Accessibility links

Керек алтын анықталды, қазы мәселесі шешілмеді


Спортшылардың киімі
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

Дизайнер Құралай Нұрқаділова Лондон олимпиадасына баратын қазақ спортшыларының киімін таныстырды. Алматы, 24 маусым 2012 жыл.

Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевтың ойынша, Лондон олимпиадасында ауыр атлеттер Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, теннисшілер Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин, боксшылар Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Елеусінов жүлде алуы тиіс.

«3 АЛТЫН АЛМАСАҚ, ЖҰМЫСТАН КЕТЕМІН»

Агенттік төрағасы Лондон олимпиадасына арналған баспасөз мәслихатында «олимпиада ойындарында үш алтын медаль аламыз» деді.

– Қытайдағы олимпиада ойындарында екі алтын алдық. Биыл алтын санын бұдан аз болмауы тиіс. Көздегеніміз – үш алтын. Бірақ бұл – ең төменгі меже. Пайымдауымызша, бес, тіпті жеті алтын алуға да мүмкіндік бар. Жалпы саны – 15 жүлде аламыз деп отырмын, – деді Талғат Ермегияев.

Агенттік басшысы «егер Қазақстан спортшылары Лондонда үш алтын ала алмаса,
Спорт және дене шынықтыру агенттігі басшысы Талғат Ермегияев (оң жақ шетте) спортшыларға олимпиада куәлігін табыс етті. Астана, 3 шілде 2012 жыл.
Спорт және дене шынықтыру агенттігі басшысы Талғат Ермегияев (оң жақ шетте) спортшыларға олимпиада куәлігін табыс етті. Астана, 3 шілде 2012 жыл.
қызметінен кететінін» де мәлімдеді.

– Ұлттық құрама олимпиада ойындарын сәтсіз аяқтаса, отставкаға кетуге дайынмын. Мақсат орындалмаса, спорт саласында жұмыс істер жүрген басшылардың барлығы жауапқа тартылады. Бірақ мақсатқа жету үшін бар күшімізді саламыз, – деді ол 5 шілде күнгі баспасөз мәслихатында.

Қазақстаннан Лондон олимпиадасына 180 адам барады. Оның 114-і – спортшы, өзгесі – механик, массажист және дәрігерлер.

Қазақстан делегациясының алғашқы тобы Лондонға 18 шілде күні аттанады.

ҚАЗЫ-ҚАРТА

Бұған дейін спорт және дене шынықтыру агенттігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов «Қазақстан өз спортшылары үшін Лондонға қазы-қарта апарады» деп мәлімдеген еді. Негізінен, қазы-қарта боксшылар мен балуандарға беріледі.

Алайда ВВС «Лондон әуежайы қазы-қартаны өткізбеуі мүмкін. Ұлыбритания шекара агенттігі жасаған, мемлекетке алып кіруге болатын ет өнімдерінің тізімінде қазы-қарта жоқ» деп жазды.

Бұл күдікке байланысты Азаттыққа сұхбат берген Елсияр Қанағатов:

- Қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз. Елшілік шешуге көмектеседі. Олимпиада кезінде Лондонға қазы-қарта алып кіру қиындық туғызбауы тиіс, – деп жауап берді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Пікірлерді көріңіз (4)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG