Accessibility links

Мұнай мекемесі жұмысшылары жалақыларын ала алмай жүр


"Маңғыстаугеология" мекемесінің жұмысшыcы Ерқожа Көшкенов. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
"Маңғыстаугеология" мекемесінің жұмысшыcы Ерқожа Көшкенов. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.

Сегіз айдан бері жалақы көрмеген «Маңғыстаугеология» жұмысшылары басшыларының «қарызды маусымның ортасына дейін төлеп бітеміз» деген уәделерін алып қайтты.

Маңғыстау облысындағы мұнай барлау-өндіру саласы мекемелерінің бірінің – «Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамының жұмысшысы Ерқожа Көшкенов сегіз айдан бері жалақысын ала алмай жүргенін айтып шағымданады.

– Бастыққа айтсам, «жұмысыңды істей бер» дейді. Қысты күндері электрді қиып тастап дірдектеп шықтық. Сегіз ай бойы бір тиын алмасақ та мойнымызда мекеме мүлкі тұрған соң жұмыстан қалғаным жоқ. Сондағы жалақым – 31 мың теңге. Менің отбасымда басқа табыс жоқ. Үкімет қайда, заң қайда? – дейді бұл мекемеге 16 жасында келіп, содан бері 43 жыл жұмыс істеп жүрген, қазір қарауыл міндетін атқаратын Ерқожа Көшкенов.

«ЖАЛАҚЫ БЕРМЕЙДІ, МҮЛІКТІ САТЫП ЖАТЫР»

«Маңғыстаугеология» мекемесінің сегіз айдан бері жалақы ала алмай жүрген Ерқожа Көшкенов сияқты жұмысшылары мамырдың 6-сы күні Құрық кентіндегі
"Маңғыстаугеология" мекемесінің жұмысшысы Шора Майлыбаев. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
"Маңғыстаугеология" мекемесінің жұмысшысы Шора Майлыбаев. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
Қарақия ауданы әкімдігі алдына жиналып, наразылық шарасын өткізді.

– «Жалақыны наурызда береміз» деді, одан соң «сәуірде» деді. Қанша шыдауға болады? – дейді «Маңғыстаугеология» мекемесінде диспетчер болып жұмыс істейтін Шора Майлыбаев.

Көбі бұл мекемеде 40-50 жылға тарта еңбек еткендерін айтқан азаматтар былтыр желтоқсанның 4-інен бастап ақысыз еңбек демалысына шығарылғандарына да наразы. Олардың сөзінше, акционерлер кеңесі кәсіпорынды дағдарыстан шығару үшін жиын да өткізген, бірақ одан бері ештеңе өзгермеген.

– Мекемеге Ерлан Іңкәрбеков директор болып тағайындалғаннан бері жағдай төмендеп кетті. Бас инженер, бухгалтер, коммерциялық директор – бәрі
"Маңғыстаугеология" мекемесінің экономисі Жайшылық Төребайұлы. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
"Маңғыстаугеология" мекемесінің экономисі Жайшылық Төребайұлы. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
жұмыстан босатылды. Ал инженерлік-техникалық құрам жұмыссыз тұр, – дейді «Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамы экономисі Жайшылық Төребайұлы.

Жұмысшылар «Маңғыстаугеология» басшыларын «мекеменің мүлкін тезірек сатып, жұмысшылардан құтылуды мақсат етіп отыр» деп айыптайды.

– Бізге жалақымызды беруге келгенде ақша жоқ. Ал компанияның мүлкі оңды-солды сатылып жатыр. Мекемеге тиесілі жатақхана және басқа да мүліктерді сатты, – дейді Ерқожа Көшкенов.

«ЖАЛАҚЫНЫ ТӨЛЕЙМІЗ, КЕЙ МҮЛІКТІ САТҚАНЫМЫЗ РАС»

«Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамының жұмысшыларға қарыздар екенін мекеменің атқарушы директоры Ерлан Іңкәрбеков те мойындады.

– Жалпы жалақы қарызы 28 миллион теңгені құрайды. Оның 10 миллион теңгесін төледік. Келесі аптада тағы 8 миллион теңге жалақы қарызын жабамыз. Қалған 10 миллион теңгені маусымның ортасына дейін төлеп бітірміз, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Ерлан Іңкәрбековтің сөзінше, мекеменің өзі де басқа кәсіпорындардағы қарыздарын қайтарып ала алмай жүр. Ол «Маңғыстаугеологияның» 2013 жылы
"Маңғыстаугеология" мекемесінің наразы жұмысшылары. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
"Маңғыстаугеология" мекемесінің наразы жұмысшылары. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
басқа бір компанияға субмердігер болып, тендер шартында көрсетілген жұмыстарды атқарғанын, бірақ ол компания 87 миллион теңгені әлі төлей алмай жатқанын айтты.

– Олар «сотқа беріңдер, біздің беретін мүлкіміз жоқ» дейді. Бірақ «Маңғыстаугеологияның» сот шығындарын өтейтін мүмкіндігі жоқ. Сондықтан сотқа бере алмай отырмыз, бірақ оны аяқсыз қалдырмаймыз,-деді Ерлан Іңкәрбеков.

Оның сөзінше, «Маңғыстаугеологияның» тиісті ақшаларын өндіріп беруді сұрап жазған арыздарын Атырау облыстық прокуратурасы мен облыстық қаржы полициясы бір-біріне сілтеумен жүр – ешбір орган бұл іске араласқысы келмейді».

«Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Ерлан Іңкәрбеков мекеменің кей мүліктері сатылғанын да растады.

– Бейнеудегі жатақхананы апатты жағдайда тұрған соң әрі шығын көп болғасын саттық. Бұрғылау станогын ресейлік «Газпром» компаниясының еншілес
Қарақия ауданы әкімі Әділбек Дауылбаев жұмысшылармен сөйлесіп отыр. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
Қарақия ауданы әкімі Әділбек Дауылбаев жұмысшылармен сөйлесіп отыр. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
мекемесіне үш жылға жалға беруге келісім-шарт жасастық, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Қарақия ауданы әкімдігі алдында жалақыларын талап етіп тұрған жұмысшылар мамырдың 6-сы күні түске қарай аудан әкімі Әділбек Дауылбаевпен және аудан прокуроры Мақсат Жақаевпен кездесті. Билік өкілдері «Маңғыстаугеология» жұмысшыларын «істі заңды түрде шешуге» шақырды. Жиынға қатысқан сот орындаушысы Манар Төлегенов жалақы 9 мамыр мерекесінен кейін берілетінін, сондықтан жұмысшылар тиісті құжаттарын тапсыру керегін айтты.

«Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамы (бұрынғы атауы – «Маңғышлақмұнайбарлау» кешенді экспедициясы) 1957 жылы құрылған. Бұл
"Маңғыстаугеология" мекемесінің наразы жұмысшылары. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
"Маңғыстаугеология" мекемесінің наразы жұмысшылары. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық кенті, 6 мамыр 2014 жыл.
мекеме жұмыс істеген жылдары Маңғыстауда Өзен, Жетібай, Теңге, Тасболат, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Арман, Доңға, Елемес, Сазтөбе тәрізді 50-ден астам кеніштер ашылған.

Қазақстанның ірі мұнай кен орындары көп батыс өңірінде жұмысшылардың жалақыға байланысты наразылықтары жиі болады.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ұзаққа созылған сондай ереуілдердің бірін 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні полиция мен арнайы жасақ күшпен басқан.
XS
SM
MD
LG