Accessibility links

Жаңаөзен құрбандарын мешітте еске алуға рұқсат етпеді

Жаңаөзен оқиғасының куәгері Александр Боженконың зиратының басында құран оқып отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау обылсы, 9 желтоқсан 2017 жыл.

Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында осыдан алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуіліне полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады. Жүзден астам адам жиналған еске алу шарасына биыл билік өкілдері қатыспады.

Биылғы еске алу шарасы жылдағыдай Жаңаөзеннен 12 шақырым жердегі Теңге әулиенің басында өтті. Желтоқсанның 9-ы күні аза тұту шарасына жиналғандар арасында 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзендегі қанды оқиға салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары, ереуілге қатысқан мұнайшылар, Жаңаөзен оқиғасы кезінде зардап шеккендер мен қырғын куәгерлері болды. Құрбандарды ел болып еске алған шараға Жаңаөзен қаласы әкімі мен «ӨзенМұнайГаз» компаниясы басшылығынан ешкім қатыспады.

Қаралы асқа жиналған жұрт марқұмдарға құран бағыштап, арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Кейбірі алты жыл бұрын үкімет күштерінің қолынан қапияда қазаға ұшыраған туыстарын еске алып, көздеріне жас алды.

Теңге ауылындағы еске алу шарасынан фотогалерея (9 желтоқсан):

Теңгеде Жаңаөзен құрбандарын еске алды

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға арналған шара биыл да Теңге ауылында өтті. Алты жыл бұрын болған оқиға құрбандары осы жердегі зиратқа жерленген.
1/14 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға арналған шара биыл да Теңге ауылында өтті. Алты жыл бұрын болған оқиға құрбандары осы жердегі зиратқа жерленген.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына ас әзірлеп жатқан адамдар.
2/14 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына ас әзірлеп жатқан адамдар.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген асқа келген адамдар амандасып тұр.
3/14 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген асқа келген адамдар амандасып тұр.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасында аяғынан оқ тиіп, мүгедек боп қалған Дүйсен Нұровтың жұбайы Шолпан Өтекеева Жаңаөзен құрбандарына берілетін астың мәзірін дайындап жатыр. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл
4/14 Жаңаөзен оқиғасында аяғынан оқ тиіп, мүгедек боп қалған Дүйсен Нұровтың жұбайы Шолпан Өтекеева Жаңаөзен құрбандарына берілетін астың мәзірін дайындап жатыр. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген асқа келген адамдардың қолына су құйып тұрған бала.
5/14 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген асқа келген адамдардың қолына су құйып тұрған бала.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасынан соң алты жылға сотталып, кейін шартты жазамен бостандыққа шыққан Мақсат Досмағамбетов (оң жақта) асқа қатысуға келді.
6/14 Жаңаөзен оқиғасынан соң алты жылға сотталып, кейін шартты жазамен бостандыққа шыққан Мақсат Досмағамбетов (оң жақта) асқа қатысуға келді.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Дастарханға ас қойып жатқан әйел.
7/14 Дастарханға ас қойып жатқан әйел.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасынан соң жеті жылға сотталып, кейін шартты жазамен бостандыққа шыққан мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева Жаңаөзен құрбандарына берілген асқа қатысып отыр.
8/14 Жаңаөзен оқиғасынан соң жеті жылға сотталып, кейін шартты жазамен бостандыққа шыққан мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева Жаңаөзен құрбандарына берілген асқа қатысып отыр.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Байырғы мұнайшы, Жаңаөзен құрбандарына ас беруді ұйымдастырушылардың бірі Аманияз Мұрынбаев:<br />
<br />
- Әрине, біздің басымыз қосылатын бұл қаралы күнде билік алаңдай бастайды. Бірақ қаза болған боздақтарды еске алуды тоқтатпаймыз, - дейді.
9/14 Байырғы мұнайшы, Жаңаөзен құрбандарына ас беруді ұйымдастырушылардың бірі Аманияз Мұрынбаев:

- Әрине, біздің басымыз қосылатын бұл қаралы күнде билік алаңдай бастайды. Бірақ қаза болған боздақтарды еске алуды тоқтатпаймыз, - дейді.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
2011 жылғы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына құран бағыштау.
10/14 2011 жылғы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына құран бағыштау.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасының куәгері, кейін жұмбақ жағдайда қаза болған Александр Боженконың зиратының басында құран оқып отырған адамдар.
11/14 Жаңаөзен оқиғасының куәгері, кейін жұмбақ жағдайда қаза болған Александр Боженконың зиратының басында құран оқып отырған адамдар.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Теңге ауылының имамы Наурызбек Қалдыбаев (сол жақта) пен Жаңаөзендегі Әбіш қожа мешітінің бас имамы Құрманбек Әбдалиев Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген аста отыр. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл.
12/14 Теңге ауылының имамы Наурызбек Қалдыбаев (сол жақта) пен Жаңаөзендегі Әбіш қожа мешітінің бас имамы Құрманбек Әбдалиев Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген аста отыр. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Теңге ауылында Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп біткенше сол маңда арнайы бақылау қондырғылары орнатылған полиция көлігі тұрды.
13/14 Теңге ауылында Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп біткенше сол маңда арнайы бақылау қондырғылары орнатылған полиция көлігі тұрды.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына ас берілген жерде тұрған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоқсан 2017 жыл.
14/14 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына ас берілген жерде тұрған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоқсан 2017 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.
Previous slide
Next slide

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын аза тұтуды ұйымдастырушылардың бірі Нұрлыбек Нұрғалиевтің Азаттыққа айтуынша, биылғы еске алу шарасы аталған басқармада жұмыс істейтін мұнайшылар қаражатына өткізіліп отыр. Оның сөзінше, ұйымдастырушылар көпшілік жұрттың қатысуына ыңғайлы болуы үшін еске алу шарасын Жаңаөзен қаласының орталығында жаңадан салынған Әбіш қожа мешітінде өткізуге рұқсат сұрап жергілікті әкімдік пен мешіт басшылығына өтініш жасаған. Қала әкімдігі мешітке ықпал ете алмайтынын айтып жауап берген.

- Әбіш қожа мешітінің асханасында Жаңаөзен құрбандарына ас бергіміз келетінін айтқан өтінішімізге бас имам «мешітке өткізуге болмайды» деді. Оның қандай жолы бар деп сұрағанымызда бас мүфтиге [Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – ред.] хат жазып, рұқсат алыңдар деді. Хат жазып отыруға уақытымыз болмады, - дейді Нұрлыбек Нұрғалиев.

Байырғы мұнайшы Аманияз Мұрынбаев. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл.

Жаңаөзен құрбандарын еске алуға атсалысып жүрген ардагер мұнайшы, зейнеткер Аманияз Мұрынбаев Жаңаөзен құрбандарына құран бағыштап, ас беру - дәстүр болып қала беретінін айтады.

- Әрине, біздің басымыз қосылатын бұл қаралы күнде билік алаңдай бастайды. Бірақ қаза болған боздақтарды еске алуды тоқтатпаймыз, - деді ол.

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген аста отырған Теңге ауылының имамы Наурызбек Қалдыбаев (сол жақта) пен Жаңаөзендегі Әбіш қожа мешітінің бас имамы Құрманбек Әбдалиев. Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл.

Қаралы асқа Теңге ауылының имамы Наурызбек Қалдыбаев пен Жаңаөзендегі Әбіш қожа мешітінің бас имамы Құрманбек Әбдалиев те қатысты. Азаттық тілшісі Әбіш қожа мешітінің бас имамынан еске алу шарасын мешітте өткізу туралы тұрғындар өтініші жайлы сұраған еді.

- Бұл жерде саясатты араластырудың қажеті жоқ. Шариғатта өлгенде ненің артынан ілесіп баратыны туралы айтылған. Мешіттің асханасы жабық, - деп қысқа жауап берді имам.

Ас беріліп болған соң жұрт Теңге ауылы маңындағы Жаңаөзен оқиғасы құрбандары жерленген зиратқа барып, құран оқыды. Жаңаөзен оқиғасы куәгерлерінің бірі болған Александр Боженко да осы зиратта жерленген. 20 жастағы Александр Боженко 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған мұнайшылардың ісі қаралған сот процесі кезінде тергеушілердің көрсеткен қысымына шыдамай, мұнайшыларға қарсы жалған куәлік беруге мәжбүр болғанын мәлімдеп, сот залында олардан кешірім сұраған еді. Осыдан кейін көп ұзамай жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болған.

Оқи отырыңыз: Александр Боженконың жұмбақ қазасы

2011 жылы желтоқсанның 16-ы күні Жаңаөзен қаласында еңбекақы мен әлеуметтік жеңілдіктер туралы талап қойған мұнайшылардың наразылық шеруіне полиция қару қолданған.

Жаңаөзенде болған оқиғаны түсірген әуесқой видеосы:

Ресми дерек бойынша, Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесінде жаңаөзендіктерді қолдаған тұрғындар темір жолдағы пойыздарды бөгемек болған Шетпе ауылындағы толқу кезінде тағы бір адам оққа ұшқан.

Жаңаөзен оқиғасының құрбандары туралы фотогалерея:

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының бейнесі

Байбек Құбайдуллаев 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында мерт болды.
1/13 Байбек Құбайдуллаев 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында мерт болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Жанар Әбдікәрімова 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция оғынан қаза болды.
2/13 Жанар Әбдікәрімова 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция оғынан қаза болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Атаберген Дүйсекенов 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
3/13 Атаберген Дүйсекенов 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Жаңаберген Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қазаға ұшырады.
4/13 Жаңаберген Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қазаға ұшырады.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Рахат Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
5/13 Рахат Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Оразай Мәмбетназаров 16 желтоқсанда ауыр жараланып, 25 желтоқсанда Жаңаөзен ауруханасында бақилық болды.
6/13 Оразай Мәмбетназаров 16 желтоқсанда ауыр жараланып, 25 желтоқсанда Жаңаөзен ауруханасында бақилық болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Нұрлан Мұналбаев 16 желтоқсанда Жаңаөзенде оқ тиіп қаза болды.
7/13 Нұрлан Мұналбаев 16 желтоқсанда Жаңаөзенде оқ тиіп қаза болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Төребек Төлегенов&nbsp;17 желтоқсан күні Шетпедегі наразылық кезінде полиция оғынан қаза тапты.
8/13 Төребек Төлегенов 17 желтоқсан күні Шетпедегі наразылық кезінде полиция оғынан қаза тапты.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Аманбек Тұрғанбаев 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза болған.
9/13 Аманбек Тұрғанбаев 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза болған.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Радик Юсупов 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда полиция оғынан мерт болған.
10/13 Радик Юсупов 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда полиция оғынан мерт болған.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Базарбай Кенжебаев полиция бөліміндегі азаптаудан соң ауруханада қайтыс болды.
11/13 Базарбай Кенжебаев полиция бөліміндегі азаптаудан соң ауруханада қайтыс болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қанға бөккен жейдесі.
12/13 Азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қанға бөккен жейдесі.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Жаңаөзендегі жергілікті газеттің 2012 жылғы 21 қаңтар күні шыққан санында полицияның қару қолданғанына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарландыру мен жапа шеккен азаматтардың суреттері жарияланды.
13/13 Жаңаөзендегі жергілікті газеттің 2012 жылғы 21 қаңтар күні шыққан санында полицияның қару қолданғанына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарландыру мен жапа шеккен азаматтардың суреттері жарияланды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Previous slide
Next slide

Халықаралық демократиялық қауымдастық Қазақстан үкіметінің қарусыз халыққа оқ атқан іс-әрекетін айыптап, қантөгістің мән-жайын анықтау үшін толық және әділетті тергеу жүргізуге шақырған.

2012 жылы "Жаңаөзен ісі" бойынша "өкілетін асыра пайдаланды" деген айыппен жергілікті абақты басшысы мен бірнеше полиция қызметкері, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен қаласы әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері сотталды. "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру", "ұрлау" және "тонау" баптары бойынша айыпталған 37 мұнайшының үшеуі толық ақталып, бесеуі рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушыға шартты жаза кесілді.

Үштен жеті жылға дейін түрме жазасы кесілген 13 адам өздеріне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Сонымен бірге Жаңаөзен оқиғасына байланысты оппозициялық саясаткер "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен жеті жарым жылға сотталды.

Жаңаөзен ісі бойынша өткен сот процесінде бірнеше адам "тергеу абақтысындағы азаптау" туралы мәлімдегенімен прокурорлар "дәлел таба алмай", қылмыстық іс қозғалмаған.

Жаңаөзен қырғынына байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша сотталғандардың барлығы кейін бостандыққа шықты.

Кейбір қоғамдық белсенділер мен Жаңаөзен оқиғасының куәгерлері бейбіт халыққа оқ атуға бұйрық бергендер жауапқа тартылмады деп санайды.

2011 жылғы желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасы туралы Азаттық материалдарын арнайы парағымыздан оқи аласыз.

Айдар
XS
SM
MD
LG