Киевтің Тәуелсіздік алаңында 29 қыркүйек күні Қырым татарларының ұлттық құрылтайы - Межлисті қолдау акциясы өтті. Шараға ондаған адам қатысты, жиналған жұрттың арасында құқық қорғаушылар, Межлис мүшелері, Украина депутаттары, қоғамдық белсенділер болды. Осы күні Мәскеуде, Ресей жоғарғы сотында Қырым сотының Межлис қызметіне тыйым салған шешімі қаралып, ол үкім заңды деп танылды. Ресей Қырым түбегін Украинадан 2014 жылдың наурызында аннексиялап алған еді. Азаттықтың Украин қызметінің галереясы.
ПІКІРЛЕР