Accessibility links

Теміртаулықтар қандай ауамен тыныстайтынын білгісі келеді


Общий вид проспекта, ведущего к комбинату АМТ в городе Темиртау.
Общий вид проспекта, ведущего к комбинату АМТ в городе Темиртау.

Теміртау қаласындағы түтін, шаң-тозаң мен жағымсыз иіс тұрғындардың көбін экологиялық жағдайды жақсартуды талап етуге мәжбүр еткен. Қала атмосферасын негізгі ластаушы «АрселорМиттал Теміртау» экологиялық жобаларды іске қосқанын жариялады.

ПЕТИЦИЯ

Теміртауда петицияға қол жинап жатыр. Петицияда кейінгі кезде қала тұрғындары экологиялық ахуалдың нашарлап кеткеніне алаңдаушылық білдіреді деп жазылған. Қарағанды облысындағы өнеркәсіптік қала тұрғындары ауаның ластығына наразы екендерін талай жылдардан бері алғаш рет белсенді түрде мәлімдеді. Биыл тыныс алу шынымен қиындап кетті, ауаны буалдыр тұман басып, улы иіс жайлап алған. 2016 жылғы ресми дерекке сәйкес, Теміртау ауасы көбінесе азот диоксидімен ластанған.

Тынысым тарылып тұншығудан, қап-қара болып кететін терезе алдын сүртуден әбден шаршадым. Кішкентай балам бар, сондықтан ауаның қандай екені мен үшін маңызды болып тұр. Петицияның мақсаты – тұрғындардың бәрін алаңдататын проблеманы қозғау, есеп алу.

- Тынысым тарылып тұншығудан, қап-қара болып кететін терезе алдын сүртуден әбден шаршадым. Кішкентай балам бар, сондықтан ауаның қандай екені мен үшін маңызды болып тұр. Петицияның мақсаты – тұрғындардың бәрін алаңдататын проблеманы қозғау, есеп алу. Немен тыныстап жатқанымызды және оған қандай амал жасауға болатынын білгім келеді, - дейді петицияға қол қойған қала тұрғындарының бірі Антонина Кочуева.

Қол қойғандар Теміртауда тұру қауіпсіз екеніне сенбейтіндерін айтады. Олар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинаты жақтан жағымсыз «химиялық» иіс пен түтін тарайды, автокөлік, үйлердің терезелерінің іші-сыртын күн сайын майлы қара тозаң тұтып қалады деп шағынады. Олар «ауаның ластығы соншалық, қыста тіпті қардың өзі қап-қара болып кетеді» дейді.

Петиция қалалық прокуратура мен жергілікті әкімге арналған. Онда жергілікті биліктен жағымсыз химиялық иістің, түтін мен қарақошқыл шаң-тозаңның себептерін анықтау үшін тәуелсіз тексеру жүргізуді талап етеді. Петицияға қол қойғандар қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында тұрған тазарту құрал-жабдықтарының жай-күйін; экологиялық және табиғатты қорғау заң талаптарын орындау барысын жаппай тәуелсіз түрде тексеруді тексеруді; тексеруге табиғатты қорғаумен айналысатын ҮЕҰ өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды тартуды талап етеді. Тексеру нәтижелерін БАҚ арқылы жариялауды сұрайды.

Бұған қоса, петицияда эколог мамандар, табиғатты қорғаумен айналысатын ҮЕҰ-лар және қоғам өкілдерімен бірлесіп экологиялық ахуалды жақсарту шараларының жоспарын құруды, ол шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді және өнеркәсіп орындары қанша түтін бөлетіні мен ауаның нақты ахуалына қатысты ақпаратты халыққа үнемі хабарлап тұруды сұрайды. Бұған қоса, ауаны ластаушы кәсіпорындар төлейтін айыппұлдар есебінен Теміртауда табиғатты қорғау бекеттерін салып, мониторинг жүргізуге қоғам өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуді сұрайды.

АМТ ЖОБАЛАРЫ

«АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компанияның жұмысы қаладағы экологиялық ахуалға «үлкен әсер етіп отырғанын» жоққа шығармайды.

«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатының орталық қақпалары. 2009 жыл.
«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатының орталық қақпалары. 2009 жыл.

«Металлургиялық өндіріс болғандықтан, зиянды заттар бөлінеді, ауа температурасы қызады, химиялық процесстер болады, мұның бәрі қоршаған ортаға сөзсіз әсер ететіні рас. Бірақ біз жыл сайын энергетика министрлігі мақұлдаған экологиялық іс-шараларды жоспарлап, орындаймыз. Ондай шараларды орындау барысы үнемі бақыланады. Сондықтан біздің мақсатымыз – қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайту» деп хабарлайды Азаттыққа.

Бірақ компания Қазақстанда жұмыс істегеннен бері ауаны ластайтын заттарды бөлу 30 пайызға, шаң-тозаң 70 пайызға азайып, ал экологиялық жобаларға жұмсалатын шығындар 59 миллиард теңгеден асты деп мәлімдейді. Компанияның мәлімдеуінше, кейінгі жылдардың өзінде ғана экологиялық мақсатта бірталай ірі жобалар іске асқан.

Бұл жолы АМТ компаниясы қоршаған ортаны қорғау үшін 2017-2019 жылдары құны 18,5 миллиард теңге болатын 23 экологиялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын жариялаған. Компания олардың кейбірін іске асыруға қазірдің өзінде кірісіп кеткен. Жоспарланған жобалар жайлы ақпарат теміртаулықтар қала мен оның тұрғындарын улап жатқан өнеркәсіп қалдықтарына қатысты шағымдана бастаған тұста пайда болды.

Компания өкілдерінің айтуынша, жоспарларған жобалардың екеуі -стратегиялық мақсатты көздейді әрі кәсіпорын үшін де, Теміртау қаласы үшін де ерекше мәні бар жобалар. Компания «күкірт сутегін бөлуді 30 пайызға азайту есебінен кәсіпорынның санитарлық қорғау аймағы шекарасында ауа сапасы жақсаруы тиіс» деп болжайды.

Бөгеттің айналасын нығайту мен күл мен шлам төгетін орынды бес метрге ұлғайту есебінен үйінді аумағына жаңа жерлерді қосу қажет болмайды. Бөгетті нығайту үшін қазір домна пешінен шыққан шлак үйіндісінде жатқан әрі домна өндірісі қалдықтары саналатын төрт миллион тонна шлакты пайдалану қарастырылған. Бір жағынан бұл - кәсіпорын айналасындағы территорияға шлам, күл мен шлак қалдықтарынын жайылуына жол бермеу үшін ойластырылған әлеуметтік жоба.

ЭКОЛОГ КОММЕНТАРИІ

Эколог әрі «Қарағанды облыстық экология мұражайы» қоғамдық ұйымының экологиялық жобалар менеджері Ирина Колчина әлдебір өзгерістерге жету тұрғындардың өз қолында дейді.

Бұл арада кәсіпорынға салынатын айыппұлдан еш нәтиже шықпаса, талаптарды қайта қарап, ондай кәсіпорындардың жұмысын зиянды қалдықтарды бөлуді азайтатын әлдебір жұмыстар жүргізгенге дейін тоқтатып қоятын шаралар қарастыру керек шығар?

- Зиянды қалдықтардың бөлуді азайтатын «сиқырлы дәрі» жоқ. Бұл көп жылға созылатын жұмыс. Бұл – өте қиын мәселе, сондықтан оны заң деңгейінде шешу керек. Жағдай неліктен мұншалықты мүшкіл? Өйткені әдетте бөлінген зиянды қалдықтар шекті нормадан асып кетеді. Заңдар да сәл дұрыс емес. Бұл арада кәсіпорынға салынатын айыппұлдан еш нәтиже шықпаса, талаптарды қайта қарап, ондай кәсіпорындардың жұмысын зиянды қалдықтарды бөлуді азайтатын әлдебір жұмыстар жүргізгенге дейін тоқтатып қоятын шаралар қарастыру керек шығар? – дейді эколог Ирина Колчина Азаттыққа.

Ол Теміртау тұрғындарына кәсіпорындар жоқ қала сыртына көбірек шығуға, көбірек жеміс-көкөніс жеп, дәрумендер ішуге кеңес береді. Бұған қоса, экологтар шағымдарды дәлелдер келтіріп сауатты жазуға кеңес береді. Бірақ Теміртау тұрғындарының көбі халықтың қолында металлургиялық комбинаттан күнделікті қанша зиянды заттар бөлініп жатқаны жайлы ақпарат жоқ деп мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG