Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген «Кирилл қарпінен бас тартпау» мәселесін тікелей эфирде философ Әбдірашит Бәкірұлы мен қоғамдық белсенді Геройхан Қыстаубай талқылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл сәуірде "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген болатын. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы жылдың соңына дейін латын әліпбиінің нұсқасын дайындау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтқан.

Ал өткен аптада «Хабар» агенттігіне сұхбат берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Латынға өту – орыс тілінен, кирилл қарпінен бас тартуды білдірмейді. Латиница ең алдымен, қазақ тіліне қатысты. Орыс тілінде шығып жатқан барлық баспасөз [шыға береді], Қазақстанның орыстілді азаматтарына кириллица сақталады» деді.

Қазақстанда латын мен кирилл қарпінің қатар қолданылуы, оның салдары мен болашағы, өзге елдер тәжірибесі жайында философ Әбдірашит Бәкірұлы мен қоғамдық белсенді Геройхан Қыстаубай талқылады.

XS
SM
MD
LG