Accessibility links

Түркия мен Ирактың мұнай таласы


Мұнай құбырын тексеріп жүрген жұмысшы. Ирак, 8 қыркүйек 2012 жыл.
Мұнай құбырын тексеріп жүрген жұмысшы. Ирак, 8 қыркүйек 2012 жыл.

The Economist басылымы "Түркия мен Ирак, Ирактағы Күрдістан отпен ойнап отыр" атты мақаласында Киркуктағы мұнай кеніші жанжалдың өршуіне себеп болғанын жазды.

Бағдадтың солтүстігінен 240 шақырым жерде орналасқан Киркук қаласынан басталып, Күрдістан арқылы Түркияның шығыс ауданындағы Анатолияға жетіп, Жерорта теңізіне бағыт алған Ирак мұнай құбырынан транзиттік жол есебінен Түркияға да шаш етектен пайда түсетін. "Күніне 1,6 миллион баррель мұнай өндірілетін мұнай құбырына байланысты дамыған инфрақұрылым екі елге де тәуелді болған" деп жазады The Economist желтоқсанның 20-сы күні жарияланған мақаласында.

Бірақ, басылымның жазуынша, "соғыстар, диверсанттар және 1990 жылдан бері салынып келе жатқан экономикалық санкциялар Ирактың мұнай құбырлар жүйесін бақылаусыз қалдырып, жүйесіз қылып жіберген".

"Ал Бағдадтың мұнай министрлігі құбыр жүйесін қалай қалпына келтіруді білмей отыр. Әрине, сонау оңтүстіктегі Басраның шикі мұнайын әкелу үшін көп қаражат керек" деп түйін жасайды мақала авторы.

КӨЗІР - КҮРДІСТАН

Басылым "Киркук-Жейһан" мұнай құбырына қатысты Түркияның көздеп отырған өз жоспары бар екенін жазады. Автордың баяндауынша, "Анкара мен Бағдад
Түркия мен Ирактың күрдтер тұратын аймақтары жасылмен белгіленген.
Түркия мен Ирактың күрдтер тұратын аймақтары жасылмен белгіленген.
арасындағы "қырғи-қабақ" қатынас Түркияны мұнай мен газды уысында ұстап отырған Ирактағы Күрдістан автономиясының жергілікті Эрбил үкіметімен жаңа қарым-қатынас орнатуға итермелеген".

"Қазіргі кезде Түркия мен Эрбил үкіметі арасында энергетика саласындағы жаңа келісім-шарт әзірленіп жатыр. Бұл келісім-шартқа мүдделі болып отырған - Түркияның үкімет қолдауындағы және батыстың мұнай компаниялары. Олар Күрдістанның инфрақұрылымы мен кеніші арқасында ақшаны күреп табамыз деп алақандарын ысқылап отыр. Егер бұл келісім-шарт жүзеге асса, күніне екі миллион баррель күрд мұнайы Түркия арқылы өтіп, әлемдік нарыққа жол тартпақ" деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, өткен жылы Түркия мен Күрдістан арасындағы тауар айналымы сегіз миллион долларға жеткен. Қазіргі кезде Түркия ақшасы тіпті жырақтағы Эрбил және Дахук аудандарындағы әуежайларда және өзге де ірі жобаларда қолданылады екен.

Мақала авторының жазуынша, Түркия ішкі саясаттағы реттелмеген шаруаларды атқару үшін де Күрдістанды пайдалануға тырысып отыр.

"Енді Түркия үкіметі географиялық басымдығын пайдалана отырып, Ирактағы Күрдістанның президенті Масуд Барзаниды Түркиядағы күрдтердің бетін қайтару үшін қолданып қалуға тырысып отыр. Үнемі қандастары мен Бағдад басшылары арасында екі от ортасында қалғандай күй кешетін ұлты күрд Ирак президенті Жалал Талабани үшін тыныштықтықты сақтау қиындап барады" деп жазады басылым.

ТҮРКИЯ МЕН ИРАКТЫҢ РЕНЖІСУІ

Басылымның жазуынша, "Ирактағы басым бөлігі шиит мұсылмандардан құралған Нури әл-Малики үкіметінің Түркияны күрдтердің "құшағына" итермелеуі - мұқият
Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики (сол жақта) және Ирак президенті Жалал Талабани. Ирак, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики (сол жақта) және Ирак президенті Жалал Талабани. Ирак, 19 қыркүйек 2012 жыл.
ойластырылмаған қадам".

Әл-Маликидің Иранмен тығыз қарым-қатынасы және Сирияда Башар Асадты қолдауы Түркияға ұнамай, Ирактан алшақтауына себеп болған.

Автордың ойынша, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа бұдан да басқа көптеген жайттар салқынын тигізген.

"Қыркүйек айында Бағдад соты сырттай өлім жазасына кескен Ирактың вице-президенті Тарик әл-Хашемиге Түркия саяси баспана берді. Бұл да әл-Маликиді алаңдатты. Бұған "жауап ретінде" қараша айында Түркияның мемлекеттік мұнай компаниясы Ирак аумағынан қуылды. Ал желтоқсан айында әл-Малики Эрбилдегі конференцияға ұшып бара жатқан Түркияның энергетика министрі Танер Йылдыздың ұшағын Ирак жеріне қондыртпауға бұйрық берді" деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, Күрдістанның әрекеттерінен шаршаған Ирактың орталық үкіметі "жергілікті үкіметтің мұнайға қатысты шешімдерді өз бетімен қабылдауына
Өрт шыққан мұнай құбыры маңын тексеріп жүрген полицей. Ирак, 10 мамыр 2010 жыл.
Өрт шыққан мұнай құбыры маңын тексеріп жүрген полицей. Ирак, 10 мамыр 2010 жыл.
құқығы жоқ" деп мәлімдеген. Бұған қоса Бағдад Күрдістандағы мұнай өндірушілердің ақшасын (олар бір жарым миллиард доллар талап еткен) кешіктіре бастаған. Ал кейбір сарапшылар олар ешқашан да ақшасын қайтара алмайды деп алаңдап отыр.

"Күрдістандағы түрік мұнай өндірушісі Genel Energy компаниясының атқарушы директоры Парс Кутайдың ойынша, Ирак ақшасына тәуелділік "мұнайды құр босқа ағызғанмен тең". Соның салдарынан қазір күрд мұнайы күніне 30 мың баррель ғана экспортталып жатыр" деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, "мұның ешкімге пайда әкелмесі анық". Күрдістандағы ExxonMobil және Chevron сияқты мұнай өндірушілер бұған дейін шамамен он миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салғанын айтқан. Эрбил үкіметінің болжамынша, болашақта күніне екі миллион баррель мұнай өндіріліп, одан да көп қаржы түспек. Ал одан түскен қаржының 20 пайызы - Бағдадқа, 17 пайызы - күрдтерге жөнелтілмек. Күрдістан үкіметінің өкілдері бұл автономия Иран бюджетінің доноры болатынын айтады.

"Бірақ әл-Маликидің үкіметі тізгінді Күрдістанға беруге ниетті емес. Күрдістандағы бір шенеунік "Бағдадтың мұнай саясаты ел ішіндегі аудандарды бөлшектеп жіберуі
Мұнай заводын күзетіп отырған полицей. Ирак, 24 ақпан 2011 жыл.
Мұнай заводын күзетіп отырған полицей. Ирак, 24 ақпан 2011 жыл.
мүмкін" деген қауіп айтады.

Ал Батыс елдері "Ирактың бөлшектенуі Иранның ықпалын күшейтеді" деп алаңдайды. Сондықтан америкалықтар Түркияны Ирактағы Күрдістанмен қарым-қатынасын бәсеңдетуді сұрап отыр" деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, соңғы аптада Ирак премьері әл-Малики әскерді мобилизациялауға бұйрық етіп, Күрдістан аумағында қақтығыстар өршіген.

The Economist бұл мақаласын: "Киркуктегі жарылыс салдарынан кемінде он адам қаза тапты. Күрд жетекшілері күресуге дайын екендіктерін мәлімдеп, Ирак әскеріне төтеп беру үшін мыңдаған көтерілісшілерді жіберді. Киркуктың солтүстік-батыс жотасына шығып алып, төмендегі Ирак әскерлерін бақылап отырған олар: "Егер бір көтерілісші өлсе, онда бұл соғыс" дейді" деп аяқтайды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG