Accessibility links

Жас журналистер Чехияда тәжірибе жинап қайтты


ҚазҰУ журфагының магистрлері (солдан оңға қарай) Гүлназ Сатыбалдықызы, Нұрлан Наурызәлиев, Аманкелді Сейітхан, Арайлым Бимендиева мен Назгүл Әбушәріпқызы Азаттық онлайн-продюсері Ғалым Боқашқа сұхбат беріп отыр. Прага, 1 шілде 2015 жыл.
ҚазҰУ журфагының магистрлері (солдан оңға қарай) Гүлназ Сатыбалдықызы, Нұрлан Наурызәлиев, Аманкелді Сейітхан, Арайлым Бимендиева мен Назгүл Әбушәріпқызы Азаттық онлайн-продюсері Ғалым Боқашқа сұхбат беріп отыр. Прага, 1 шілде 2015 жыл.

Прагада тәжірибе жинау курсынан өткен ҚазҰУ журналистика магистратурасын бітіріп жатқан жастар Азаттықтың бас кеңсесінде қонақта болып, түйген пікірлерін айтты.

ҚазҰУ-дың бір топ магистрі жуырда Прагадағы жекеменшік журналистика мектептерінің бірінде тәжірибе жинау курсынан өтті. Азат Еуропа/Азаттық радиосының бас кеңсесінде қонақта болған жас журналистер Қазақ қызметінің журналистерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Азаттықтың онлайн-продюсері Ғалым Боқашқа берген сұхбатында олар Батыс журналистикасынан байқаған ерекшеліктерін, сөз бостандығы деңгейін, ағылшын тілін білудің артықшылықтарын және жинаған тәжірибелерін Қазақстандағы кәсіби қызметінде тиімді пайдалану жоспарларын айтты. Студиядағы әңгіме-дүкенге журналистика магистрлері Назгүл Әбушәріпқызы, Арайлым Бимендиева, Нұрлан Наурызәлиев, Гүлназ Сатыбалдықызы және Аманкелді Сейітхан қатысты. Сұхбаттың аудионұсқасын төмендегі сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.

ҚазҰУ журфагының магистрлері - Азаттықта
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:52 0:00
Жүктеп алу

XS
SM
MD
LG