Accessibility links

Петропавл қаласында респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға байланысты 9 білім беру мекемесінде карантин жарияланды. Бір айда СҚО бойынша 17 мың адамға тұмау тиіп, екі бала қайтыс болған.

Ақпанның 9-ында Петропавл қаласында жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға байланысты екі апта бұрын тоғыз білім беру мекемесінде жарияланған карантин аяқталады. Бірақ биылғы тұмау эпидемиясы әлі өршіп тұр. Кейбір мектептерде вирустық індет пен тұмау жұқтырғандардың саны 50 пайызға дейін жақындап қалған. Бір аптада ғана індетті жұқтырған екі мыңға жуық бала тіркелген. Дәрігерлер екі баланың қайтыс болғанын растады.

Наталья мен Екатерина Соболевалардың өздерін жайсыз сезінгендеріне бірнеше күн болған. Қызулары көтеріліп, құса бастаған соң аналары сабаққа жібермеген. Тұмаудың асқынып кетуінен қорыққан ата-ана қыздарын бірден дәрігерге қаратып, қажетті емдік шараларды бастапты.

- Кіші қызым шағын орталыққа (мектеп ішінен жас балалар үшін ашылған мини-центр – ред.) барып жүр, жасы бесте. Бейсенбі күні құса бастағанда ауруханаға алып кетті. Дене қызуы жоғары болды. Шағын орталықта өзім жұмыс істеймін, ол жерде 50-ге жуық үш топ балдырғандар оқиды. Жартысынан көбі ауырып жатыр. Бейсенбі күні кіші қызым ауыра бастаса, екі күннен соң үлкен қызым ауыра бастады. Жасы тоғызда, үшінші сыныпта оқиды. Дәл сондай белгілер байқалды, құсып, дене қызуы көтерілді. Дәрігер тексеріп, инфекция екенін айтты, - дейді Анна Соболева.

Қазір он шақты мектептің көптеген сыныптары бос тұр. Бұған қоса шағын орталықтар да 27 қаңтар – 9 ақпан аралығында карантинге жабылды. Орталықтардағы жас балалардың жартысы ауырып қалған. Мектептерде бетперде киіп отырған ұстаздар мен дезинфекциялаушы қызметкерлер ғана жүр. Петропавлдағы №12 орта мектеп директоры Айтқожа Баукеновтің сөзінше, ауырып қалған мұғалімдер де жетерлік.

- Бұйрық бойынша 30 пайыз оқушы дертке шалдыққан соң мектепті карантинге жаптық. 247 оқушының арасында 37 пайыз оқушы сабаққа келмеген соң, қалалық білім бөліміне хаттама жаздық, содан кейін білім бөлімінен бізге бұйрық келді, - деді мектеп директоры.

Жергілікті дәрігерлер күніне 60-тан 80-ге дейін бала қабылдап, жартысын ауруханаға жатқызып жатқандарын айтады. Пациенттердің көбі ел арасында «Гонконг тұмауы» аталып кеткен H3N2 вирусын жұқтырған.

Ауырып жатқандар саны күн санап артып келеді. Күнделікті 57-58 адам келіп көмекке жүгінеді. Ал демалыс күндері бұл сан 70-ке дейін өседі. Біздегі жұқпалы аурулар бөлімінде 110 адам жатыр. Тұтас отбасы болып ауырып жатқандар да бар.

- Аруханаға түсушілердің арасында тексеру кезінде аурулардың 80 пайызы H3N2 вирусын жұқтырып алғаны белгілі болды. [Сырқаттардың бойындағы] барлық белгілер шынымен осы дертке шалдыққандарын білдіреді. Ауырып жатқандар саны күн санап артып келеді. Күнделікті 57-58 адам келіп көмекке жүгінеді. Ал демалыс күндері бұл сан 70-ке дейін өседі. Біздегі жұқпалы аурулар бөлімінде 110 адам жатыр. Тұтас отбасы болып ауырып жатқандар да бар. Біз бір айдан 14 жасқа дейінгі балаларды ғана ауруханаға жатқызамыз. Ересек адамдар да, балалар да ауырып жатыр. Қазіргі кезде ең бастысы балаларды қоғамдық мекемелерден оқшаулау. Сол себепті мектептер карантинге жабылды, - деді № 3 қалалық аурухананың балалар жұқпалы аурулары бөлімінің меңгерушісі Елена Коптяева.

Тұмаудың өршуіне байланысты қалалық білім бөлімі күнбе-күн мониторинг жасап, жағдайды бақылап отырған. Бір айда облыс бойынша 134 адам H3N2 вирусын жұқтырып, 17 мыңнан астам адамға тұмау тиген. Ал Қазақстан бойынша 350 мың адамның вирустық инфекция жұқтырғаны анықталған.

AzattyqTV

Митингінің алдын алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG