Accessibility links

Туберкулезге шалдыққан балалар мектебі жабылмақ


Туберкулезбен ауыратын балаларға арналған санаторий түріндегі мектеп-интернат. Павлодар облысы. 10 маусым 2016 жыл.
Туберкулезбен ауыратын балаларға арналған санаторий түріндегі мектеп-интернат. Павлодар облысы. 10 маусым 2016 жыл.

Павлодар облысындағы санаторий түріндегі мектеп-интернат жуырда жабылуы тиіс. Мұнда туберкулезбен ауырып, кейін айыққан және туберкулин сынамасы оң деп танылған балалар денсаулығын нығайтады.

Мектеп-интернат мұғалімдерінің айтуынша, 31 мамырда Павлодардан облыстық білім басқармасы қызметкерлері келіп «мектеп жабылатын болды» деп хабарлаған. Олар бұл шешімнің себебін жасөспірімдер арасында дертке шалдыққандар азайғандықтан, арнайы оқу мекемесін ұстау тиімсіз деп түсіндірген. Оның орнына психоневрологиялық диспансер ашу жоспарланған.

Туберкулезді емдейтін мектеп жабылмақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:40 0:00
Жүктеп алу

Мұндағы науқас балаларды Павлодардағы салалық мектепке орналастырмақ. Бірақ ата-аналар мен мұғалімдердің көбі қалада зиянды өндіріс орындары өте көп, сондықтан тубвираж (туберкулин сынамасы оң деп танылған – Азаттық) және туберкулезге шалдыққан жандармен араласқан балаларды Шалдай орманы ішіндегі реликт аймақта емдеген дұрыс деп санайды. Кей мұғалімдер «қаладан 150 километр алыс болғанымен, бұл жердің ауасының өзі шипа» дейді.

"Шалдай мектеп-интернаты". Павлодар облысы, 10 маусым 2016 жыл.
"Шалдай мектеп-интернаты". Павлодар облысы, 10 маусым 2016 жыл.

Оқу орнын 10 жыл бұрын ашқан кезде оның орманның ортасында болатыны негізгі артықшылық ретінде аталған. Оны орманның құрметіне "Шалдай мектеп-интернаты" деп атап кеткен. Қазір мұнда небәрі 18 бала бар. Олар емтихан тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындалып жүр. Қалған балаларды жаз мезгіліне туыстарына жіберген.

Оқу мекемесі ұжымындағы 142 адамның 63-і мұғалім. Олардың көбі мектепті жабу жайлы шешімге наразы. Математика және информатика пәндерінен сабақ беретін 27 жастағы мұғалім Қымбат Таңатарова тіпті қиын жағдайда қалмақ. Ол Шалдай мектебіне сегіз жыл бұрын Павлодардағы педагогикалық институтын бітіріп, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы келген. Мұнда келіп, көтерме ақы мен ведомстволық баспана алған. Осы мектепте күйеуі Тагир де жұмыс істейді. Үш баласы бар ерлі-зайыптылар енді жұмыстан ғана емес, қызметтік баспанадан да айырылады. Олар шілденің 1-іне дейін үйді босатуы тиіс.

- Павлодар облысы білім басқармасы басшыларынан «үш баламен енді қайда барамын?» деп сұрадым. Жұмыссыз, баспанасыз, ақшасыз қайда бармақпын? Олар «бұл өзіңнің жеке проблемаң» деді. Енді не істерімді білмеймін. Өзім де, балаларым да үй-күйсіз жанға айналып, далада қалатын болдық, - дейді Қымбат Таңатарова.

Шалдай мектебінде жұмыс істейтін Таңатаровтар отбасы. Павлодар облысы, 10 маусым 2016 жыл.
Шалдай мектебінде жұмыс істейтін Таңатаровтар отбасы. Павлодар облысы, 10 маусым 2016 жыл.

Шалдай мектебіне жұмыс істеу үшін ауылға келген жас мамандар сәуірде алған 150 мың теңге көтерме ақыны қайтаруы тиіс. Олар «бұл ақшаны қайдан алатынымызды білмейміз» дейді.

Павлодар облысы білім басқармасы бастығының орынбасары Саян Мұқановтың айтуынша, облыста туберкулезге қатысты эпидемиологиялық ахуал біраз жақсарған, сондықтан кейінгі жылдары Шалдай мектебіне жіберілетін бала саны азайып кеткен. Денсаулық сақтау министрлігінің бірер жыл бұрынғы бұйрығына сілтеме жасаған басқарма өкілдері «енді мұндай балаларды оқшаулаудың қажеті жоқ» дейді.

- Шешім қабылданып қойды деуге болады. Жою жайлы шешім заңды күшіне енген бойда мектептің ұжымын жұмысқа орналастыруға көмектесудің шараларын қарастырамыз. Шарбақты ауданынан бүкіл мұғалімге орын табылмайды, әрине. Сондықтан оларға өзге варианттар, мысалы өзге аудандарға көшуді ұсынбақпыз, - дейді Саян Мұқанов.

Мұғалімдердің көбі «жұмыстан шығару туралы ресми ескерту қағазын әлі алған жоқпыз, сондықтан кейін жұмысқа орналастырамыз деген уәдеге сенбейміз» дейді.

- Бізді кабинетке бір-бірлеп шақырып, «жұмыссыз қалдырмаймыз» деп уәде етті. Біздің мектептің орнына психдиспансер болатынын, техникалық қызметкерлер осында қалып, жұмыс істей беретінін айтты. Бірақ мұнда енді өзге мекеме ашылып, өзге жұмыс беруші келеді емес пе, ал оларды жұмысқа алатынына кепілдік қайсы? Дәрігерлер, өзге мамандар мұнда келіп, жұмыс істеуге келісе ме, жоқ па - енді олардың негізгі проблемасы осы болады. Мұнда біреу-міреудің көшіп келіп, тұруы қиын проблемалардың бірі болады, - дейді мектеп-интернат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Мазина Гыкова.

XS
SM
MD
LG