Accessibility links

Құрбан айт басталды


Құрбан айт
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:21 0:00

Алматы тұрғындары құрбан айттың бірінші күні таңертеңнен бастап құрбан шалып жатыр. Алматы, 26 қазан 2012 жыл.

Қазақстанда құрбан айттың бірінші күні - қазанның 26-сы ресми түрде демалыс күні болып жарияланды. Құрбан айт үш күнге созылады.

Алматыда орталық мешітке құрбан айт намазына жиылған жұрттың қарасы өте мол болды. Мешіт ішіне сыймай, сәждеге сыртта жығылғандар көп. Қауіпсіздік қызметінің арнайы жасақтары жиылған жұртты бақылап тұрды. Әдеттегідей намаз соңында "Елбасының амандығына" арналған дұға оқылып, уағыз айтылды.

Айттың бірінші күнінде мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралайды, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде дастархан жайылады.

Құрбан айт мейрамында Ибраһим пайғамбардың үлгісімен мұсылмандар мал сойып, құрбандық шалады.

Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе шалынады. Етінің үштен бірі мүсәпірлерге, үштен бірі көрші-қолаңға таратылуы тиіс. Құрбан шалған адам мал етінің барлығын жағдайы жоқ кедейлерге үлестіріп беруіне де болады.

Алматыда құрбан мешіттерінің маңайында шалынып жатыр. Ал Астана қаласында құрбан шалушылар малды әкімшілік бекіткен жерлерде сойып жатыр. Аулалар мен балалар ойнайтын алаңқайларда мал союға тыйым салынды.

Құрбан айт кезінде қажылық парызы өтеледі. Құрбан айттың алғашқы таңында қажыға барған мұсылмандар Арафат тауында құлшылық етеді, құрбан шалған күні Меккеде шайтанға тас лақтырып, Қағбаны жеті рет айналып шығады.
XS
SM
MD
LG