Accessibility links

«Қазақмыстың» мыңнан астам қызметкері жұмысқа шықпай қойды


«Қазақмысқа» қарасты кәсіпорын. "Глобал Витнесс" ұйымы ұсынған сурет.
«Қазақмысқа» қарасты кәсіпорын. "Глобал Витнесс" ұйымы ұсынған сурет.

Жүргізушілер корпорация басшылығының бұған дейінгі уәделерінен шаршап, осындай қадамға баруға мәжбүр болғандарын айтады.


Дүйсенбі күні «Қазақмысқа» қарайтын Жезқазған мен Сәтпаев қалаларындағы бірнеше көлік кәсіпорынының 1 мыңнан аса көлік жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды. Соған байланысты корпорацияның барлық қызметкерлері жұмысқа уақытында жете алмай қалған.

Наразылық білдірген жұмысшылар жалақыларын көбейтуді талап етіп отыр.

250 САҒАТТЫҚ ЖҰМЫСҚА 300 ДОЛЛАР

– Жұмысқа келдік барлығымыз, медициналық тексерістен өттік, бірақ объектілерге шыққан жоқпыз. Шахтерлерді, жүкті тасуымыз керек еді, – дейді Азаттыққа сәуірдің 18-і күні хабарласқан Алмас есімді жұмыскер.

Алмастың сөзінше, наразылықтың негізгі себебі – жалақының төмендігі.

– Орта есеппен айына 250 сағат жұмыс істейміз. Соның тек жартысының ғана, 150-160 сағатының ғана ақысын аламыз. Біздің айлығымыз – 40-45 мың теңге (шамамен 300 АҚШ доллары), кей жұмысшылар одан да аз алады, – дейді Алмас.

Наразы жұмысшылар айлықтарын 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр.

10 КҮН МҰРСАТ

Наразылық білдірген жүргізушілердің мәселесін дүйсенбі күні түстен кейін жиналған арнайы топ шешпек болған.

– Облыс әкімшілігі, корпорация басшылығы және жұмыскерлердің белсенді тобы – барлығымыз жиналдық. Хаттама толтырдық. Әзірге нақты ешнәрсе айтпайды. Тек мәселені шешу үшін өздеріне 10 күн беруді сұрады, біз келістік – деді келіссөздерге қатысқан Хасен есімді жұмыскер телефон арқылы.

– Ертеңнен бастап жұмысқа шығамыз, амалымыз жоқ. Ал егер 28-іне дейін ешнәрсе өзгермесе... жағдай қиын болатындығын олар да түсінуі керек, – дейді Алмас.

«ҚАЗАҚМЫС» ПРЕЗИДЕНТІ – ӘЛЕМДЕГІ 1210 БАЙДЫҢ БІРІ

«Қазақмыс» – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания. Ол осы саладағы аса
«Қазақмыс» корпорациясының президенті Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді.

Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кені, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені бар.

«Қазақмыс» корпорациясының президенті Владимир Ким, Forbes («Форбс») журналының жазуынша, әлемдегі ең дәулетті 1210 адамның бірі. Бұл тізімге кірген қазақстандық 5 миллиардердің ең ауқаттысы - Владимир Кимнің байлығы - 4,7 миллиард АҚШ долларына тең.
XS
SM
MD
LG