Accessibility links

Шапан киген Николас Кейдж күлкіге себеп болды


Николас Кейдждің шапан мен түскен суретінің Facebook-тен алынған скриншоты.

Әлемдік киноның жұлдызы Николас Кейдждің Астанаға келуінен туындаған әлеуемттік желідегі реакция назар аударуға тұрарлық. Мұндай реакцияны Астанадағы ұйымдастырушылар да, Кейдждің өзі де күтпеген сияқты.

Өткен сенбі Астанаға Голливуд актері Николас Кейдж келді. Ол әлемдік, ресейлік және қазақстандық киножұлдыздармен бірге «Еуразия» кинофестиваліне қатысты. Алайда фестивальді ұйымдастырушылар мен жергілікті билік Кейджбен бірге шаралар өткізуге тырысып, мұның соңы актердің осы шаралардағы имимджін сан-саққа жүгірткен желідегі талқылауларға ұласты. Мәселен, ол Астана әкімі Әсет Исекешевпен бірге ағаш екті.

Бірақ жұрт назарын Кейдждің «Еуразия» кинофестивалі аясында алғаш рет өтіп тұрған балалар киносы фестивалінде саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесуі көбірек аударды. Ресми сайттардың хабарлауынша, ол кездесуде тағы сол Исекешов, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қазақстан халық әртісі Айман Мұсақожаева болған. Кездесу кезінде Кейджге шапан жапқан, ел назарын ең көп аударып, жаппай әжуаға қалған оның осы шапан киген суреті болды.

Суретте Кейдж өте шаршаңқы (оның сапарын ұйымдастырушылар мұны оның жұмыс кестесінің тығыздығымен түсіндірді). Оның осы қажыған кейіппен шапан киіп тұрған түрі әлеуметтік желілерде жаппай қалжыңға ұласты.

Error rendering VK.

Error rendering VK.

Алайда Қазақстанға келіп шапан киіп суретке түскен соң келемежге қалған тек Кейдж емес. Үш жылдай уақыт бұрын сол кездегі Франция президенті Франсуа Олланд бұдан да қатты кекесінге қалған еді. Ол тіпті халықаралық қауымдастық тарапынан «троллингке» ұшыраған.

Кейджге «шапан жабу» бірден науқанға айналды (кейіннен оған екі рет шапан жапқаны білінді). Алайда кинофестивальдің ашылу салтанатында жұрт назарын тек осы шапан оқиғасы ғана аударған жоқ, тағы сол Кейдж Қазақстан киноларына түскісі келетінін мәлімдеп, фильмнің идеясын да ұсынды.

Кейджден бөлек, кинофестивальге Голливудтың тағы бәр танымал актері Эдриэн Броуди де келді. Ол бірақ жұрт назарын Кейдждей "баурап" алмады.

​Әлбетте, мұндай шара Димашсыз өтпейді.

Бірақ бәрінен бұрын жұртқа Кейдждің келгені көп ермек болды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG