Accessibility links

ҰҚК оппозициялық басылым кеңселерін тінтті


Stan.kz кеңсесісен шығып келе жатқан адам. Алматы, 21 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Stan.kz кеңсесісен шығып келе жатқан адам. Алматы, 21 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Желтоқсанның 19-ы күні таңертең «Голос республики» газетіне қатысты Медеу аудандық сотында кезекті процесс өтуі тиіс болатын. Алайда сот 20 желтоқсанға қалдырылды. Оған газет баспагерінің орынбасары Гузяль Байдалинованың өтініші себеп болған.

Гузяль Байдалинованың сөзінше, оған ҰҚК қызметкерлері хабарласып, «Голос республики» газетінің кеңсесін тінтетіндерін, сондықтан Гузяль Байдалинова да, басылым заңгері Сергей Уткин де сотқа емес, тінтуге қатысуы керек екенін айтқан.

«КЕТЕБАЕВ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІНТУ»

«Голос республики» газетінің кеңсесіне келген ҰҚК қызметкерлерінің айтуынша, «тінтуге Мұратбек Кетебаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс негіз болған». Олардың сөзінше, «Голос республики» газеті жалға алып отырған кеңсеге «Азаматтық белсенділік» қорының президенті Мұратбек Кетебаев иелік етеді.

Газет басшылығымен бірге кеңсеге Азаттық тілшісі Қазиз Тоғызбаев та барды. Кеңсеге келе салысымен қызметіне кіріскен тілшіге ҰҚК қызметкерлері қарсылық
Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаев. Алматы, 27 қараша 2011 жыл.
Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаев. Алматы, 27 қараша 2011 жыл.
көрсетіп, оның фотоаппаратына зақым келтірді, газетті тінту процесінен хабар таратуға барған тілшінің техникасын түгел тартып алды,

– Фотоаппаратым мен телефонымды алып қойды. Екеуара тартыста фотоаппаратыма зақым келді – сынды ма, білмеймін. Техникамды алған аға тергеуші Ақылбек Ерболатов «тінту аяқталған соң заттарыңды қайтарып беремін» деді, – деп хабарлады Қазиз Тоғызбаев оқиға орнынан.

«ЖАҢАӨЗЕНГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫСЫМ ЖАСАП ЖАТЫР»

Желтоқсанның 19-ы күні «Аман-саулық» қоғамдық қоры мен Stan.kz бейнепорталының кеңселерінде де тінту жүргізілді.

«Аман-саулық» қоғамдық қоры кеңселерін тінтуге өкілдері қатыспағанын айтты.

– Мен және қордағы төрт-бес қызметкерлер қазір Астанада жүрміз. Кеңседе ешкім
«Аман-саулық» қорының жетекшісі Бақыт Түменова. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
«Аман-саулық» қорының жетекшісі Бақыт Түменова. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
жоқ. Біз қарашаның 1-інен бастап «Алға» партиясының кеңсесін жалға алып, сол жерге көшкен едік. Енді бүгін партияның кеңсесіне келіп, вахтадан біздің кабинеттердің кілтін алып, тінту жүргізіпті. Мен партия өкілдеріне хабарласып, «тергеушіге телефонды беріңізші, сөйлесейін» деп едім, тергеуші «сөйлеспеймін» депті. Мен бүгін түнде Алматыға ұшып барамын, – деді «Аман-саулық» қорының жетекшісі Бақыт Түменова Азаттық тілшісіне.

Алматы ҰҚК департаментінің Stan.kz редакциясын тінтуге келген аға тергеушісі Александр Щербаков Маңғыстау облыстық ҰҚК департаментінің тапсырмасымен, «кеңседе қылмыстық іске қатысты заттардың болуы мүмкін деген негізде тінту жүргізілетінін» айтты.

Майор Щербаков тінту қаулысын редакция басшысына ғана оқытып, «тергеу құпиясын сақтау мақсатында» құжатты өзге журналистерге көрсетуден бс тартып, істің егжей-тегжейін жарияламады. Бейнепортал кеңсесіне тергеушілер мен басшылықтан өзге ешкімді кіргізілген жоқ.



Желтоқсанның 19-ы күні кешке «Голос республики» және Stan.kz бейнепорталы басшылығының бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Олар «өздеріне қатысты арандату әрекеті болуы мүмкін екенін, журналистеріне қауіп төніп тұрғанын» айтады.

Бейнепортал басшылығы «бұл қысым Жаңаөзеннің бір жылдығына қатысты хабарларға бола жасалып жатыр» деп біледі. Ал газет басшылығының ойынша, «бұл әрекеттердің мақсаты – басшылық өкілдерінің бірін қамауға алу».
XS
SM
MD
LG