Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасынан кейін Назарбаевтың Еуропаға алғашқы сапары басталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қаңтар, 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қаңтар, 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Германияда жүр. Ол Германия үкіметімен халықаралық және аймақтық мәселелер, екі ел арасындағы қарым-қатынастар жөнінде бірқатар келіссөздер жүргізбек.


Tagesspiegel газетінің жазуынша, Германия үкіметі Назарбаевпен Қазақстандағы сирек металдар мен қазба байлықтар кеніштеріне қатысты және Қазақстан экономикасына керекті технологиялар туралы келіссөздер жүргізбек.

Назарбаев сапарының қарсаңында Қазақстандағы саяси оппозиция өкілдері Германия канцлері Ангела Меркельге Жаңаөзен оқиғасы туралы арнайы хат жазып, Назарбаевты ресми сапармен қабылдамауын сұраған.

Қазақстан президенті сапарына бір апта қалған шақта, қаңтардың 31-і күні Еуропарламент комиссиясының Жаңаөзенге қатысты тыңдауы өтті. Жиынға Қазақстанның атынан бұл елдің Бельгия мен Люксембургтегі елшісі Ерік Өтембаев, бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко, сыртқы істер министрлігінің бірнеше өкілі қатысқан.

Сонымен қатар, бұл тыңдауға Жаңаөзенге барып қайтқан журналистер - ресейлік «Новая газетаның» тілшісі Елена Костюченко мен Stan.tv бейнепорталының
Елена Костюченко, "Новая газета" басылымының меншікті тілшісі.
Елена Костюченко, "Новая газета" басылымының меншікті тілшісі.
журналисі Жұлдыз Төлеу қатысқан болатын.

Еуропарламент депутаттары Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі апталарда Жаңаөзен қаласына барып қайтқан екі тілшінің деректерін естіді.

Елена Костюченко Жаңаөзендегі тергеу абақтысында полицейлер соққысынан қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың көз жұмар алдында айтқан сөздерін оқыды. Марқұм Жаңаөзен абақтыларындағы азаптау оқиғаларын баяндаған еді. Елена Костюченко «өлген адамдардың саны ресми тарап айтқан цифрмен мүлдем сәйкес келмейтінін» айтады.

Ақпанның 6-сында Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия қызметінің директоры Хью Уильямсон "Германия канцлері Ангела Меркель 8 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болатын кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты мәселелерді көтеруі керек" деді.
"Меркель Назарбаевпен кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты мәселелерді көтеруі керек"

Хью Уильямсонның ойынша, "Меркель Назарбаевты негізінен Жаңаөзенде 16 желтоқсандағы оқиғаларда қаза тапқан 14 адамның әрбірінің өліміне тергеу жүргізуге шақыруы тиіс және Қазақстан билігі тұтқындалған оппозиция белсенділеріне "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген екіұшты айып тағудан бас тартуы керек".

Human Rights Watch "Меркель Назарбаевпен кездескенде Қазақстандағы сөз бостандығы мен шеру өткізуге шектеу қою, оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийдің тұтқындалуы сияқты мәселелерді де қозғауы керек" дейді.

Ақпанның 2-сінде Норвегиялық Хельсинки комитетінің Ослода өткен семинары да Жаңаөзен оқиғасына және Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жағдайына арналған болатын.

Онда Жаңаөзен оқиғасы туралы, ереуілші мұнайшылардың еңбек дауы жайлы айтылған. Хельсинки комитеті қызметкерінің сөзіне қарағанда, «Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің өкілдері Жаңаөзен тақырыбындағы жиынға қатысудан бас тартқан».
Раушан Толғанбаева, БҰҰ штабы алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Женева, 5 ақпан 2012 жыл.
Раушан Толғанбаева, БҰҰ штабы алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Женева, 5 ақпан 2012 жыл.
Назарбаевтың сапары қарсаңында еуропалықтардың Жаңаөзен оқиғасы туралы хабардар болуына септігі тиген тағы бір шара ақпанның 5-сі күні өтті. Германияда тұратын қазақ суретшісі Раушан Толғанбаева Швейцарияның астанасы Женева қаласындағы БҰҰ-ның ғимараты алдында Жаңаөзен оқиғасы кезінде биліктің оқ атқанына және одан кейінгі репрессияларға қарсы наразылық акциясын өткізген.
XS
SM
MD
LG