Accessibility links

Полицияның құқығы және «коррупцияның» анықтамасы


Қазақстан үкіметі мен парламенті ғимараты. Астана, 16 қазан 2011 жыл.
Қазақстан үкіметі мен парламенті ғимараты. Астана, 16 қазан 2011 жыл.

Қазақстан парламенті қыркүйектің 2-сінде кезекті сессиясын бастайды. Бірінші кезеңде полиция туралы заң қаралып, коррупциямен күрес туралы заң талқыланады.

Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Бесінші сайланған парламенттің үшінші сессиясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашады деп жоспарланған.

Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Абибуллаевтың айтуынша, парламентте қаралатын 35 заң жобасы жатыр.

Алайда парламенттің баспасөз қызметі депутаттар кезекті сессиясында нақты қанша заң жобасын қарауды жоспарлайтынын және олардың ең маңыздылары қандай екенін айта алмады.

Азаттық тілшісіне бұл жағдайды парламент депутаты, билікшіл Қазақстан коммунистік халық партиясының жетекшісі Владислав Косарев түсіндірді. Оның
Қазақстан коммунистік халық партиясының жетекшісі Владислав Косарев "Хабар" телеарнасында. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Қазақстан коммунистік халық партиясының жетекшісі Владислав Косарев "Хабар" телеарнасында. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
сөзінше, заң шығару қызметінің бүкіл жоспары депутаттардың қолына қыркүйектің алғашқы күндері тиеді. Депутаттың айтуынша, қазір олар парламентке каникулға дейін түскен заң жобаларын ғана біледі. Алдымен солар қаралады.

Олар – «Коррупцияға қарсы іс-әрекет туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» заң жобалары. Мәжіліс депутаттары мұның екіншісін каникулға кетерде алғашқы оқылымда мақұлдаған. Бұл заң жобасы бойынша, полицейлерге өміріне қауіп төнсе, ескертусіз оқ атуға рұқсат беріледі, ал қарапайым азаматтардың травматикалық қару ұстауына тыйым салынады. Егер қарудың бұл түрін қызметтік қару түріне қосса, оны халықтан жинап алады. Қарапайым азаматтарға газ және электр қаруды пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Заң жобасына сәйкес, полицейлер ұсталған азаматтарға олардың құқықтарын оқып беруге міндетті болады.

«Коррупцияға қарсы әрекет туралы» заң жобасы бұдан ертерек мақұлданған еді. Бесінші сайланған парламенттің үшінші сессиясында бұл заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Атап айтқанда, «коррупция» термині туралы түсінік нақтыланып, коррупциялық заң бұзушылықтар тізімі пысықталады деп жоспарланған.

Парламентке «Ақ жол» партиясынан өткен депутат Азат Перуашевтің пікірінше, республикалық бюджет пен «Салық кодексіне» енгізілетін түзетулерді талқылау
Азат Перуашев. Алматы, 27 қараша 2011 жыл.
Азат Перуашев. Алматы, 27 қараша 2011 жыл.
кезінде парламентте қызу тартыс болады.

– Үкімет мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында мәлімдеген жайттар қазірдің өзінде көп сауал тудырды, – дейді Азат Перуашев.

Оның айтуынша, соңғы кезде «заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен салық қызметкерлері ұсталды» деген хабарлар жиілеп кетті. Ал «салықшылардың» жұмысындағы кемшілік қарапайым салық төлеушілерге тиері белгілі.

Депутаттар каникулға дейін бірінші оқылымда мақұлдаған «Азаматтық қорғаныс туралы» және «Жол қозғалысы туралы» заң жобаларын да талқылауы тиіс.

«Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру шарттарын белгілеу жөніндегі нормаларды бекітеді. «Жол қозғалысы туралы» заң жобасына сәйкес, Қазақстанда жаңа үлгідегі алты және жеті категориялы жүргізуші куәлігі енгізілмек

Жаңа сессия қарсаңында парламенттің жоғарғы палатасы – сенат әдетте Қазақстан президенті тағайындайтын жаңа мүшелермен толықты. Сенатқа Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков және Нұрлан Оразалин өтті.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG