан Ресей мен Украина да көп шығынға ұшырады. Украина биыл 34 миллион тонна, ал Ресей 70 миллион тонна өнім алды. 2011 жылмен салыстырғанда Украинаның өнімі 6 тоннаға, ал Ресейдікі 20 тоннаға аз» деп жазады сайт.

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭКОНОМИКАСЫНА СОҚҚЫ»

Францияның 20 minutes басылымы «Еуразиядағы бидай өндірісі бойынша көшбасшы елдеріндегі және АҚШ-тағы қуаңшылық әлемде ұн, нан өнімдерінің бағасы қымбаттауына әсер етуі мүмкін. Қазір дүниежүзілік банк те әлемде азық бағасының қымбаттап кетуінен қауіптеніп отыр» деген ақпарат таратты.

Ал «Business New Europe» журналының жазуынша, «Қазақстандағы бидай өнімінің
Астық үйіп жүрген адам. (Көрнекі сурет)
Астық үйіп жүрген адам. (Көрнекі сурет)
аздығы – Орталық Азия экономикасына үлкен соққы».

«Биыл Қазақстандағы егіс өнімі екі есе азайды. Бұл Қазақстаннан бидай сатып алатын Орталық Азия елдері үшін тиімсіз. Бидай экспортының бағасы қымбаттайды. Соған сәйкес Орталық Азия елдерінде азық бағасы да көтеріледі. Негізі, Қырғызстан мен Тәжікстан жыл сайын Қазақстаннан бидай сатып алады» деп жазады еуропалық басылым.

Бұл басылымның жазуынша, Қазақстан ішкі нарығын нанмен қамтамасыз ету үшін астық қорындағы 1,3 миллион тонна бидайды арзан бағамен сатады. Мемлекет ұн зауыттарына бидайдың тоннасын 28 мың теңгеден (2011 жылғы баға сақталған) сатып, елдегі ұн және нан бағасын қымбаттатпай ұстап тұрмақ.
XS
SM
MD
LG