Accessibility links

«Гранитный ісінің» куәлары қысым көріп отыр» дейді адвокат


Бүлік жасаған тұтқындар талаптарын ақ жаймаға жазып, осы баракқа іліп қойған. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.
Бүлік жасаған тұтқындар талаптарын ақ жаймаға жазып, осы баракқа іліп қойған. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.

Көкшетау қаласында Гранитный түрмесіндегі былтырғы бүлікке қатысты сот отырыстары өтіп жатыр. Жаза мерзімі бітуге аз қалған тұтқындар айыпталушыларға қарсы куәлік берді.


Қыркүйектің 13-і күні болған кезекті сот процесінде түске дейін куә ретінде бес тұтқын тергелді. Айыпталушылардың бірінің адвокаты Нұрлан Есламғалиевтің айтуынша, тұтқындардың бәрі «бүлік ұйымдастырды» деп айыпталған 14 сотталушыға қарсы тергеу кезінде айтқан сөздерінен бас тартып жатыр.

«ЕРТЕҢ СОТ БОЛАДЫ...»

– Сотталушылардың берген куәліктері – бірдей. Тек фамилиялары ғана ауысып жатыр. Болды! Колония әкімшілігі қолданып отырған азаптау әдістеріне қатысты бірдей жауап беріп жатыр, – деді Нұрлан Есламғалиев қыркүйектің 13-і күні Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, процес басталғалы бері куә ретінде 130-дай тұтқын сұралған. Олардың тек екеуі ғана тергеу кезінде берген куәлігін мақұлдап, 14 сотталушыға қарсы жауап берген.

Адвокат Нұрлан Есламғалиевтің айтуынша, бұл екеуі де түрме әкімшілігі тарапынан қысым жасалғанын сездіріпті.

– Мысалы, бір адам «тергеу кезінде қандай куәлік берсем, куәлігім сол күйінше қалады» деді. Бірақ одан қайталап айтуын сұраған кезде: «Ертең менде [шартты түрде бостандыққа шығару мәселесі қарастырылатын] сот
ЕЦ-166/25 түрмесінің шаруашылық бөлігінде тұрған, ұрыс жаттығуына арналған қуыршақтар. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

болады, бәрі де түрме әкімшілігінің пікіріне байланысты шешіледі» деді. Осылайша «менде амал жоқ – әйтпесе бостандыққа шықпаймын, сондықтан әкімшілікті қолдауға мәжбүрмін» дегенді байқатып отыр, – дейді Нұрлан Есламғалиев.

Айыпталушылардың бірінің анасы Дәмелі Оразаеваның айтуынша, сейсенбілік сот процесінде куәлар құжатты оқымағандарын айтқан.

– Бүгін де бір адам әуелі (айыпталушыларға) қарсы сөз сөйлеп, кейін сұрақ қоя бастағанда «тергеу кезінде сол қағазды оқымай қол қоя салғанын» мойындады, – дейді Дәмелі Оразаева.

«СОТТАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІ КАМЕРАҒА ТҮСУДІ ҚАЛАМАДЫ»

Қорғаушы жақ бұған дейінгі сот процестерінде көптеген заң бұзу фактілері болғанын, мысалы, «куәларды сұрастыру кезінде түрме әкімшілігі өкілдерін қатыстырмағанын, психологиялық қысым жасалғанын» айтады.

Сот әу баста ашық деп жарияланғанына қарамастан бұған дейінгі сот процестеріне оппозициялық журналистер, бірқатар құқық қорғаушылар, жергілікті мәслихат депутаты кіргізілмеген еді.

Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Ирина Горнованың айтуынша, Қазақстан республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 21-бабына сәйкес, сот отырысына бейне жазба құралдарын алып кіру мәселесін мекеме әкімшілігі қарастырады.

– Сізге «ақпарат құралдарын кіргізбей жатыр» деп кім айтты? Бұл жерде мәселе – сотқа басқа адамдардың кіргізілмеуі жайлы. Сотқа тек камерасы бар журналистер кіргізілген жоқ. Себебі, біріншіден, аудио- видео құралдарын қолдану үшін Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жазбаша рұқсаты керек. Екіншіден, бұл – сотталушылардың өздерінің қалауы. Олар сот төрағасына арыз жазып, өздерін видеоға түсіріп, басқа жақта көрсеткенге қарсы болды. Ал «қағаз басылымдарға» келсек, олардың кіруіне ешкім қарсы болмады, – дейді Ирина Горнова.

Ал тұтқындардың туыстары түрмедегілер тарапынан сотқа ешкімнің арыз жазбағанын, керісінше «ақпарат құралдары қатысса екен» деп өтініш жасалғанын айтады.

14 ТҰТҚЫН

Өткен жылы тамыз айында Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный кентінде орналасқан ЕЦ-166/25 жалпы режимдегі түрмеде жүздеген тұтқын қарындарын тіліп, мекемеде бүлік шыққан еді. Бұл оқиғадан, ресми дерек бойынша, 2 тұтқын қаза тауып, 80-нен астам адам ауруханаға
Арнайы көлік ЕЦ-166/25 түрмесінен тұтқындарды әкетіп барады. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.

түскен. Осы оқиға бойынша өткен жылы қылмыстық іс қозғалып, 2011 жылы шілденің 26-сы күні Көкшетауда сот процесі басталған.

Бұл істегі айыпталушылар – ереуілге қатысқан 14 тұтқын. Оларға «тәртіпсіздік ұйымдастыру», «тәнге ауыр жарақат салу», т.б. баптар бойынша айыптар тағылған.

Осыған дейінгі сот процестеріне куә ретінде қатысқан тұтқындар мен «жәбірленушілер» бүлік жасауға ешкімнің мәжбүрлемегенін, ол іске колониядағы аса қатал режим түрткі болғанын айтқан.

Бұл сотта 200-ден астам куә бар. Олардың 130-ынан жауап алынған.

Келесі сот процесі қыркүйектің 14-і күні болады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG