Accessibility links

Оппозициялық баспагердің ағасы шартты мерзімге сотталды


Полицейлер сот залында Асқар Молдашевтің кісенін шешіп жатыр. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
Полицейлер сот залында Асқар Молдашевтің кісенін шешіп жатыр. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.

«Республика» газеті баспагерінің ағасы Асқар Молдашев шартты түрде төрт жылға сотталды. Ол өзінің кінәсі жоқтығын, бірақ әлі үкімге қатысты шағым беру туралы шешім қабылдамағанын айтты.

Наурыздың 1-і күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Елена Кван «экстремизмді насихаттады» деген айып бойынша сот шешімімен жабылған «Голос республики» газетінің баспагері Данияр Молдашевтың ағасы Асқар Молдашевтың ісіне қатысты үкім шығарды.

«Адам психикасына уытты әсері бар заттарды сату мақсатынсыз сақтаған» деген айып тағылған Асқар Молдашев төрт жылға (үш жылы – сынақ мерзімі) шартты түрде сотталды. Сот Асқар Молдашевты тұтқындау шарасын қаладан шықпау туралы қолхатқа ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бостандық аудандық прокуратурасының прокуроры Дәурен Халықов соттағы жарыссөздер кезінде Асқар Молдашевты бес жылға шартты түрде соттауды сұраған еді. Прокурор сотталушының екі кішкентай баласы (Асқар Молдашевтың
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Елена Кван. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Елена Кван. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
үлкен ұлы тоғыз жаста, кіші ұлы жақында туған) болуы – оның айыбын жеңілдететін жағдай екенін айтқан.

«ТҮРМЕГЕ ТҮСКЕН АДАМ ЕМЕС, РУХЫ ТҮСКЕН АДАМ ҚҰРИДЫ»

Сот аяқталған соң далаға шыққан Асқар Молдашев сот ғимаратының кіре берісінде тұрып сұхбат берді.

Үкіммен келіспейтінін айтқан ол өзіне тағылған айыптарды теріске шығарды.

- Маған қарсы арандату әрекеті арнайы ұйымдастырылды, қазіргі құзырлы органдардың заманында мұндай арандатуға кім де болса тап болуы мүмкін, - деді ол.

Асқар Молдашев өзіне қатысты қылмыстық қуғындаудың астарында саяси себеп бар екенін айтады.

Асқар Молдашев тергеу изоляторында (СИЗО) төрт ай отырды. Оның айтуынша, онда өзі сияқты жазықсыз айыпталғандар көп. Асқар Молдашев Қазақстан
Асқар Молдашев. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
Асқар Молдашев. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
​президенті Нұрсұлтан Назарбаевты кінәсіз жандарға рақымшылық жасауға шақырды.

– Соңғы аптада мен камерада академик С.З.-ның баласы жазушы М.З. сияқты елге белгілі адамдармен бірге отырдым, – дейді Асқар Молдашев.

Ол «Маған қатысты қозғалған іс ақпарат құралдарының назарына көп ілігіп, қоғамда пікір туғанының пайдасы тиді» деп есептейді.

Бостандыққа шыққан Асқар Молдашев інісі Даниярмен бірге әке-шешесінің үйіне бармақ. Ол ақпанның 20-сында Мәскеу қаласында ұл босанған жұбайын көруге асық екенін де айтты.

Асқар Молдашевтың айтуынша, ол терезесі кірпішпен бітелген, күн мен түнді айыру мүмкін емес қараңғы камерада отырған - енді денсаулығын түзеп алу қажет.

Ол уақытша қамау орнында отырған кезде
Адвокат Инесса Киселева. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
Адвокат Инесса Киселева. Алматы, 1 наурыз 2013 жыл.
оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың түрмеде жазған «Түрмеге түскен адам емес, рухы түскен адам құриды» деген сөздерін дұға сияқты іштей қайталай бергенін айтты.

Үкімге қатысты шағым беру жөніндегі сауалға Асқар Молдашев қорғаушымен кеңесіп алып шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Оның адвокаты Инесса Киселева журналистерге өзінің қорғалушысын кінәсіз деп есептегендіктен үкіммен келіспейтінін айтты. Үкімге қатысты шағым беру туралы сұраққа «Асқар Молдашевпен ақылдасу қажет» деп жауап берді адвокат.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG