Accessibility links

Қазақстанда қалып қойған «АЛЖИР» тұтқындары


Александр Тайгаринов, «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» («АЛЖИР») тұтқындарының ұлы. Ақмол кенті, 14 сәуір 2011 жыл.
Александр Тайгаринов, «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» («АЛЖИР») тұтқындарының ұлы. Ақмол кенті, 14 сәуір 2011 жыл.

«Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» («АЛЖИР») жабылғаннан кейін де қамаудан босаған үш тұтқын сол жерден кете алмады.


Олар бұрынғы тұтқындар қонысында қалып, жаңадан отбасы құрды. Атышулы «АЛЖИР» олардың кейінгі тағдырларына да әсер етті.

Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұлы Александр Тайғарынов бұрынғы «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» аумағында тұрады. Александр 1945 жылы 8 қарашада, лагерь жабылған соң бұрынғы тұтқындар, сонан кейін арнайы қоныс аударылғандар мен алғашқы тың игерушілер тұрған баракта дүние есігін ашты.

«Халық жауының» әйелі ретінде «АЛЖИР» лагерінде бес жыл тұтқында отырып шыққаннан кейін де сол жерде қалған шешесі, украин әйелі Ефросия Яковленко Донбастан айдалып келген еді. Оның күйеуі партия қызметкері болатын. Ата-аналары қамауға алынған соң артында қалған үш баланы балалар үйіне жіберді.

Жүздеген ГУЛАГ лагерлерінің бірі «АЛЖИР» лагерінде Сталиннің кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері, аналары мен басқа да туыстары бар – бас-аяғы сегіз мыңға жуық әйел қамауда ұсталды. Мұнда партия, комсомол және совет қызметкерлерінің, ғалымдар мен жазушылардың, офицерлер мен актерлердің әйелдері мен туған-туыстары отырды.

«ЕРЛЕР ҚЫРЫЛЫП, ӘЙЕЛДЕР ЖАН САҚТАП ҚАЛДЫ»

Ефросия Яковленко қамаудан босағаннан кейін Серікбай Тайғарыновқа тұрмысқа шықты. Олар «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» кездестірді. Бұл лагерьге 1940-жылдардың ортасынан бастап 58-баппен айыпталған ер адамдар да қамала бастаған болатын.

Әйгілі 58-бап бойынша «шетелге тыңшылық етті», «отанын сатты», «совет
Тұтқындар тасымалдайтын сталиндік вагон саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында тұр. Ақмол кенті, 12 сәуір 2011 жыл.

өкіметін құлатпақ болды», «қарулы көтеріліс дайындады», «әскери сатқындар туралы хабарламады», «шет мемлекеттермен байланыс орнатты» деген ауыр айып тағылған адамдар сотталатын.

Айтпақшы, «АЛЖИР» тұтқындарының бірінің айтуына қарағанда лагерьде ер адамдардың қынадай қырылғанымен, әйелдер көбірек жан сақтап қалған. «Олар аштық азабын азайтқысы келіп, тұзды суды көп ішті, сонан ісініп-ісініп өле берді, өле берді...» деп жазады Мария Даниленко 2002 жылы «Жеті жарғы» баспасынан шыққан «Қасіретті тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп аталатын кітаптағы естеліктерінде.

Үйінен тығып қойылған астық табылып, 10 жылға сотталған Серікбай Тайғарынов Алексеев ауданындағы Трудовой колхозының төрағасы болып жұмыс істеді. Шаруашылық тұрпаты өзгергенімен бұл ауыл әлі де бар.

УКРАИН-ҚАЗАҚ ОТБАСЫ

– Шешемді лагерден босатқанда соғыс басталып кетіп, Украина немістердің қолында қалып қойды. Әкеміздің де әйелі мен баласы аштықтан өлді. Сөйтіп екеуі осы жерде тіл табысыпты. Анамның үлкен ұлы Анатолий де жетті.
Бұл ғимаратта «АЛЖИР» лагеріндегі тұтқын әйелдерге арналған монша болған. Лагерь жабылған соң ғимаратты тағы бір қабатқа көтеріп, қазір мұнда электр станциясы тұр. Ақмол кенті, 14 сәуір 2011 жыл.

Майданға өз еркімен аттанып, жарақат алған соң осы жерге Костя мен Машаны ала келді. 1944 жылы Алла туды, 1945 жылы мен дүниеге келдім. Сөйтіп бес бала болдық. Әкем Украинадан келген үш бала мен біз екеумізді тәрбиелеп өсірді, – дейді Александр Тайғарынов Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Осынау украин-қазақ отбасынан қазір Александр ғана қалды. Ол үлкен ағасының басқасының барлығы Қазақстанда жерленгенін айтады.

– Әкемізден бауы бар сағат қана қалды. Шешемізден қалған ештеңе жоқ, қайсыбір заттарын музейге беріп жібердім, – дейді Александр Тайғарынов.

Украинаға анасы үш рет қана барыпты, онда да туған-туыстары бар кезде. «Сонда қалғыңыз келмей ме?» деп үнемі сұрайтын едім. Бірақ осы жаққа бауыр басып қалды ғой» дейді Александр Тайғарынов.

КҮЗЕТШІНІҢ ҰЛЫМЕН БІРГЕ ОҚУ

Лагердің қандай болғаны Александр Тайғарыновтың да есінде қалыпты. Кішкентай кезінде тұтқындар жуынып-шайынатын лагерьдің моншасына барыпты. Бұл монша ғимаратының үстіне кейін тағы бір қабат қосып, Ақмол поселкесінің электрстанциясын орнатқан екен. Ал жұмыстан қайтқан
Сталиннің суреті бар газетті алып, «жұрт баратын жерге» бара жатқаным есімде. Әкем қолымдағы газетті байқап қалып, мені шапалақтап тартып жіберді де, газетті жазып, тегістеп қойды. Ол кездің адамдары өте қатты қорқатын еді.

тұтқындарды тексеретін жерді оның туыстары үйге айналдырып алыпты.

Александр Тайғарынов өзінің Сталин тірі кезде мектепке барғанын айтады.

– Күзетшінің баласы менімен бір партада отырды. Ал – мен тұтқынның баласымын. Дос болып кеттік, қазір де араласып тұрамыз. Баланың не жазығы бар. Міне, өмір деген осындай, – дейді Александр Тайғарынов.

Оның сөзіне қарағанда, өздерін сотсыз, тергеусіз халық жауы деп жариялағанына ата-аналары іштей қапа болғанымен, онысын сыртқа шығарып айта алмаған.

– Сталиннің суреті бар газетті алып, «жұрт баратын жерге» бара жатқаным есімде. Әкем қолымдағы газетті байқап қалып, мені шапалақтап тартып жіберді де, газетті жазып, тегістеп қойды. Ол кездің адамдары өте қатты қорқатын еді, – дейді бұрынғы саяси тұтқындар Ефросия Яковленко мен Серікбай Тайғарыновтардың ұлдары Александр.

БОСТАНДЫҚ

«Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерін» 1953 жылы Сталин өлгеннен кейін жапты. Көптеген әйелдер Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен-ақ бостандыққа шықты.

Бұрынғы тұтқындарға «Отыз тоғызыншы паспорт» деп аталатын паспорт берді. Бұл паспорт оларға «Совет Одағының 39 қаласында тұруға рұқсат
1930-50-ші жылдары саяси қуғын-сүргін құрбаны болғандарға арналған аллея. Ақмол кенті, 14 сәуір 2011 жыл.

етілмейтінін» білдіретін еді. Сондықтан қолдарына мұндай паспорт тигендердің біразы үйлеріне орала алмады. Көпшілігі Қазақстанда қалып қойды.

«АЛЖИР»-дің үш тұтқыны лагерь қонысына орналасты. Ефросия Яковленко секілді Наталья Баранкова мен Ирина Шубрикова да ешқайда кете алмады. Агроном Ирина Шубрикова мамандығы бойынша жұмыс істеп, кейін «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген агрономы» деген құрметті атаққа ие болды.

«Ақмола лагерінде екі баласымен бірге Карина Мальцева да отырды. Бостандыққа шыққанмен оның баратын жері де жоқ еді: күйеуін атып тастады, Мәскеудегі дүние-мүлкінің барлығын өкімет кәмпескеледі. Сөйтіп ол да Ақмолада қалмаққа бекінді» дейді «АЛЖИР» деп аталатын саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған мемориалды-музей
Лагерьден аш-жалаңаш шықтым. Артымнан ағам іздеп келді, сөйтіп Украинадағы үйімізге дейін жеттік. Бірақ ол жақта да ештеңе қалдырмай, барлығын кәмпескелеп әкеткен болатын.

кешенінің қызметкерлері.

– Ол Ақмола қаласындағы №28 орта мектепке барғанын айтып еді. Мектеп директоры қазақ екен. Сотталғанын, қолында екі баласы барын айтып түсіндіргеннен кейін, шелек пен шүберек тұрған бөлмені беріп, еден жуушы қызметіне алыпты. Ол осы бір бөлмеде шағын кереуетте бала-шағасымен бірге тұрды. 1956 жылы ақталды. Ақыры осы мектеп директорының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары лауазымымен зейнетке бір-ақ шықты, – дейді музейдің экскурсия бөлімінің бастығы Роза Жақсыбаева.

Бостандыққа шыққан соң отанына кетіп, кейін қайта оралғандардың бірі – Мария Даниленко. «Қасіретті тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») кітабындағы естеліктерде ол былай деп жазады: «Лагерьден аш-жалаңаш шықтым. Артымнан ағам іздеп келді, сөйтіп Украинадағы үйімізге дейін жеттік. Бірақ ол жақта да ештеңе қалдырмай, барлығын кәмпескелеп әкеткен болатын. Ағамның жағдайы мәз емес еді... Жұмысқа алмады, жейтін нан жоқ, арпаның нанын жесең, бір сағаттан соң қарның тағы ашады»

Ол Қазақстанда қалған Федосья Дуброваға хат жазғанын, кезінде оның қарамағында жүріп, астық қоймасында жұмыс істегенін айтады. Оның ақыл-кеңесінен соң Мария Даниленко 1947 жылы ақпанда Қазақстанға қайта оралады, бірақ бұл жерден де жұмыс табыла қоймайды. «Екі ай әркімнің арқасында күн көрген» соң Алматыға кетіп, сол жақтан жұмыс тапқан екен. Кейін Украинадан ұлын алдырып, жаңа өмірге кірісіпті.
XS
SM
MD
LG