Accessibility links

AzattyqLIVE: Президент жолдауы халық үмітін ақтай ма?


Cаясаткер Серікболсын Әбділдин AzattyqLIVE студиясында хабар жүргізушісі Қасым Аманжолмен сұхбаттасып отыр. Алматы, 30 қараша 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы талқыланды. Хабарға саясаткер Серікболсын Әбділдин қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын тыңдауға Қазақстан үкімет мүшелері, парламент депутаттары, қоғам өкілдері қатысты. Президент әлемдік дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның бағытын, экономикалық бағдарын жария етті.

Биылғы жолдаудың бұған дейінгі жолдаулардан айырмашылығы бар ма? Қазақстан экспорттайтын шикізаттардың әлемдік бағасы құлдыраған шақта, қаржылық тұрақсыздық жағдайында президенттің елге арналған бұл жолдауы нақты мәселелерді шеше ала ма?

AzattyqLIVE хабарының қонағы экономика ғылымдарының докторы, профессор, саясаткер Серікболсын Әбділдин болды.

AzattyqLIVE: Әбділдин президент жолдауы жайлы 1-бөлім
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:19 0:00

AzattyqLIVE: Әбділдин президент жолдауы жайлы 2-бөлім
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:02 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

Пікірлерді көріңіз (7)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG