Accessibility links

Жедел жәрдем ауруханасы жабылуға шақ тұр


Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.
Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.

Өскемендегі қалалық жедел жәрдем ауруханасының бірнеше бөлімі жабылуы мүмкін. Тексеруші мамандар «ауруханада санитарлық нормалар сақталмай отыр» десе, аурухана өкілі «қаржы жоқ» деген уәж айтады.

Өскемендегі медициналық жедел жәрдем ауруханасы ғимаратының ескі екенін қала тұрғындарының бірі Жұпар Қайырбаева да растады.

«ДӘРІГЕР ДӘЛІЗДЕ ҚАРАДЫ»

– [Аурухананың] іші масқара, ішіне кіру мүмкін емес. Тозып тұрған ескі ғимарат. Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл. Былтыр жазда мен ауырып, жедел жәрдеммен сонда алып барды. Қабылдау бөліміне кіргізді, онда ауруларды қарайтын ешқандай жағдай жасалмаған. Мені дәрігер дәлізде қарады, – дейді қала тұрғыны.

Өскеменде бұл ауруханадан басқа үш балалар ауруханасы, бір қалалық аурухана, бір облыстық аурухана, ана мен бала орталығы, бірнеше клиника мен емхана бар.
Өскемен қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.
Өскемен қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.

Өскемен қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Михаил Дерябин аурухана басшылығына кемшіліктерді түзеу туралы бірнеше рет ескерту жасағандарын айтты. Ол Азаттық тілшісіне:

– Олар оны орындамады. Біз әкімшілік сотқа шағымдандық, түк шықпады. Одан кейін экономикалық сотқа шағымдандық. Сот біздің айтқанымызды назарға алып, аурухананың үш бөлімшесіндегі (қабылдау бөлімі, хирургиялық корпус пен азық-түлік блогы) олқылықтар түзетілгенше жұмысты тоқтата тұру туралы шешім шығарды, – деді.

Оның сөзіне қарағанда, соттың 2012 жылы желтоқсанның 27-сі күні шығарған шешімі әзірше күшіне енбеген.

– Енді заң бойынша аурухана өкілдері шешімді қолға алғаннан кейін 15 күннің ішінде оны қайта қарауға шағым беруі мүмкін, егер бермесе, онда шешім заңды күшіне енеді. Содан кейін аталған бөлімдер жабылуы тиіс, – деді басқарма бастығы.

«ҒИМАРАТ – 1956 ЖЫЛҒЫ, ТАЛАП – 2011 ЖЫЛҒЫ»

Аурухана санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айтқан ескертулерді жоққа шығармайды.

– Біздің ауруханаға күрделі жөндеу керек, ол жасырын емес. Көп жылдар жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.
Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.
басқармасы – ред.) талап етіп отырған талаптар мен нормалар – 2011 жылғы. Материалдық база жоқ, талап күшті. Мәселен, «қабылдау бөліміне кіру орны бөлек орналасу керек» деген секілді талаптар бар. Бұл жерде аурухана 1956 жылы салынғанын ескерген жөн, – деді аурухананың атын атамауды өтінген заңгері.

Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы – қаладағы шұғыл медициналық көмек көрсететін жалғыз мекеме. «Ал оның аталған үш бөлімі – стратегиялық объект. Егер олар жұмысын тоқтатса, аурухананың жұмысы да тоқтайды» дейді сұхбаттасымыз.

– Егер ол тоқтаса, біздің қала тұрғындарының өміріне қауіп төнеді. Себебі бізге негізінен жедел операция жасауды қажет ететін – пышақтан жараланған, жол көлік апатына түскен, соқырішек болған, ұйқы безі қабынған, күйіп қалған немесе үсік шалған адамдар келеді. Өзге ауруханалар жоспарлы жұмыс істейді, біз ғана шұғыл түрде медициналық көмек көрсетеміз, – деді аурухана өкілі.

Заңгер сот шешімін алғаннан бері 15 күн өтпегенін, аппеляциялық шағым жазу жайын ойластырып жатқандарын айтты.

– Ауруханаға жөндеу жұмыстары басталғанға шейін жұмыс істеуге рұқсат
Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.
Өскемен қалалық жедел жәрдем ауруханасы. Өскемен, 17 қаңтар 2013 жыл.
сұраймыз. Мүмкін, СЭС те бізге оң қабақ танытар, сот та өз шешіміне қатысты мерзімін кейінге шегерер деген үміттеміз. Себебі аурухананың жабылуы ешкімге жақсылық әкелмейді, – дейді аурухана заңгері.

Заңгердің сөзіне қарағанда, республикалық бюджеттен қаржы алатын аурухана өткен жылдан бері күрделі жөндеуге ақша сұрап келеді.

– Әзірге нақты жауап келген жоқ. Бірақ «биыл қаржы бөлеміз» деп уәде берді, – деді заңгер.

Ол «күрделі жөндеуге нақты қанша қаражат керек екенін айта алмайтынын, бірақ бірнеше миллион теңге қажет екенін» айтты.
XS
SM
MD
LG