Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Нұрлан мен Жансая


Айтыскер Нұрлан Есенқұлов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Айтыскер Нұрлан Есенқұлов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында екі күнге созылған республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан айтыс биыл Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Екі күнге созылған айтыстың үшінші айналымында сахнаға екінші жұп болып Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Нұрлан Есенқұлов пен оралдық Жансая Мусина шықты.

Сөз бастаған Нұрлан Есенқұлов Қазақстаннан сыртқа шығарылатын шикізаттарды тізбелеп шықты.

– Өзгеге «сүзбе беріп, құртын алған»,
Қазағым, кеңи ме екен керегеміз.
Тонна-тонна шетелге темір беріп,
Қолы ашық ел болып та көрінеміз.
Мына біздің темірден құрастырған,
Көлікті ап, қуанышқа кенелеміз.
Вагон-вагон мақтамыз Қытай асып,
Тоқыма өнерінен бөгелеміз.
Сол мақтадан тоқылған киімді алып,
Ерекше көңіл-күйге бөленеміз.
Төрт түліктің терісін сыртқа беріп,
Жалқаулықтың түйесін шөгереміз.
Шетелге сау баланы «сатамыз» да,
Орнына ауру сиыр әкелеміз.

Айтыс ақыны Жансая Мусина. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Айтыс ақыны Жансая Мусина. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Ақын Жансая Мусина бұған дейінгі айтысында сөз еткен, осы айтыста бас жүлдеге тігілген автокөліктен дәмелі екенін тағы қайталады:

– Ең кемі он көліктен мініп алды,
Қоймастан әлі күнге тақымдауда.
Осылар бар жақсыны мініп алад,
Түк қалмайды біз сықылды пақырларға.
Жюридің құлағына алтын сырға,
Ойымды жеткізейін ақыр залға.
Бір кезек оң көзбенен қараса екен,
Гаражы бос жатқан ақындарға.

please wait

No media source currently available

0:00 0:17:53 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG