Accessibility links

Үлескерлер мәселесінің шешімі бар ма?


Астана үлескерлерінің наразылық шарасы. 22 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Астана үлескерлерінің наразылық шарасы. 22 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазанның 10-ынан бастап «Тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысу туралы» заң күшіне енді. Заң аясында «Бәйтерек» холдингі үлескерлерге тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін кепілдік беру жүйесін іске қоспақ. Осы тақырыпты AzattyqLIVE заңгер Жандос Тұяқовпен талқылады.

«Бәйтерек» холдингі сайтындағы ақпаратқа қарағанда, қор «тұрғын үй құрылысына үлес арқылы қатысуды кепілдендіру жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, кепіл қажет болған жағдайда үлескерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау» мақсатында құрылған.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй салымын кепілдендіру қоры құрылмақ

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған тұрғын үй саны 450-ге жуық. Бұл үйлерге 60 мыңдай адам қоныстануы тиіс. Үлескер ретінде тіркелгендердің дені - Астана мен Алматы тұрғындары. Астанада құрылысы бітпеген 42 нысан бар. Наразы үлескерлер Қазақстанда екі-үш айда бір наразылық акцияларын өткізіп келеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлес арқылы қатысу туралы» заң үлескерлер мәселесін реттеуге қаншалықты ықпал етуі мүмкін? Заңның артықшылығы мен кемшілігі неде? Осы сауалдарға AzattyqLIVE бағдарламасында заңгер Жандос Тұяқов жауап берді.

XS
SM
MD
LG